Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 135 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 30 бірлескен бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 18 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес су ресурстарын алуды және (немесе) пайдалануды, сондай-ақ су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес су объектілерінде немесе су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс, түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын, пайдалы қазбаларды және басқа да ресурстарды өндіру, кабелдерді, құбыр өткізгіштерді және басқа да коммуникацияларды төсеу, орман кесу, бұрғылау және өзге де жұмыстарды жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы тексеру парағы бекітілсін.