2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 44/495-VI шешімі
Осы редакция 2021 жылғы 3 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы «2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 524 918 523,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 40 959 325,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 3 252 314,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 480 706 884,0 мың теңге;
2) шығындар - 526 842 459,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - -13 889 643,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 4 989 466,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 18 879 109,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 480 000,0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 480 000,0 мың теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 11 485 707,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - - 11 485 707,0 мың теңге:
қарыздар түсімі - 4 027 726,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 15 513 433,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0,0 мың теңге.
2. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте облыстық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне берілетін субвенциялар көлемi 77 460 248,0 мың теңге, соның ішінде:
| Абай ауданын | 3 406 428 мың теңге; |
| Алтай ауданына | 3 593 411 мың теңге; |
| Аягөз ауданына | 2 287 101 мың теңге; |