«Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 24 қазандағы № 562 бұйрығы (күші жойылды)

«Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 24 қазандағы № 562 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 246 бұйрығымен күшi жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10762 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа «Мемлекеттік органдарды кеңсе жиһазымен қамтамасыз етудің заттай нормалары*» деген 3-қосымшада:

ескертпе ** мынадай редакцияда жазылсын:

«** заттай нормалар, сондай-ақ:

Жоғары Сот алқасының төрағасына, Жоғарғы Соттың судьяларына, Конституциялық Кеңестің, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелеріне, Орталық сайлау комиссиясының хатшысы мен мүшелеріне, Жоғары Сот Кеңесінің мүшелеріне (лауазымы бойынша Кеңес мүшелерін қоспағанда), Конституциялық кеңес аппаратының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Жоғарғы Соттың, Жоғары Сот Кеңесінің, Бас прокуратураның, Президенттің Іс басқармасының басшыларына қолданылады;»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.