«Ұлттық электрондық денсаулық паспорты мен электрондық ақпараттық ресурстарға ұсынылатын деректердің көлемі мен жиілігін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 906 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 23 тамыздағы № 508 бұйрығы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 60-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы бұйрығымен бекітілген 2020 жылғы 16 қарашадағы Мемлекет Басшысының медициналық статистика мәселесі бойынша тапсырмасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 5- тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық электрондық денсаулық паспорты мен электрондық ақпараттық ресурстарға ұсынылатын деректердің көлемі мен жиілігін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 906 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-жолмен толықтырылсын: