(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ, АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ҚҰҚ...

Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы, еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу және есептен шығару қағидалары мен жағдайларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 197 бұйрығы

 

Осы редакция 2025 жылғы 29 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 16-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу және есептен шығару қағидалары бекітілсін.

2. Күші жойылды деп танылсын:

1) «Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы, еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу және есептен шығару қағидалары мен жағдайларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 320 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 15865 болып тіркелді).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.