Атырау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 497-VІ «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 73-VII шешімі
Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Атырау облыстық мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 497-VІ шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4838 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет тиiсiнше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның iшiнде 2021 жылға келесідей көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кірістер - 469 783 475 мың теңге, оның ішінде
салықтық түсімдер - 142 220 069 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 5 170 521 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 13 000 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 322 379 885 мың теңге;
2) шығындар - 472 917 116 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - 10 908 758 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік несиелер - 21 479 763 мың теңге;
бюджеттік несиелерді өтеу - 10 571 005 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 10 427 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 21 000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 10 573 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -14 052 826 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 14 052 826 мың теңге:
қарыздар түсімі - 14 142 238 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 11 660 024 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 11 570 612 мың теңге.»;
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Атырау қаласы мен аудандар бюджеттеріне жалпы мемлекеттік салықтар түсімінің жалпы сома нормативі 2021 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:
корпоративтік табыс салығы бойынша:
төлем көзінен ұсталмайтын жеке табыс салығы бойынша:
Құрманғазы, Индер, Исатай, Қызылқоға, Мақат, Махамбет, Жылыой аудандары мен меншікті облыстық бюджетке - 100%;
Атырау қаласына - 50%;
төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша: