Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-02/163 бұйрығына
4-қосымша
Осы редакция 2025 жылғы 1 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргізу
қағидалары
(2020.29.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020.29.04. № 101 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттiк орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргiзу қағидалары (бұдан әрi - Қағида) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің (бұдан әрі - Орман кодексі) 13-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттiк орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргiзу тәртiбiн регламенттейдi.
2. Мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыру осы Қағидаларға және «Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 17-02/566 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8181 нөмірмен тіркелген) (бұдан әрі - Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығы) сәйкес бірыңғай жүйе бойынша орындалады.
3. Орман ресурстарын есебін жүргізумен, орман қорын аумақтық орналастырумен, оның ішінде мемлекеттік орман қорының шекараларын белгілеумен, ормандарды мемлекеттік мониторингілеумен, орман шаруашылығын жүргізуді жоспарлаумен және орман пайдаланумен байланысты орман орналастыру мемлекеттік монополияға жатады және оны мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүзеге асырады.
4. Орман орналастыру жобаларында орман шаруашылығын жүргізудің және өткен ревизиялық кезеңде мемлекеттік орман қорын пайдаланудың кешенді бағасын, алдағы ревизиялық кезеңде жоспарланып отырған орман шаруашылығы іс-шаралары мен орман шаруашылығын ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі ережелерін қамтиды.
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020.29.04. № 101 бұйрығымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: