«Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 909 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 10 қыркүйектегі № 267 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 909 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12601 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 36) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидаларына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 36) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс берушінің қызметін декларациялау тәртібін айқындайды.»;
2-тармақ алып тасталсын;
6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) өрескел бұзушылықтар - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12656 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау талаптарының бұзушылық дәрежесіне сәйкес, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау дәрежесін бағалау өлшемшарттарының 1-қосымшасында көзделген еңбек заңнамасын бұзушылықтар;