«Кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер, толықтырулар енгізу және оны бұзу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын, кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімнің үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 291 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 30 мамырдағы № 192 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 13 қазандағы № 430, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 7 қазандағы № 376-н/қ және Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының 2025 жылғы 6 қазандағы № 56 - Н/Қ бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер, толықтырулар енгізу және оны бұзу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын, кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімнің үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 291 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 30 мамырдағы № 192 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28303 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер, толықтырулар енгізу және оны бұзу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Уәкілетті орган «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп елішілік құндылықтың қол жеткізілген көрсеткіштерінің орындалуын растайтын құжаттармен:
1) тауарды, жұмысты немесе көрсетілетін қызметті сатып алуды растайтын актімен, жүкқұжатымен, шот-фактурамен;
2) қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің көшірмесімен/«СТ KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатпен;