ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021.17.09. № 43 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.21.01. № 4 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 35-қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 38 қаулысына
35-қосымша
COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болған адамдар үшін оқшаулау тәртібі
І. COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болған адамдарды оқшаулау тәртібі
1. COVID-19-бен ауыратын пациентпен жақын байланыста болған адамдарда CОVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болады.
COVID-19 расталған жағдайының жақын байланысы:
– COVID-19-бен ауыратын науқаспен бір тұрғын үйде бірге тұратын адам;
– COVID-19-бен ауыратын науқаспен немесе COVID-19 жағдайының инфекциялық бөлінділерімен қорғалмаған тікелей байланыста болған адам (мысалы, жөтелу, қол алысу кезінде және т.б.);
– ЖҚҚ (қорғаныш маскасын) пайдаланбай жабық үй-жайда (мысалы, сыныпта, кеңеске арналған бөлмеде, ауруханадағы күту бөлмесінде және т. б.) COVID-19 жағдайымен бірге 15 минут немесе одан көп уақыт ішінде 1,5 метрден кем қашықтықта болған адам;
– COVID-19 жағдайына тікелей күтімді қамтамасыз ететін медицина қызметкері немесе басқа да адам немесе ұсынылған ЖҚҚ-сыз не ЖҚҚ-ны қолдануды бұзу мүмкіндігімен COVID-19 жағдайының биоүлгілерімен жұмыс істеген зертхана мамандары;
– ұшақта, қалааралық қатынастағы автобуста, поезда, COVID-19-бен ауыратын науқастан кез келген бағытта екі орындық қашықтықта болған байланыста болған адам, сондай-ақ COVID-19-бен ауыратын науқас ұшқан ұшақтың секциясына қызмет көрсеткен экипаж мүшелері ретінде айқындалады.
Жақын байланыста болғандарды анықтау үшін эпидемиологиялық байланыстарды тергеп-тексеру кезеңі COVID-19 жағдайы анықталғанға дейін 2 тәулік бұрын басталуы және COVID-19-бен ауыратын науқасты оқшаулау сәтімен аяқталуы тиіс.
2. COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдарға қатысты шаралар (жақын байланыс):
1) COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 айда қоспағанда COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар (жақын байланыс) ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжаты болмаған кезде үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады.
Оқшаулау кезеңінде МСАК маманы күн сайын телефон арқылы байланыста болған адамнан оның денсаулығы туралы нақтылайды.
Аурудың белгілері анықталған кезде МСАК маманы диагнозды белгілейді және COVID-19-бен ауыратын науқасы туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарлама береді.
Үй карантинінің 7-ші күнінде ауру белгілері болмаған кезде ПТР әдісімен COVID-19 -ға зертханалық тексеру үшін байланыста болған адамнан сынама алу жүргізіледі. ПТР-зерттеудің теріс нәтижесімен үй карантині аяқталады. ПТР-зерттеудің оң нәтижесі болған кезде МСАК маманы COVID-19-бен ауыратын науқас туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарлама береді.
Егер үй карантинінің 7-ші күнінде ПТР әдісімен COVID-19 -ға зертханалық тексеру үшін сынамаларды іріктеу жүргізілмесе, үй карантині оқшауланған сәттен бастап 10 күн өткенге дейін жалғасады. 10 тәулік өткеннен кейін ауру белгілері болмаған жағдайда үй карантині аяқталады.
2) егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өтсе, ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттық растау болған кезде COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар (жақын байланыс) МСАК маманының медициналық бақылауына жатады. Байланыста болған адамдар үй карантиніне оқшауланбайды, COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізілмейді. 10 күн өткеннен кейін COVID-19 белгілері болмаған кезде медициналық бақылау аяқталады. Аурудың белгілері пайда болған кезде байланыста болған адам ПТР-тест нәтижелерін алғанға дейін COVID-19-ға ПТР әдісімен зертханалық тексеруге және үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады. COVID-19 диагнозы расталған кезде МСАК маманы COVID-19-бен ауыратын науқас туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарлама береді.
3. Симптомсыз вирус тасымалдаған кезде (ПТР оң нәтижесі анықталған сәтте клиникалық белгілері жоқ адамдар) пациент амбулаториялық жағдайларда және үйде оқшаулауда (үй карантині) МСАК қызметкерлерінің медициналық бақылауына жатады.
Клиникалық симптомдар болмаған кезде ПТР оң нәтиже берген күннен бастап 7 күн ішінде ПТР әдісімен немесе COVID-19-ға зертханалық тестілеу жүргізіледі. ПТР-зерттеудің теріс нәтижесімен үй карантині аяқталады.
ПТР-зерттеудің оң нәтижесі кезінде бақылау оқшаулау сәтінен бастап 10 тәулік өткенге дейін жалғасады. 10 тәулік өткеннен кейін ауру белгілері болмаған жағдайда үй карантині аяқталады.
Карантин аяқталған кезде МСАК маманы симптомсыз вирус тасымалдаушыға COVID-19 алдын алу шараларын (медициналық масканы, антисептиктерді пайдалану, қол гигиенасы, әлеуметтік қашықтық) сақтау қажеттілігі туралы ұсыныстар береді.
Үй карантиніндегі симптомсыз вирус тасымалдаушыда аурудың клиникалық белгілері пайда болған кезде МСАК маманы COVID-19-бен ауыратын науқас туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарлама береді.
Шұғыл хабарламаны қабылдаған Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі осы COVID-19 ауруын тіркеуді және есепке алуды жүзеге асырады, оны симптомсыз вирус тасымалдаушылардың есебінен шығарады, сондай-ақ симптомсыз вирус тасымалдаушылық жағдайларының манифестік нысандарға (симптомдары бар жағдайлар) көшуінің жеке статистикасын жүргізеді.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 38 қаулысына
36-қосымша
Үйде оқшаулау (үй карантині) жағдайлары
Үй карантинінің мақсаты - аурудың ықтимал көзінен COVID-19-ды ықтимал жұқтырудың алдын алу және осылайша Қазақстанның аумағында коронавирустың таралуын болдырмау.
Үй карантинін ұйымдастыру үшін тұру жағдайларына қойылатын талаптар:
Үй карантині мынадай талаптар/жағдайлар сақталған кезде болуы мүмкін:
1. Байланыста болған адам(дар) көршілерден (басқа отбасы мүшелерінен) оқшаулана алатын жеке пәтер (жеке дәретханасы бар жеке бөлме) бар.
2. Байланыста болған адам және отбасының/үй шаруашылығының басқа мүшелері жеке қорғаныш құралдарына (медициналық маскалар, қолғаптар) қол жеткізе алады және сақтық шараларын (қолды сабынмен жиі жуу, ылғалды жинау жүргізу, үй-жайды желдету) сақтауға қабілетті.
3. Үй шаруашылығында COVID-19 инфекциясынан кейін асқыну қаупі жоғары (60 жастан асқан адамдар, 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, иммунитеті әлсіз немесе жүректің, өкпенің немесе бүйректің созылмалы аурулары бар адамдар) адамдар жоқ.
4. Стационарлық телефонға немесе ұялы байланысқа қолжетімділік бар.
5. Үй карантинін сақтау жағдайларын міндетті орындау туралы қол қойылған қолхаттың болуы.
6. Адам үй карантині режимін сақтау жөнінде өзіне міндеттеме алады және қолхатта жеке қол қоюымен растайды. Үй карантині режимін бұзған адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Үй карантиніндегі адамға арналған нұсқаулықтар
1. Үйден шықпау.
2. Түшкіру немесе жөтелу кезінде ауызды және мұрынды, вирустың таралуын болдырмау үшін бір рет қолданылатын сулықпен жабыңыз. Осыдан кейін қолды сабынмен жуу немесе оларды спирт негізінде антисептикпен өңдеу керек. Үнемі тығыз жататын медициналық масканы кию және оны әр 2 сағат сайын ауыстыру керек.
3. Тамақтану алдында, сондай-ақ дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен жуу немесе спирт негізіндегі антисептикпен өңдеу керек. Қолды сүрту үшін бір рет қолданылатын сулықтарды пайдаланған дұрыс.
4. Жеке ыдысты пайдалану қажет.
5. Температура немесе әлсіздену белгілері пайда болған кезде карантин туралы хабарлап және жүгіну себебін көрсете отырып, COVID-19 бойынша колл-орталыққа жүгіну немесе жедел жәрдемге қоңырау шалу қажет.
Үй карантині қамтамасыз етілетін үй шаруашылығы мүшелеріне арналған нұсқаулықтар
Мыналар ұсынылады:
1. Үйге бөгде адамдардың келуін болдырмау.
2. Карантин бөлмесіне кіру кезінде ауыз бен мұрынды тығыз жабатын медициналық маска кию қажет. Егер маска ылғалданған немесе ластанған болса, оны дереу жаңа медициналық маскамен ауыстыру қажет. Медициналық масканы тиісті техниканы пайдалана отырып, яғни оның алдыңғы бөлігін ұстамай шешу.
3. Күн сайын отбасының әрбір мүшесіның дене температурасын күніне кемінде 2 рет өлшеу керек.
4. Үй-жайларды күніне кемінде 2 рет желдету.
5. Күн сайын ылғалды жинау.
6. Қолды сабынмен жиі жуу немесе оларды антисептикпен өңдеу, қолды сүрту үшін бір рет қолданылатын сулықтарды қолданған жөн.
7. Әрбір отбасы мүшесіне жеке ыдыс-аяқты, жеке гигиена құралдарын пайдалану.
8. Түшкіру немесе жөтелу кезінде ауызды және мұрынды, вирустың таралуын болдырмау үшін бір рет қолданылатын сулықпен жабыңыз. Осыдан кейін қолды сабынмен жуу немесе оларды антисептикпен өңдеу керек.
9. Отбасының/үй шаруашылығының кез келген мүшесінде дене температурасы немесе сырқаттану белгілері пайда болған кезде карантин туралы хабарлап және жүгіну себебін көрсете отырып, дереу COVID-19 бойынша колл-орталығына жүгіну немесе жедел жәрдем шақыру.
Үй карантинін сақтау шарттарының міндетті түрде
орындау туралы қолхат
Елді мекен ________________ 2020 жылғы «___» ______
Мен ______________________________________, ЖСН: _________________,
(Т.А.Ә. (бар болған кезде)
__ __ ____ жылы ҚР ІІМ/ӘМ берген № _________________төлқұжат/жеке куәлік, ____________________________ мекенжайында тіркелгенмін, нақты ___________________________________ мекенжайында тұрамын. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы _________№ ___- ПГВР қаулысының ___ қосымшасымен бекітілген COVID-19 эпидемиялық тәуекелі жоғары адам ретінде үйде оқшаулау (үй карантині) қағидаларын сақтау бойынша міндеттемелерді өзіме қабылдаймын. Дербес деректерді өңдеуге келісім беремін.
Отбасының/үй шаруашылығының кез келген мүшесінде температурасы немесе әлсіздік белгілері пайда болған кезде карантин туралы хабардар етіп және жүгіну себебін көрсете отырып, COVID-19 бойынша колл-орталыққа дереу жүгіну немесе жедел жәрдем шақыру екендігі туралы хабардар етілдім.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының өз құзыреті шегінде заңды талаптарын немесе қаулыларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылықтың болуы туралы хабардар етілдім.
ӘҚБтК-нің 462-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік жауапкершіліктің болуы туралы, мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің құзыретіне сәйкес қызметтік міндеттерін орындауы үшін қажетті құжаттарды, материалдарды, статистикалық және өзге де мәліметтерді, ақпаратты беруден бас тарту не дәйексіз ақпарат беруден бас тарту түріндегі кедергі келтіруге тыйым салу туралы хабардар етілдім.
Сондай-ақ, 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабына сәйкес билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылықты қолданғаны үшін қылмыстық жауаптылықтың бар екендігі туралы хабардар етілдім.
Күні:_________
Қолы____________
Үй карантинінде болуды қашықтықтан мониторингтеуді қамтамасыз ету
Мониторингті қамтамасыз ету үшін:
1. Үй карантиніндегі адамға смартфонына Smart Astana мобильді қосымшасын орнату және қосымшаға барлық рұқсатты беру (GPS, WIFI, Bluetooth)
2. «Мен карантиндемін» режимін қосу және оны үй карантині режимінің қолданылған кезінде өшірмеу
3. Телефон үнемі қосылып тұруы және интернетке қосылған болуы тиіс
4. Мобильді қосымша белсенді болуы немесе фондық режимде жұмыс істеуі тиіс (қосымша қызметінің мәртебесін хабарламалардан немесе виджеттен тексеруге болады)
5. Үй карантині функциясын пайдалану кезінде пайдаланушы GPS, Bluetooth және WI FI режимін ажыратпауы тиіс.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 38 қаулысына
37-қосымша
COVID-19 тіркелген кезде мониторинг және тергеп-тексеру жүргізу мақсатында инфекция жұқтырған адамдардың және байланыста болған адамдардың деректерін өңдеу алгоритмі
1. COVID-19 тіркелген кезде мониторинг және тергеп-тексеру жүргізу мақсатында инфекция жұқтырған адамдардың және байланыста болған адамдарды тіркеу алдын ала сыныптауды пайдалана отырып жүргізіледі:
- Сырттан әкелінетін жағдайлар (әуерейстері, темір жол тасымалдары, авто);
- байланыста болу жағдайлары (инфекция жұқтырған адамдармен жақын байланыс санаттары арасында);
- жергілікті жағдай (инфекция жұқтырудың анықталмаған көздері), оның ішінде:
1) өздігінен жүгіну;
2) профилактикалық мақсатта скрининг жүргізу шеңберінде анықталған.
1.1 Сырттан әкелінген жағдайлардың тіркелуі:
1.1.1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің санитариялық-карантиндік пункттерінің (бұдан әрі - СКП) мамандары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «COVID-19 бақылау орталығы» Веб-қосымшасында немесе басқа елдерден келген жолаушыларды тіркеу үшін нысанның қағаз тасығышында сауалнама жүргізіледі. Сауалнаманы толтыру жолаушылар өздігінен, немесе СКП мамандарының көмегімен толтырады.
1.1.2. Басқа елдерден/өңірлерден келген жолаушыларды тіркеу үшін сауалнаманы толтырудан бас тарту ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін негіз болып табылады.
1.1.3. Басқа елдерден келген жолаушыларды тіркеуге арналған сауалнаманы жолаушылар қағаз тасығышта толтырған кезде рейстер/поездар/автомобильдер келгеннен кейін бес сағаттың ішінде мәліметтерді COVID-19 Веб-қосымшасына көшіреді.
1.1.4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің (бұдан әрі - АД) мамандары өңірдегі COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жүргізеді, атап айтқанда: 1 (1А, 1Б), 2, 4-кестелерге сәйкес деректер жиынтығын жүргізеді, сондай-ақ инфекция жұқтырған адамдар туралы 12 (он екі) сағаттың ішінде, инфекция жұқтырған адаммен байланыста болған адамдар туралы 24 (жиырма төрт) сағаттың ішінде COVID-19 Веб-қосымшасына деректерді енгізеді.
1.1.5. Республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының (бұдан әрі - ҚДСБ) мамандары №3 кестеге сәйкес байланыста болған адамдарды медициналықбақылауы қажет. ҚДСБ-ның мамандары 1 (1А, 1Б) және 4-кестелерге сәйкес АД-ге инфекция жұқтырған адамдар туралы барлық деректерді ұсынуы қажет.
1.2. Байланыста болу жағдайларын тіркеу:
1.2.1. Диагностикалық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін және байланыста болған адамдарды анықтау бойынша сауалнама жүргізілгеннен кейін инфекция жұқтырған адам анықталған жағдайда инфекция жұқтырған және байланыста болған адамдар туралы деректер осы қосымшаның 1.1.4-тармағына сәйкес COVID-19 Веб-қосымшасына «пациентті енгізу» бөліміне енгізіледі.
1.3. Жергілікті (өздігінен жүгіну және профилактикалық скрининг кезінде анықталған) жағдайлар:
1.3.1. АД-ның мамандары ҚДСБ-нан COVID-19-ға күдікті пациенттің жүгінгені туралы шұыл хабарлама алған жағдайда осы қосымшаның 1.1.4-тармағына сәйкес ақпарат қалыптастырады,
1.4. Жақын байланыста болуды тіркеу.
1.4.1. Сырттан әкелінген жағдайда жақын байланыс осы қаулының 35-қосымшасына сәйкес анықталады, тіркеу автоматты түрде жүргізіледі.
2. ҚДСБ және (немесе) МСАК ұйымдарының мамандары денсаулық жағдайын қашықтан мониторингілеу мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтары үшін мобильді қосымша орнату бойынша нұсқама жүргізеді және белгіленген кезеңділікпен өзінің хал-жағдайы туралы мәліметтерді енгізу қажеттілігі туралы хабарлайды. ҚР азаматы болып табылмайтын адамдар үшін қашықтан мониторингілеу ҚДСБ мамандарының қоңырау шалу және қажетті мәліметтерді толтыруы жолымен жүргізіледі. Қашықтан мониторингілеу нәтижесінде алынған мәліметтер осы қосымшаның 1.1.5-тармағына сәйкес АД-ге беруге жатады.
2.1. Тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ үй карантиніндегі медициналық бақылаудағы адамдар қашықтан мониторингілеу үшін өзінің хал-жағдайы туралы мобильді қосымшаға қажетті кезеңділікпен мәліметтерді енгізуге міндетті. Бас тарту немесе өз хал-жайы туралы мәліметтерді уақтылы енгізбеу ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін негіз болып табылады.
2.2. Медициналық ақпараттық жүйе қашықтан медициналық бақылау нәтижелерін COVID - 19 Веб-қосымшасында жаңартылғаннан кейін автоматты түрде интеграцияланады.
3. АД-ның мамандары COVID-19-ға зертханалық зерттеудің оң нәтижесі туралы зертханалық зерттеу хаттамасын алған сәттен бастап он екі сағаттың ішінде осы қосымшаның 1.1.4-тармағына сәйкес COVID-19 Веб-қосымшасына пациент туралы деректерді енгізеді.
4. COVID-19-ға тестілеуді жүзеге асыратын зертханалар мен меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдар осы қаулыға 41-қосымшада бекітілген жолдамаға сәйкес COVID-19-ға оң нәтижесі бар адамдар туралы ақпарат беруге тиіс.
5. АД-ның мамандары COVID-19-да оң нәтиже туралы зертханалық зерттеу хаттамасын алғаннан кейін пациенттен осы пациент бойынша эпидемиологиялық анамнез жинайды және COVID-19 Веб-қосымшасына енгізеді.
6. АД-ның мамандары CОVID-19-бен ауыратын науқастарымен байланыста болған адамдар шеңберін анықтағаннан кейін карантиндік іс-шараларды жүргізу үшін осы адамдар туралы мәліметтерді ҚДСБ-ға жібереді.
7. АД-ның мамандары COVID-19 Веб-қосымшасына стационарлық немесе үй карантинінің аяқталғаны туралы ақпаратты енгізеді.
8. АД-ның мамандары осы қосымшаның 1.1.4-тармағына сәйкес CОVID-19 Веб-қосымшасына CОVID-19 жағдайының соңы (сауығу/өлім) туралы ақпаратты енгізеді.
Басқа елдерден/өңірлерден келген жолаушыларды тіркеуге арналған
САУАЛНАМА
1. Тегі
2. Аты
3. Әкесінің аты
4. Туған жылы, айы, күні
5. Азаматтығы
6. ЖСН немесе төлқұжат деректері
7. Жұмыс (оқу) орны
8. Сіз соңғы 14 күнде қай елде болдыңыз
| 8. | 9. | 10. | 11. | 12. | 13. | 14. | 15. | 16. | 17. | 18. | 19. | 20. | 21. | 22. | 23. |
| 24. | 25. | 26. | 27. | 28. | 29. | 30. | 31. | 32. | 33. | 34. | 35. | 36. | 37. | 38. | 39. |
| 40. | 41. | 42. | 43. | 44. | 45. | 46. | 47. | 48. | 49. | 50. | 51. | 52. | 53. | 54. | 55. |
9. Науқаспен немесе симптомдары бар адамдармен байланыста болдыңыз ба
| иә | 10. | 11. | 12. | 13. | 14. | 15. жоқ | 16. | 17. |
10. Тұрғылықты жері немесе болжамды тұрғылықты жері
11. Байланыс телефондары
12. Қозғалыс бағдары
| 56. қайдан | 57. | 58. | 59. | 60. | 61. | 62. | 63. | 64. | 65. | 66. | 67. | 68. | 69. | 70. | 71. | 72. | 73. | 74. | 75. | 76. | 77. | 78. | 79. | 80. | 81. | 82. | 83. | 84. | 85. | 86. | 87. | 88. |
| қайда | 89. | 90. | 91. | 92. | 93. | 94. | 95. | 96. | 97. | 98. | 99. | 100. | 101. | 102. | 103. | 104. | 105. | 106. | 107. | 108. | 109. | 110. | 111. | 112. | 113. | 114. | 115. | 116. | 117. | 118. | 119. | 120. |
13. Қолы
14. Күні
Ескертпе: Сауалнаманың деректері тек қана қызметтік мақсатта ҚР аумағына коронавирустық инфекцияның (COVID 19) әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша жүргізілетін шаралар шеңберінде пайдаланылатын болады, сауалнаманы толтыратын жолаушы берілетін мәліметтер үшін ҚР заңнамасына сәйкес жауапты болады.
1-кесте
COVID-19 жағдайымен байланыста болған адамдардың тізімі
COVID-19 жағдайының ТАӘ_____________________________________ оның сәйкестендіру нөмірі его _____________________
ЖСН______________________________
Диагноза қойылған күн_____________________
Бірінші симптомдар пайда болған күн (егер бар болған болса) ______________________
1А-кесте
| № | Байланыста болған адамның сәйкестендіру нөмірі | Байланыста болған адамның ТАӘ | Жынысы | Дтуған күні, айы, жылы | ЖСН | Үй мекенжайы | Ұялы телефон | Байланыс болған орын - үйде - ауруханада - жұмыста - саяхат тобы - басқа көрсетіңіз | Байланыс болған орын (мекенжайы) |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«COVID-19 жағдайымен байланыста болған адамдардың тізімі» кестесіне қосымша 1Б-кесте
| № | Байланыс болған күн және байланыс болған уақыт | COVID-19-бен ауыратын қауқаспен қарым-қатынас - отбасы мүшесі - дос - медицина қызметкері - әріптес - басқа_____ | Байланыста болған адаммен байланыс: -жұмыста - телефон арқылы - басқа анықталды, (деректерді ұсынудан жалтарады және т.б. нақытлау) | Байланыста болған адамды зертханалық тексеру - тексерілді (тексерілген күнін көрсету), -тексерілген жоқ | Тексеру нәтижесі/нәтижені берген күні | Байланыста болған адамды бақылауды жүзеге асыратын медициналық ұйым |
|
| 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2-кесте
Келесі медициналық бақылау үшін байланыста болған адамдардың деректерін беру нысаны
Жауапты эпидемиологтың ТАӘ және жұмыс орны__________________
Бақылауды жүзеге асыратын медициналық ұйым__________________
Жеткізу күні мен уақыты________________________________________
| № | ТАӘ | Жынысы | Туған күні,айы,жылы | ЖСН | Үй мекенжайы | Ұялы телефон |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
|
|
|
|
|
|
|
|
3-кесте
| COVID-19 науқастың байланысын бақылау түрі Деректерді жинады: 1. Тегі Аты Әкесінің (егер бар болса) __________________________________________________________ 2. Лауазымы: _____________________________________________ 3. Жұмыс орны (ұйымның атауы, мекенжайы): ________________ __________________________________________________________ 5. Ұялы телефон: _____________________________________ 6. Электрондық почта: ______________________________________ | Байланыста болған адамның деректері 1. Тегі Аты Әкесінің (егер бар болса) _________________________________________________________ 2. Жынысы ___________________________________________________ 3. Туған күні, айы, жылы__________________________________________ 4. ЖСН __________________________________________________ 5. Үй мекенжайы (карантин орны): ____________________________________ 7. Электрондық почта: _____________________________________ |
Бақылау қадағалау күнделігі (аурудың симптомдарын көрсету)
| Күндер | Таңертең | Кешке | Күндер | Таңертең | Кешке |
| Бірінші күн «___» _______ |
|
| Бесінші күн «___» _______ |
|
|
| Екінші күн «___» _______ |
|
| Алтыншы күн «___» _______ |
|
|
| Үшінші күн «___» _______ |
|
| Жетінші күн «___» _______ |
|
|
| Төртінші күн «___» _______ |
|
| Сегізінші күн «___» _______ |
|
|
4-кесте
COVID-19 жағдайын тіркеу журналы
| №р/н | Жағдайдың бірыңғай Индентификаторы | Кластердің/өңірдің нөмірі | Тегі Атф Әкесінің аты | Жынысы | Туған күні, айы,жылы, жасы (жас, ай) | Тұрғылықты мекенжайы | Азаматтығы | ЖСН | Жұмыс орны, лауазымы | Байланыс (ұялы және үй) телефоны | Емдеуге жатөызу орны | Жағдайдың мәртебесі | |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| ⬜расталған ⬜ мүмкін болатын ⬜ күдікті | |
| №р/н | Ауырған еүні | Бірінші симптомның пайда болғаны | Симптомның болуы (жөтел, температура, тамақтын ауыруы және т.б.) | Зертханалық тестілеу | Пневмония (рентгенде немесе КТ) | Ағымдқ мәртебе: | Эпидемиологиялық анамнез | Пациенттің мәртебесі (сырттан әкелінген, өздігінен жүгіну, байланыста болған,
профскрининг) | Жауапты маманның ТАӘ | Қосымша мәліметтер/Ескертпелер | |
| Респираторлық үлгілерді жинау күні | Зерттеу нәтижесі | ||||||||||
| 1 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
|
|
|
|
|
|
|
| ⬜ Тірі ⬜ Қайтыс болған |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 38 қаулысына
38-қосымша
Карантиндік стационарларға қойылатын талаптар
1. Объект қажет болған жағдайда COVID-19 науқастарымен байланыста болған адамдарды оқшаулау үшін арнайы бейімделген оқшауланған үй-жайларда (санаторий, оңалту орталығы, жатақхана, қонақ үй, балалар және спорт лагерлері және т.б.) орналасуы тиіс.
2. Объект жеке тұрған ғимаратта, қала шегінде және тұрғын үй массиві мен стратегиялық ғимараттардан алыс орналасқан.
3. Карантиндік стационарды байланыс жасаушылардың, келушілердің, көліктің кіруін/шығуын, заттарды, азық-түліктерді кіргізу/шығаруды және т.б. қатаң бақылау үшін полиция жасақтары тәулік бойы күзетпен қамтамасыз етеді.
4. Объект санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай болуы, қоршауы, жеке кірме жолдары және өткізу пункті болуы тиіс.
5. Кіру/шығу кезінде дезинфекциялық тосқауыл, аумақта - көлікті жуу және дезинфекциялау пункті ұйымдастырылады.
6. Объект ғимаратының табиғи желдеткіші болуы тиіс.
7. Автомашиналардың келу бағдарын, ғимарат ішінде бағдартауды, пациенттерді палаталар бойынша қарсы алуды және орналастыруды, болу тәртібі мен шарттары туралы хабардар етуді пысықтау қажет (ақпараттық парақтың нысаны қоса беріледі).
8. Ғимаратқа кіреберісте COVID-19 күдігі бар адамдарды қабылдауға арналған жеке кабинет (холл), үстелдер, орындықтар, кушеткалар, сканері бар компьютерлік техника, интернет пен телефон байланысы міндетті түрде қосылған болуы тиіс.
9. Палаталар (бөлмелер) жарықтандырылған, жақсы желдетілетін, жылы, 1-2 пациентке есептелген, санитариялық тораппен және әрбір палатада (бөлмеде) ағынды суы бар раковинамен, бұл ретте балаларға арналған жатын орындары (кереуеттердегі ернеулер) көзделуі тиіс.