2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 196-бабы 1-тармағының, 202-бабы 2-тармағының, 204-бабы 3-тармағы 2) тармақшасының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 232 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларының 5-тармағы бесінші бөлігінің конституциялылығын тексеру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2026 жылғы 18 мамырдағы № 79-НҚ нормативтік қаулысы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТЫНАН
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төраға Э.Ә. Азимова, судьялар А.Қ. Ескендіров, Қ.Т. Жақыпбаев, А.Е. Жатқанбаева, А.Қ. Қыдырбаева, Қ.С. Мусин, Б.М. Нұрмұханов, Е.Ә. Оңғарбаев, Р.А. Подопригора және С.Ф. Ударцев қатысқан құрамда,
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі - вице-министр А.М. Ертаевтың,
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілі - Заңнама департаментінің директоры Д.А. Сүлейменовтің,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі - Бас Прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі Т.Б. Адамовтың,
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілі - Құқықтық және ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары Д.Т. Абдрахманованың,
Республикалық адвокаттар алқасының өкілі - ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі С.С. Дельмановтың,
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының өкілі - Заңнама бөлімінің бас консультанты Н.Т. Харесованың,
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының өкілі - Заңнама бөлімі меңгерушісінің орынбасары Н.А. Сартаеваның,