«Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 25 сәуірдегі № 99 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларында:
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметтеріне ұсыну үшін 026/е нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қолданыстағы қорытындысы (бұдан әрі - ДКК қорытындысы) негіз болып табылады.
ДКК қорытындысын тіркелген жері бойынша бастапқы медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымы «Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № ҚР ДСМ-34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27505 болып тіркелген) сәйкес береді.
Психикалық немесе мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар пациенттерге ДКК қорытындысын пациенттерді динамикалық байқауды жүзеге асыратын психикалық денсаулықтың медициналық ұйымы береді.»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: