«Қазақстан Республикасында әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 127-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 7 тамыздағы № 117-ө Өкімі

«Қазақстан Республикасында әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 127-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 7 тамыздағы № 117-ө Өкімі

 

«Қазақстан Республикасында әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 127-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасында қорғаныс, қорғаныс өнеркәсібі және өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері жөнінде кеңес құру туралы»;

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасында қорғаныс, қорғаныс өнеркәсібі және өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.»;

көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

 

 

Премьер-Министр

О. Бектенов

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2024 жылғы 7 тамыздағы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.