Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудағы және қадағалаудағы мемлекеттік тіркеуге жататын өнімдердің (тауарлардың) жарнамасын жүзеге асыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-160/2020 бұйрығы
(2024.13.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2024.27.06. № 36 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2024.27.06. № 36 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 56-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2024.27.06. № 36 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудағы және қадағалаудағы мемлекеттік тіркеуге жататын өнімдердің (тауарлардың) жарнамасын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. «Тағамға биологиялық активті қоспаларды жарнамалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 24 маусымдағы № 284 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13998 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;