«Авиациялық қауіпсіздік қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 321 бұйрығына және «Әуежайдың бақыланатын аймағына өту, көлікпен өту құқығына арналған рұқсатнамалардың түрлері мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 қазандағы № 457 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 23 шілдедегі № 536 бұйрығы

«Авиациялық қауіпсіздік қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 321 бұйрығына және «Әуежайдың бақыланатын аймағына өту, көлікпен өту құқығына арналған рұқсатнамалардың түрлері мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 қазандағы № 457 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 23 шілдедегі № 536 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Авиациялық қауіпсіздік қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 321 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11603 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық қауіпсіздік қызметі туралы үлгілік ережесінде:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. АҚҚ жұмысы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен (бұдан әрі - уәкілетті ұйым), Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарымен олардың құзыретіне сәйкес өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырылады.»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің функциялары»;

9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Әуежай АҚҚ мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) азаматтық авиация ұйымы қызметін үйлестіреді және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша әуежайдағы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.