Әкімдіктің 2016 жылғы
21 маусымдағы № 286
қаулысына 2-қосымша
Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 36 Қаулысымен күші жойылды
«Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.20.05. берілген өзгерістермен)
Қостанай облысы әкімдігінің 2019.20.05. № 209 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы және оның қалалар мен аудандардағы бөлімдері (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқасы.
Мемлекеттік қызмет нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау