«Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 265 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2024 жылғы 25 қарашадағы № 429 бұйрығы

 «Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 265 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2024 жылғы 25 қарашадағы № 429 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 265 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 9506 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

««Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларында:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Мынадай жағдайлардың бірінде азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары есептен шығарылады:

қоршау және тірек құрылыс конструкцияларының есептік қорғау қасиеттері жойылған кезде;

«Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1357 қаулысына сәйкес осы ұйым үшін азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарына қажеттілік болмаған жағдайда.»;

12-тармақт мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы актіге:

1) азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының паспорты;

2) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер;

3) жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.