(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КӨМІРТЕГІ БІРЛІКТЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІН ЖҮРГІ...

Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 147-ө Бұйрығы

 

Осы редакция 2016 жылғы 17 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды және кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Қоршаған ортаны қорғау министрінің

2012 жылғы 10 мамырдағы № 147-ө

бұйрығымен бекітілген

 

 

Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу

қағидалары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы қағидалар Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) жүргізу тәртібін белгілейді.

2. Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1) айналымға енгізу - Мемлекеттік тізілім шоттарының біріне көміртегі бірліктерін бастапқы шығару;

2) айналымнан алып тастау - парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемі бойынша табиғат пайдаланушының міндеттемелерін өтеу үшін қолданылған көміртегі бірліктерін айналымнан шығару;

3) беру - Мемлекеттік тізілімінде көміртегі бірліктерін бір тұлғаның шотынан екінші тұлғаның шотына аудару;

4) күшін жою - көміртегі бірліктерінің қолданыстағы мерзімінің аяқталуымен, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексімен белгіленген талаптардың бұзылуымен немесе қателесіп шығаруымен байланысты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша, сондай-ақ олардың иесінің бастамасы бойынша ерікті негізде айналымнан шығару;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.