«Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 7 ақпандағы № 55 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 21 қаңтардағы № 11 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 7 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31871 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидалары мынадай мазмұндағы 8-1-тараумен толықтырылсын:
«8-1-тарау. Прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерін қызмет бабында ауыстыру және жылжыту кезінде көтерме жәрдемақы төлеу
35-1. Қызметкерді қызмет бабында бір елді мекеннен екінші елді мекенге елу километрден астам қашықтыққа көшумен байланысты ауыстыру және жылжыту кезінде қызметкердің өзіне екі айлық ақшалай қаражат және онымен бірге көшіп келген әрбір отбасы мүшесіне жарты айлық ақшалай қаражат мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленеді.
Көтерме жәрдемақыны есептеу үшін қызметкерді тағайындау күніндегі ақшалай қаражат қолданылады.
Егер зайыбы мен жұбайы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлері болып табылған жағдайда, олардың қалған отбасы мүшелеріне көтерме жәрдемақы олардың таңдауы бойынша біреуіне осы жәрдемақыны алушының ақшалай қаражатының айлықақысынан төленеді.