Қазақстан Республикасының 2025 жылы 18 сәуірдегі 214-VIII Салық Кодексі

Предыдущая страница

Салық органының ақпараттық жүйесінде қосымша салықтық есептілікті, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген есептілікті ұсыну мерзімі шегінде қағаз жеткізгіштегі салықтық есептілікті қоспағанда, қалыптастырылған автоматты салықтық есептілік сияқты салықтың, бюджетке төленетін төлемнің осындай түрі бойынша сол салықтық кезең үшін салықтық есептілік қабылданбайды.

Салық органының ақпараттық жүйесіне қағаз жеткізгіште бастапқы немесе кезекті салықтық есептілік енгізілгеннен жəне «Құжат қабылданды» деген мəртебе берілгеннен кейін осы салықтық кезең үшін қалыптастырылған автоматты салықтық есептілік жойылады.

7. Салық төлеуші осындай есептілікте көрсетілуге жататын салық салу объектісі жəне (немесе) салық салуға байланысты объект болған кезде салықтық кезең үшін автоматты салықтық есептілікке қосымша салықтық есептілікті ұсынуға міндетті.

8. Салықтық есептілік мынадай:

1) салықтық есептілік уəкілетті орган белгілеген нысанға сəйкес келмеген;

2) салықтық есептілікте салық төлеушінің (салық агентінің) жəне (немесе) салық органының міндетті сəйкестендіру деректері жəне (немесе) салықтық есептілікті жасау күні жəне (немесе) түрі көрсетілмеген немесе дұрыс көрсетілмеген;

3) салықтық есептілікке қол қойылмаған жəне (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өз мөрімен куəландырылмаған;

4) байланыс желісінің болмауы себебінен қағаз шот-фактуралар жазып берілген жағдайда - қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілік салықтық кезең ішінде сатып алынған жəне (немесе) өткізілген тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімінсіз жасалған;

5) жеке табыс салығы жəне əлеуметтік салық бойынша салықтық есептілік əрбір жеке тұлға бөлінісінде жеке тұлғалардың кірістерінен есептелген салықтар мен əлеуметтік төлемдер көрсетілмей жасалған жағдайларда, салық органының қабылдауына жатпайды.

9. Тауарларды əкелу жəне жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қоспағанда, салықтық есептілік кері қайтарып алуға жатпайды.

Тауарларды əкелу жəне жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті кері қайтарып алу осы Кодекстің 532-бабында айқындалған тəртіппен жүргізіледі.

 

116-бап. Қосымша салықтық есептілікті жəне хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсынуға байланысты негізгі ережелер

1. Бұрын ұсынылған салықтық есептілікте көрсетілген мəліметтерді өзгерту жəне (немесе) толықтыру қосымша салықтық есептілікті жəне (немесе) хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсыну арқылы жүргізіледі.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мəліметтердің өзгерістерін жəне (немесе) толықтыруларын көрсету мынадай түрде жүргізіледі:

1) салықтық есептілікте көрсетілген сомалар өзгерген кезде салықтық есептіліктің тиісті жолында нақты сома мен салықтық есептілікте көрсетілген сома арасындағы айырма көрсетіледі;

2) салықтық есептілікте көрсетілген сомаға қатысы жоқ өзге мəн өзгертілген кезде салықтық есептіліктің тиісті жолында жаңа мəн көрсетіледі.

Қосымша салықтық есептілікті жəне (немесе) хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсынған кезде салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, əлеуметтік төлемдердің сомалары салық төлеушіні (салық агентін) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартпай төлеуге жатады.

2. Таратудың салықтық есептілігін ұсынғаннан кейін салық төлеушінің (салық агентінің) хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсынуына жол беріледі.

Аяқталмаған салықтық кезең үшін салық төлеуші (салық агенті) ұсынған таратудың салықтық есептілігі мынадай:

1) салықтық тексеру аяқталғаннан кейін қызметті тоқтату немесе тарату, бөлу арқылы қайта ұйымдастыру туралы шешім өзгерген;

2) дара кəсіпкер тіркеу есебінен шығарылғанға дейін қызметін тоқтату туралы шешімді өзгерткен;

3) дара кəсіпкерді тіркеу есебінен шығарудан бас тартылған жағдайларда, салықтық кезеңдегі кезекті салықтық есептілікке теңестіріледі.

3. Мынадай:

1) нұсқамада көрсетілген салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, əлеуметтік төлемдер бойынша салықтық тексерулерді жүргізу кезеңінде (тоқтата тұруды ескере отырып) - тексерілетін салықтық кезеңдегі;

2) шағымда көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, əлеуметтік төлемдердің түрлері бойынша шағым берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, салықтық тексеру нəтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беру жəне шағымын қарау мерзімі кезеңінде - шағым жасалатын салықтық кезеңдегі;

3) қосылған құн салығын қайтару туралы талап көрсетілген;

4) ағымдағы салықтық кезеңнің соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей - есепті салықтық кезеңнің екінші, үшінші жəне төртінші тоқсандары үшін төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша;

5) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сəйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынған адамдардың активтер мен міндеттемелер туралы салықтық есептілікке қосымша салықтық есептілікті ұсынуына жол берілмейді.

 

117-бап. Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұруға жəне қайта бастауға байланысты негізгі ережелер

1. Салық төлеуші (салық агенті):

1) салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұруға;

2) тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін салықтық есептілікті ұсынуды қайта бастауға құқылы.

Салық төлеуші қызметі қайта басталған кезде салықтық есептілікті ұсынуды міндетті түрде қайта бастайды.

Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрудың жалпы мерзімі талап қоюдың ескіру мерзімінен аспауға тиіс.

Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған күннен бастап қайта басталған күнге дейінгі кезеңде қосылған құн салығын төлеушіге электрондық шот-фактуралар жазып беру тоқтатыла тұрады.

Салық салу объектілері болған кезде салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық есептілігін ұсыну тоқтатыла тұрмайды.

2. Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру жəне (немесе) қайта бастау туралы мəліметтер салық органы тиісті шешімді қабылдаған күннен кешіктірілмей уəкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.

Уəкілетті органның интернет-ресурсында салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру жəне (немесе) қайта бастау туралы мəліметтерді жариялау салықтық өтініште немесе жергілікті атқарушы органның жолданымында көрсетілген кезең үшін салықтық есептілікті ұсынбауға негіз болып табылады.

3. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұрудан бас тарту:

1) салықтық берешек, əлеуметтік төлемдер бойынша берешек болған;

2) салық төлеуші əрекет етпейтін салық төлеушілердің тізіліміне енгізілген;

3) салық органының орындалмаған хабарламалары болған жағдайда қабылданады.

4. Салық органы:

1) салық төлеуші (салық агенті) салықтық есептілікті ұсыну күнінен бастап салықтық есептілікті ұсынған;

2) қызметін тоқтата тұру кезеңінде немесе қайта бастаған күннен бастап салық төлеушінің (салық агентінің) қызметін қайта бастау фактісі анықталған жағдайда, салықтық есептілікті ұсынуды қайта басталды деп таниды.

Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді жəне əлеуметтік міндеттемелерді есептеу, төлеу бойынша салықтық міндеттеменің туындауына алып келетін қызметті жүзеге асыруды бастауы осы баптың мақсаттары үшін қызметті қайта бастау деп танылады.

 

 

10-тарау. САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕНІҢ, ƏЛЕУМЕТТІК МІНДЕТТЕМЕНІҢ ОРЫНДАЛУЫН ЕСЕПКЕ АЛУ

 

118-бап. Салықтық міндеттеменің, əлеуметтік міндеттеменің орындалуын есепке алу жөніндегі жалпы ережелер

1. Салық органы осы тарауға жəне жеке шотты жүргізу тəртібіне сəйкес жеке шотты жүргізеді. Жеке шот ұлттық валютада, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында заттай нысанда төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау тікелей көзделгенде заттай нысанда жүргізіледі.

2. Жеке шотты жүргізу:

1) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің, əлеуметтік төлемдердің, өсімпұл мен айыппұлдардың есептелген, есепке жазылған, төленген сомаларын есепке алуды, оның ішінде салықтар, бюджетке төленетін төлемдер жəне əлеуметтік төлемдер бойынша есеп айырысуларды салыстырып тексеруді жүзеге асыруды, берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мəліметтерді жəне салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, əлеуметтік төлемдердің, өсімпұлдың, айыппұлдардың барлық немесе жекелеген түрлері бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы салық төлеушінің жеке шотынан үзінді-көшірме ұсынуды;

2) салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұл мен айыппұлдардың артық (қате) төленген сомасын есепке жатқызуды;

3) салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұл мен айыппұлдардың артық (қате) төленген сомасын қайтаруды;

4) салықты, бюджетке төленетін төлемді, өсімпұл мен айыппұлдарды есептен шығаруды;

5) есеп-қисаптар сальдосын қалыптастыруды;

6) жеке шотқа байланысты əрекеттерді көздейді.

3. Осы тараудың ережелері Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сəйкес іс жүргізу салық органының құзыретіне жатқызылған əкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін салынатын айыппұлдарға қолданылады.

 

119-бап. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің жəне əлеуметтік төлемнің есептелген, есепке жазылған, төленген сомаларын айқындау

1. Мыналар:

1) салық төлеуші (салық агенті) салықтық есептілікте;

2) көлік құралдарына салынатын салық пен жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық сомаларын есептеу кезінде уəкілетті мемлекеттік органдардың мəліметтері негізінде салық органы;

3) есепті салықтық кезеңнің 1-тоқсанындағы корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомаларын есептеу кезінде салық органы;

4) осы Кодексте көзделген негіздер бойынша уəкілетті мемлекеттік органдар айқындаған сома салықтың, бюджетке төленетін төлемнің жəне əлеуметтік төлемнің есептелген сомасы болып табылады.

2. Мыналар салықтың, бюджетке төленетін төлемнің жəне əлеуметтік төлемнің есепке жазылған сомасы болып табылады:

1) салық органы:

салықтық тексеру нəтижелері бойынша;

салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нəтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау нəтижелері бойынша;

уəкілетті мемлекеттік органдардың мəліметтері негізінде айқындаған сома;

2) осы Кодексте белгіленген құзыреті шегінде уəкілетті мемлекеттік органдар айқындаған сома.

3. Осы Кодексте көзделген түзетулерді, жеңілдіктерді, шегерімдерді немесе азайтуларды ескере отырып, салық, бюджетке төленетін төлем жəне əлеуметтік төлем сомасын есептеу нəтижесі салықтың, бюджетке төленетін төлемнің жəне əлеуметтік төлемнің есептелген жəне есепке жазылған сомасы болып табылады.

4. Мыналар салықтың, бюджетке төленетін төлемнің төленген сомасы болып табылады:

1) салық төлеуші (салық агенті) төлеген салық, бюджетке төленетін төлем сомасы, оның ішінде осы салықты, бюджетке төленетін төлемді төлеу есебіне есепке жатқызылған сома;

2) салықтық берешекті өтеу есебіне салық органы немесе сот орындаушысы өндіріп алған сома.

Белгілі бір уақыт кезеңі үшін төленген салық, бюджетке төленетін төлем сомасы осындай уақыт кезеңі үшін салық төлеушіге (салық агентіне) есепке жатқызылған жəне қайтарылған салық, бюджетке төленетін төлем сомасы шегеріліп есептеледі.

5. Мыналар əлеуметтік төлемнің төленген сомасы болып табылады:

1) салық төлеуші (салық агенті) төлеген əлеуметтік төлем сомасы;

2) салық органы өндіріп алған сома.

Белгілі бір уақыт кезеңі үшін төленген əлеуметтік төлем сомасы осындай уақыт кезеңі үшін салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылған əлеуметтік төлем сомасы шегеріліп есептеледі.

6. Салықтық жəне (немесе) кедендік тексеруді жүргізу кезінде өсімпұл осындай тексеру аяқталған күнге дейін есепке жазылады.

Салықтық тексеру нəтижелері туралы хабарламада көрсетілген есепке жазылған (есептелген) сомалар жеке шотта көрсетілгеннен кейін салық төлеушіге (салық агентіне) өсімпұл, төлеу күнін қоса алғанда, салықтық жəне (немесе) кедендік тексеру аяқталған күннен бастап жеке шотта есепке жазылады.

 

 

1-параграф. Салықты, бюджетке төленетін төлемді, өсімпұл мен айыппұлды есепке жатқызу жəне қайтару

 

120-бап. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің немесе өсімпұлдың, айыппұлдың артық төленген сомасы туралы ұғым

1. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің немесе өсімпұлдың артық төленген сомасы - салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың осы түрі бойынша бюджетке төленген жəне есептелген, есепке жазылған сомалар, сондай-ақ есепке жатқызуды жəне (немесе) қайтаруды жүргізу күніне басқа салықты, бюджетке төленетін төлемді, өсімпұлды төлеу есебіне есепке жатқызылған жəне салық төлеушіге қайтарылған сомалар арасындағы оң айырма.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі осы баптың 2, 3 жəне 4-тармақтарында көзделген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша артық төленген сомаларды айқындау кезінде қолданылмайды.

2. Қосылған құн салығының артық төленген сомасы - салықтық кезең үшін қосылған құн салығының бюджетке төленген (түскен) жəне есептелген, есепке жазылған сомалары, сондай-ақ алдыңғы салықтық кезеңдер үшін қосылған құн салығы бойынша есеп айырысуларды ескере отырып, басқа салықты, бюджетке төленетін төлемді, өсімпұлды төлеу есебіне есепке жатқызылған жəне салық төлеушіге қайтарылған сомалар арасындағы оң айырма.

3. Осы тармақта санамаланған салықтардың немесе бюджетке төленетін төлемдердің артық төленген сомалары деп мыналар танылады:

1) жүзеге асыру үшін төлемдерді төлеу талап етілетін əрекеттерді салық төлеушінің жасамауы (оның ішінде, тиісті құжаттарды бергенге дейін оның əрекеттер жасаудан бас тартуы нəтижесінде) фактісін тиісті уəкілетті мемлекеттік орган электрондық база арқылы жəне (немесе) қағаз жеткізгіштерде растаған кезде төленген:

тіркеу алымы;

жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензиялар бергені үшін алым;

радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым;

АХҚО-ның инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжатты бергені үшін алым;

мемлекеттік баж;

орманды пайдаланғаны үшін төлемақы сомасы;

2) АХҚО инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға резиденттігін растайтын құжатты беруден бас тартқан кезде - көрсетілген құжатты бергені үшін төленген алым сомасы;

3) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарларды өндіру бойынша салық төлеушінің қызметі тоқтатылған жəне бұрын алынған осындай маркаларды қабылдау-беру актісі бойынша салық органына қайтарған кезде - осындай тауарлар үшін акциздердің төленген сомасы;

4) аукцион жеңімпазын айқындауға əсер еткен, Қазақстан Республикасының жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген өткізу қағидаларының бұзылуына байланысты жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион жарамсыз деп танылған кезде - қол қою бонусының төленген сомасы;

5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың ережелерін қолданатын бейрезидент-салық төлеушіге қайтарылуға жататын табыс салығының сомасы - табыс салығының төленген немесе аударылған сомасы.

4. Қайтару мақсаттары үшін артық төленген сома деп мыналар танылады:

1) айыппұлдың күші жойылған немесе айыппұл мөлшері азайтылған кезде - салық салу, Қазақстан Республикасының əлеуметтік қорғау туралы, міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша құқыққа сыйымсыз салынған айыппұлдың төленген сомасы;

2) əкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау мақсатында айыппұл төлеген кезде - айыппұлдың артық төленген сомасы;

3) билік ету шектелген (кепілге қойылған) мүлікті өткізу жөніндегі функциялар берілген ұйым өткізген электрондық аукцион қорытындыларының күші заңды күшіне енген сот актісі бойынша жойылған кезде - салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұл мен айыппұлдың төленген сомасы;

4) мемлекеттік баждың:

іс тараптардың татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу туралы келісіммен немесе дауды партисипативтік рəсім тəртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталған кезде:

бірінші жəне апелляциялық сатылардағы соттарда - толық көлемде;

кассациялық сатыдағы сотта - сот актісін кассациялық тəртіппен қайта қарау туралы кассациялық шағым берген кезде төленген соманың 50 пайызы мөлшерінде төленген сомасы;

5) мемлекеттік баждың:

істі төрелікке берген;

талап қоюды немесе өзге де арызды (шағымды) қайтарған немесе оны қабылдаудан бас тартқан, сондай-ақ нотариустар немесе оған уəкілетті адамдар нотариаттық əрекеттерді жасаудан бас тартқан;

егер іс сотта қаралуға жатпайтын болса, сондай-ақ егер талап қоюшы дауды алдын ала шешудің осы санаттағы істер үшін белгіленген тəртібін сақтамаса не талап қоюды əрекетке қабілетсіз адам берген болса, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған немесе талап қою қараусыз қалдырылған;

мемлекеттік бажды төлеген адамдар заңдық мəні бар əрекеттерді жасаудан немесе осы заңдық мəні бар əрекеттерді жасайтын органға жүгінгенге дейін құжатты алудан бас тартқан;

сот актісін кассациялық тəртіппен қайта қарау туралы кассациялық шағым қайтарылған;

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайлар басталған кезде толық көлемде төленген сомасы;

6) талап қоюшы сотқа талап қою жəне өзге де арыздар (шағымдар) беру кезінде өз талаптарын азайтқан жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік баж төлеу есебіне осы Кодекс бойынша талап етілгеннен көп мөлшердегі соманы енгізген кезде мемлекеттік баждың артық төленген сомасы.

 

121-бап. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің жəне өсімпұлдың есепке жатқызуға жəне (немесе) қайтаруға жатпайтын артық төленген жəне төленген сомалары

1. Заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшесі арасындағы есепке жатқызуды қоспағанда, салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасы басқа салық төлеушінің салықтық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызуға жатпайды.

2. Мемлекеттік баждың төленген сомасы:

1) есепке жатқызуға;

2) мынадай:

талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан;

талап қоюшы өз талаптарын азайтқан;

сот бұйрығының күші жойылған кезде қайтаруға жатпайды.

3. Осы Кодекстің 120-бабының 3 жəне 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мыналар:

1) автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өткені үшін төленген алым сомасы;

2) консулдық алымның төленген сомасы;

3) қол қою бонусының төленген сомасы;

4) жер учаскелерін пайдаланғаны, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде Қазақстан Республикасының жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сəйкес мемлекеттің жер қойнауы учаскесін бергені үшін артық төленген төлемақы сомасы;

5) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төленген төлемақы сомасы;

6) АХҚО-ның инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжатты бергені үшін төленген алым сомасы;

7) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалауға жататын акцизделетін тауарлар үшін акциздердің артық төленген сомасы;

8) орманды пайдаланғаны үшін төленген төлемақы сомасы;

9) тіркеу алымының төленген сомасы;

10) жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензиялар бергені үшін төленген алым сомасы;

11) мемлекеттік баждың төленген сомасы есепке жатқызуға жəне қайтаруға жатпайды.

4. Жер учаскелерін пайдаланғаны, жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаға жағымсыз əсер еткені үшін салықтың, төлемақының артық төленген сомасы мынадай:

1) осындай салықтар мен төлемақылар бойынша салықтың есептілікті ұсыну тоқтатыла тұрған кезеңде оны ұсыну күніне дейін;

2) салықтық тексеру жүргізілген кезеңде аяқталғанға дейін есепке жатқызуға жəне қайтаруға жатпайды.

5. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының декларация бойынша қалыптасқан есепке жазылған салық сомасынан асып кетуі салықтарды жəне (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) беру туралы шешімде көзделген қосылған құн салығын төлеу есебіне есепке жатқызуға жатпайды.

6. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасы талап қоюдың ескіру мерзімі өткеннен кейін есепке жатқызуға жəне қайтаруға жатпайды. Талап қоюдың ескіру мерзімі өткен салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасы салық органының шешімі негізінде есептен шығаруға жатады.

7. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компания төлеген қосылған құн салығының сомасы қайтаруға жатпайды.

 

122-бап. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұл мен айыппұлдың артық төленген жəне (немесе) төленген сомаларын есепке жатқызу жəне қайтару тəртібінің негізгі ережелері

1. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің (есепке жатқызуға жатпайтын салықтар мен бюджетке төленетін төлемді қоспағанда) жəне өсімпұлдың төленген жəне (немесе) артық төленген сомасын есепке жатқызуды салық органы ұлттық валютада:

1) салық төлеушінің салықтық өтінішінсіз;

2) салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде жүргізеді.

2. Салықтың, бюджетке төленетін төлем мен өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу салық төлеушінің салықтық өтінішінсіз мынадай реттілікпен:

1) артық төленген сома түзілген жəне төлеу мерзімі басталған салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомаларын төлеу;

2) мынадай:

артық төленген сома түзілген салық, бюджетке төленетін төлем түрі бойынша;

салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша бересіні өтеу;

3) осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген реттілікпен салықтар, бюджетке төленетін төлемдер бойынша өсімпұлды өтеу;

4) осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген реттілікпен салықтар, бюджетке төленетін төлемдер бойынша айыппұлды өтеу есебіне жүргізіледі.

3. Салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша салықтың, бюджетке төленетін төлем мен өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу:

1) салық төлеушіде жəне (немесе) осындай салық төлеушінің құрылымдық бөлімшесінде салықтық берешек болмаған жағдайда, осындай өтініште көрсетілген салықтың жəне (немесе) бюджетке төленетін төлемнің тиісті түрі бойынша алдағы төлемдер;

2) мыналардың:

осындай салық төлеушінің құрылымдық бөлімшесінің;

егер салық төлеуші заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылса, мұндай заңды тұлғаның осындай өтінішінде көрсетілген салықтың жəне (немесе) бюджетке төленетін төлемнің тиісті түрі бойынша салықтық берешекті өтеу есебіне жүргізіледі.

4. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің (қайтарылуға жатпайтын салықтар мен бюджетке төленетін төлемді қоспағанда), өсімпұл мен айыппұлдың төленген жəне (немесе) артық төленген сомасын қайтаруды салық органы салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде салық төлеушінің осындай өтініште көрсетілген банктік шотына аудару арқылы жүргізеді.

Осы Кодекстің мақсаттары үшін салық органының салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұл мен айыппұлдың артық төленген жəне (немесе) төленген сомасын, қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтаруы деп салық органының Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сəйкес тиісті төлем тапсырмасын ұсынуы түсініледі.

Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұл мен айыппұлдың төленген, оның ішінде артық төленген сомаларын қайтаруды салық органы салық төлеуші мен оның құрылымдық бөлімшесінде салықтық берешек болмаған кезде жүргізеді.

Салықтық берешек болған жағдайда қайтару осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасына сəйкес салықтың, бюджетке төленетін төлем мен өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылады.

Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайда салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұл мен айыппұлдың артық төленген сомасының қалдығы есепке жатқызуды жүргізгеннен кейін қайтаруға жатады.