5. Мемлекеттік баждан басқа, салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық (қате) төленген сомасы:
ағымдағы жыл;
осындай сомалар төленген күнтізбелік жылдан кейінгі күнтізбелік жылдан бастап талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде алдыңғы күнтізбелік жылдар ішінде төленген сомалар мөлшерінде есепке жатқызылуға жəне (немесе) қайтарылуға жатады.
Мемлекеттік баждың артық төленген сомасы бюджетке мемлекеттік баждың осындай сомасы төленген күннен бастап үш жыл ішінде қайтаруға арналған құжаттар ұсынылған кезде қайтарылуға жатады.
6. Салық органы салықтың, бюджетке төленетін төлемнің төленген жəне (немесе) артық төленген сомаларын есепке жатқызуды жəне (немесе) қайтаруды жүргізу мерзімін бұзған кезде есепке жазылған өсімпұл сомасы салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша бюджеттік сыныптаманың тиісті коды бойынша бюджетке түсетін түсімдер есебінен салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу жəне (немесе) қайтару жүргізілген күні аударылуға жатады.
123-бап. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу жəне қайтару тəртібін айқындау жəне оның негізгі ережелері
1. Аудару кезінде мынадай қателердің кез келгені жіберілген:
салық төлеушінің немесе салық органының сəйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген;
төлемнің мəтіндік мақсаты төлем мақсатының кодына жəне (немесе) кірістердің бюджеттік сыныптамасының кодына сəйкес келмеген;
2) банк ұйымы салық төлеушінің төлем құжатын қате орындаған;
3) тіркеу есебінде тұрмайтын немесе салықтың немесе бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың осы түрі бойынша төлеуші болып табылмайтын салық төлеуші төлеуді жүргізген сома салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасы болып табылады.
2. Осы бапта көрсетілген қателердің біреуінің бар екендігі расталған кезде салық органы:
1) бюджеттік сыныптаманың тиісті кодына жəне (немесе) тиісті салық органына қате төленген соманы есепке жатқызуды жүргізеді;
2) салық төлеушінің банктік шотына қайтаруды жүргізеді.
3. Банк ұйымының сол бір төлем құжаты бойынша салық, бюджетке төлем, өсімпұл сомасын қайта аударуға алып келген салық төлеушінің төлем құжатын қате орындау фактісі расталған кезде салық органы банк ұйымының өтініші бойынша қате төленген соманы:
1) банктік шоттан ақша есептен шығарылған немесе банк ұйымының электрондық терминалы арқылы төлем қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылған жағдайда - салық төлеушінің банктік шотына;
2) ақша банк ұйымына қолма-қол ақшалай енгізілген немесе төлем банк ұйымының электрондық терминалы арқылы қолма-қол ақшалай нысанда жүзеге асырылған жағдайда, банк ұйымының банктік шотына қайтаруды жүргізеді.
4. Салық органы салық төлеушінің салықтық өтінішінде немесе банк ұйымының өтінішінде көрсетілген қателердің бар екенін растамаған кезде салық төлеушіге немесе банк ұйымына тиісті хабарлама ұсынылады.
124-бап. Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесіне қатысты салықтық міндеттеме бойынша заттай нысанда есепке жатқызу ерекшеліктері
1. Жеке шот заттай нысанда жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесіне қатысты салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда беретін пайдалы қазбалардың артық берілген көлемі (бұдан əрі осы баптың мақсатында - пайдалы қазбалардың артық берілген көлемі) осы баптың талаптары сақталған кезде есепке жатқызылуға тиіс.
Пайдалы қазбалардың артық берілген көлемі - есепке жатқызуды жүргізу күніне салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне берілген пайдалы қазбалар көлемі мен салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне берілуге жататын пайдалы қазбалар көлемі арасындағы оң айырма.
2. Пайдалы қазбалардың артық берілген көлемін есепке жатқызуды салық органы жеке шоттың мəліметтері негізінде, жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі жөніндегі жеке шотын жүргізу орны бойынша жүзеге асырады.
3. Жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі жөніндегі заттай нысанда мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттемесі болған кезде салық органы салықтық өтінішсіз, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттемені өтеу есебіне пайдалы қазбалардың артық берілген көлемін есепке жатқызуды жүргізеді.
2-параграф. Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару
125-бап. Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың жалпы ережелері
1. Осы параграфтың мақсаттары үшін қосылған құн салығының асып кету сомасы деп (бұдан əрі осы параграфтың мақсатында - салық) есепке жатқызылатын салық сомасының есепті салықтық кезеңнің соңында декларация бойынша өсу қорытындысымен қалыптасқан есепке жазылған салық сомасынан асып кетуі танылады.
2. Салықтың асып кету сомасы мынадай:
1) нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді жүзеге асыратын;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тəртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын жəне емдік балшықтарды барлауға жəне (немесе) өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда) шеңберінде қызметін жүзеге асыратын;
3) Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлардың ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша құрылысына байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын салық төлеушілерге қайтарылуға жатады.
1) агроөнеркəсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым жазып берген шот-фактуралар бойынша есепке жатқызылған;
2) салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне берілетін пайдалы қазбалар бойынша тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер (оның ішінде, осындай пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша есепке жатқызылған;
3) салық төлеуші салықтың қосымша сомасын есепке жатқызған салықтық кезеңдер бойынша қалыптасқан салықтың асып кету сомасы қайтарылуға жатпайды.
4. Салық төлеушінің талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде салық бойынша кезекті салық декларациясында салықтың асып кету сомасын қайтаруды талап етуге (бұдан əрі осы параграфтың мақсатында - қайтару туралы талап) құқығы бар.
5. Салықтың қайтарылуы расталған асып кету сомасын қайтаруға мыналар негіз болып табылады:
1) оңайлатылған тəртіппен салықтың қайтарылуы расталған асып кету сомасы туралы хабарлама;
2) шағым жасау нəтижелері ескерілген салықтық тексеру актісі;
3) салықтық тексеру актісіне қорытынды.
Салық органы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін салық төлеуші тұрған жеріндегі салық органына салықтық өтінішті ұсынады.
6. Салық төлеуші салықтық өтінішті ұсынған кезде салық органы салықтың асып кету сомасын қайтаруды жүргізетін мерзім осы Кодекстің 127-бабының 4-тармағында, 128-бабының 5-тармағында жəне 129-бабының 9-тармағында белгіленген.
Салықтық өтініш осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде ұсынылмаған кезде салықтың асып кету сомасын қайтару салықтық өтініш ұсынылған күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
7. Салықтық берешек болған кезде салық органы салықтық өтінішсіз салық төлеушінің, оның ішінде оның құрылымдық бөлімшелерінің орын алған салықтық берешегін өтеу есебіне салықтың асып кету сомасын есепке жатқызуды жүргізеді.
8. Салықтың расталған асып кету сомаларын (салықтық берешек өтелгеннен кейін салықтың асып кету сомасының қалдығын) қайтаруды салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша салық төлеушінің таңдауымен салық органы:
1) оның банктік шотына есепке жатқызу;
2) салықтардың басқа түрлеріне есепке жатқызу арқылы жүргізеді.
9. Салықтың қайтарылуға жататын асып кету сомасы салық органы осындай салықтың асып кету сомасын қайтаруға төлем құжатын жасаған күнгі жеке шоттағы салық бойынша асып кету сомасынан аспауға тиіс.
10. Салықтың асып кету сомасын қайтаруды жүргізу мерзімі бұзылған кезде салық төлеушінің пайдасына есепке жазылған өсімпұл сомасы салықтың асып кету сомасын қайтару күні салық төлеушінің банктік шотына аударуға жатады.
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген қолма-қол ақшаны бақылау шотында қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, салықтың асып кету сомасын уақтылы қайтармау сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.
11. Бұрын бюджеттен қайтарылған, бірақ кейіннен салықтық бақылау нəтижелері бойынша қайтарылуы расталмаған салықтың асып кету сомасы бюджеттен қайтарылған күннен бастап бюджетке есепке жатқызылған күнге дейінгі əрбір күн үшін өсімпұл есепке жазылып, салық төлеушінің бюджетке төлеуіне жатады.
Салықтың асып кету сомасының уақтылы қайтарылмауына байланысты төленген, бірақ кейіннен салықтық бақылау нəтижелері бойынша қайтарылуы расталмаған өсімпұл сомасы да бюджеттен қайтарылған күнінен бастап бюджетке есепке жатқызылған күнге дейінгі əрбір күн үшін өсімпұл есепке жазылып, салық төлеушінің бюджетке төлеуіне жатады.
12. Салық органы салықтың асып кету сомасын қайтару кезінде:
1) тақырыптық салықтық тексерулер жүргізеді;
2) салықтық тəуекелдерді басқару жүйесін қолданады;
3) «Өнім берушілер бойынша пирамида» талдамалық есебінің нəтижелерін пайдаланады;
4) салықтың қайтарылуға жататын асып кету сомасын айқындайды.
Салықтың асып кету сомасын қайтару тəртібін уəкілетті орган айқындайды.
126-бап. Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді жүзеге асыратын салық төлеушілерге салықтың асып кету сомасын қайтару тəртібі
1. Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді жүзеге асыратын салық төлеушілерге:
1) тұрақты өткізу кезінде - салықтың асып кету сомасы;
2) тұрақты емес өткізу кезінде - нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналым мақсаттары үшін пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылған салық сомасының бір бөлігі қайтарылуға жатады.
2. Бір мезгілде мынадай шарттарға сəйкес келген кезде:
1) өткізу қатарынан үш салықтық кезеңде жүзеге асырылғанда;
2) салықтық кезеңде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналым өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымның кемінде 70 пайызын құрағанда, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету тұрақты өткізу деп танылады.
Бұл ретте көрсетілген салықтық кезеңдердің əрқайсысында мұндай өткізу тұрақты өткізу деп танылады.
Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру кезінде салықтың қайтаруға жататын асып кету сомасы қайтару туралы талап ұсынылған салықтық кезең үшін есепке жатқызылған салық сомасына тасымалдардың жалпы көлемінде халықаралық тасымалдардың іс жүзіндегі көлемінің үлес салмағын қолдану арқылы есептеледі.
3. Салықтың асып кету сомасын қайтару салық төлеушінің таңдауы бойынша:
1) осы Кодекстің 127-бабына сəйкес оңайлатылған тəртіппен;
2) осы Кодекстің 128-бабына сəйкес тақырыптық салықтық тексеру нəтижелері бойынша жүргізіледі.
Салықтың асып кету сомасының бір бөлігін қайтарудың оңайлатылған тəртібін таңдаған кезде, салық төлеуші салықтың асып кету сомасының қалған бөлігін тақырыптық салықтық тексеру нəтижелері бойынша қайтаруды талап етуге құқылы.
4. Салық органы оңайлатылған тəртіппен салықтың асып кету сомасын қайтару кезінде салық төлеушіге оңайлатылған тəртіппен салықтың қайтару расталған асып кету сомасы туралы хабарламаны ұсынады.
5. Салық органы тақырыптық салықтық тексеру нəтижелері бойынша салықтың асып кету сомасын қайтару кезінде салық төлеушіге:
1) салықтың қайтарылуы расталған асып кету сомасын көрсете отырып, салықтық тексеру актісін;
2) осы Кодексте көзделген жағдайларда, салықтық тексеру актісіне қорытындыны ұсынады.
127-бап. Салықтың асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тəртібі
1. Салықтың асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тəртібі салықтық тексеруді жүргізбестен, салықтық тəуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, салықтың асып кету сомасын қайтаруды жүзеге асырудан тұрады.
2. Асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тəртібін:
1) салықтық мониторингте тұрған, күнтізбелік жыл ішінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналымдарды жасаған;
2) нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналымдар салықтық кезеңде өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 50 пайызды құрайтын салық төлеушілер қолдануға құқылы.
3. Салықтың асып кету сомасы бір мезгілде мынадай шарттарға сəйкес келген кезде:
1) қайтару туралы талапты ұсыну күнінде орындалмаған хабарлама болмағанда;
2) қайтару туралы талапты ұсыну күнінің алдындағы он екі ай ішінде салықтық тексеру нəтижелері бойынша салықтың қайтарылуы расталған асып кету сомасы болғанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық төлеушілерге қайтарылуға жатады.
4. Салық төлеушіге салықтың асып кету сомасын оңайлатылған тəртіппен қайтару - қайтару туралы талап ұсынылған күннен кейінгі он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
128-бап. Тақырыптық салықтық тексеру нəтижелері бойынша салықтың асып кету сомасын қайтару тəртібі
1. Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді жүзеге асыратын салық төлеушіге оңайлатылған тəртіппен қайтарылмаған салықтың асып кету сомасы тақырыптық салықтық тексеру нəтижелері бойынша қайтарылуға жатады.
2. Тақырыптық салықтық тексеру осы Кодекстің 15-тарауына сəйкес жүргізіледі.
3. Тақырыптық салықтық тексеру нəтижелері бойынша салық органы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық қызметі қайта өңдеу өнімдерін сатып алушыға қатысты жүзеге асырған тексеру нəтижелері туралы салық органының сұрау салуына жауап алған кезде салықтық тексеру актісіне қорытынды жасайды.
Салықтық тексеру актісіне қорытынды сұрау салуға жауап алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады жəне салық төлеушіге табыс етіледі.
4. Тақырыптық салықтық тексеру нəтижелері бойынша салықтың асып кету сомасын қайтару кезінде салық органы:
1) салықтың қайтаруға ұсынылған асып кету сомасының анықтығын растау жөніндегі салықтық тексеру актісін жасайды, бұл ретте оған шағым жасау нəтижелерін ескереді (салық төлеуші шағым жасаған кезде);
2) осы Кодексте көзделген жағдайларда, салықтық тексеру актісіне қорытынды жасайды.
5. Тақырыптық салықтық тексеру нəтижелері бойынша салықтың қайтарылуы расталған асып кету сомасы қайтару туралы талап көрсетіле отырып, салық бойынша декларацияны ұсыну мерзімі өткен күннен кейінгі елу бес жұмыс күні ішінде қайтарылуға жатады.
Салықтық тексеру актісіне қорытынды негізінде салықтың асып кету сомасы салықтық тексеру актісіне қорытынды табыс етілген күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде қайтарылуға жатады.
129-бап. Салық төлеушілердің жекелеген санаттарына салықтың асып кету сомасын қайтару тəртібі
1. Салықтың асып кету сомалары қайтарылуға жататын салық төлеушілердің жекелеген санаттарына:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тəртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын жəне емдік балшықтарды барлауға жəне (немесе) өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда) шеңберінде қызметін жүзеге асыратын;
2) Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлардың ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша құрылысына байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын салық төлеушілер жатады.
1) геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жəне кен орнын жайластыру кезеңінде;
2) Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлардың құрылысына байланысты сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылған салық сомасы бөлігінде қайтарылуға жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес толық бітіріп берілетін құрылыс кезінде де қолданылады.
3. Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мен кен орнын жайластыру кезеңі деп кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын жəне емдік балшықтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тəртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт жасалған күн мен жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалардың экспорты басталған күн арасындағы уақыт кезеңі түсініледі.
4. Құрылыс басталған күн мен ғимараттарды, құрылысжайларды пайдалануға беру күні арасындағы уақыт кезеңі құрылыс кезеңі деп түсініледі.
Салықтың асып кету сомасын қайтару мақсатында мына күндердің неғұрлым ертерегі:
1) құрылысты жүзеге асыруға арналған келісімшарт (шарт) жасалған күн;
2) жобалау жұмыстарын жүзеге асыруға арналған келісімшарт (шарт) жасалған күн құрылыстың басталуы деп танылады.
5. Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға:
1) өнеркəсіптік ғимараттар мен қоймалар;
2) көлік, байланыс жəне коммуникация ғимараттары;
3) тұрғын емес ауыл шаруашылығы ғимараттары жатады.
Спорт пен демалу орындарына, əкімшілік мақсаттарға, автомобильдер тұрағына немесе орынтұрағына арналған, сондай-ақ мəдени-ойын-сауық, қонақ үй, мейрамхана мақсатындағы құрылысжайлардан басқа құрылысжайлар өндірістік мақсаттағы құрылысжайларға жатады.
Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайларды осы тармақтың бірінші жəне екінші бөліктерінде көрсетілген ғимараттар мен құрылысжайларға жатқызу негізгі қорлардың сыныптауышына сəйкес жүргізіледі.
6. Салықтың асып кету сомасының анықтығын растау мақсатында салық төлеуші осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайлар басталғанға дейін салықтық өтінішті ұсынуға құқылы.
1) талап қоюдың ескіру мерзімін ескере отырып, кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын жəне емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалардың экспорты басталған күнге тура келетін салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңдер үшін - геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жəне кен орнын жайластыру кезеңінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылған салық сомасының бір бөлігін қайтару үшін;
2) мемлекеттік сəулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын орган құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдағаннан кейін инвестициялық жоба шеңберінде жүргізілген, орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының актісіне қол қойылған салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңдер үшін - құны тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 150 000 000 еселенген мөлшерінен асатын инвестициялық жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлардың құрылысына байланысты 2024 жылғы 1 қаңтардан кейін сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылған салық сомасының бір бөлігін қайтару үшін;
3) талап қоюдың ескіру мерзімін ескере отырып, ғимараттарды, құрылысжайларды пайдалануға беру жүргізілген салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңдер үшін - осы тармақтың 2) тармақшасында көзделмеген жобалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлардың құрылысына байланысты сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылған салық сомасының бір бөлігін қайтару туралы талапты ұсынады.
8. Салықтық өтініш пен қайтару туралы талап негізінде осы Кодекстің 15-тарауына сəйкес тақырыптық салықтық тексеру жүргізіледі.
9. Салықтың асып кету сомасын қайтару:
1) осы баптың 7-тармағының 1) жəне 3) тармақшаларына сəйкес қайтару туралы талап ұсынылған салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнен бастап жəне салықтық тексеру актісіне қорытынды негізінде əрбір салықтық кезеңнің екінші айының 25-інен кешіктірілмей тең үлестермен жиырма салықтық кезең ішінде жүргізіледі. Салықтық тексеру актісіне қорытынды қайтару туралы талап ұсынылған тоқсанның екінші айының 5-інен кешіктірілмей жасалады жəне салық төлеушіге табыс етіледі;
2) осы баптың 7-тармағының 2) тармақшасына сəйкес салықтың асып кету сомасын қайтару туралы талап көрсетілген салық бойынша декларацияны салық органына ұсыну үшін осы Кодексте белгіленген соңғы күн өткеннен кейін елу бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
10. Жобада көрсетілген мерзімде құрылыс аяқталмаған жағдайда, осы баптың 9-тармағының 2) тармақшасына сəйкес бұрын бюджеттен қайтарылған салықтың асып кету сомасы бюджеттен қайтарылған күнінен бастап бюджетке есепке жатқызылған күніне дейінгі əрбір күн үшін өсімпұл есепке жазыла отырып, салық төлеушінің бюджетке төлеуіне жатады.
3-параграф. Қосылған құн салығын өзге де негіздер бойынша қайтару
130-бап. Грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару
1. Грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленген қосылған құн салығы (бұдан əрі осы параграфтың мақсатында - салық):
1) грант алушыға - Қазақстан Республикасына грант беру туралы халықаралық шартқа сəйкес бенефициар болып табылатын жəне егер көрсетілген халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, орындаушыны тағайындайтын мемлекеттік органға;
2) орындаушыға - грантты іске асыру мақсаттары үшін грант алушы болып тағайындалған тұлғаға қайтарылуға жатады.
2. Грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілерге төленген салықты қайтаруды салық органы, егер бір мезгілде мынадай шарттар сақталса:
1) қаражаты есебінен тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған грант мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық ұйымдар желісінен берілсе;
2) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер оларды өткізу үшін грант берілген мақсаттарда ғана сатып алынса;
3) тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету грант алушымен не грант мақсаттарын жүзеге асыру үшін грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келісімшартқа) сəйкес жүзеге асырылса, салықтық өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүргізеді.
3. Грант алушыларға немесе орындаушыларға салықты қайтару осы тараудың 1-параграфында айқындалған тəртіппен жүргізіледі.
4. Грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленген салықты қайтару үшін грант алушы немесе орындаушы тұрған жері бойынша салық органына мынадай құжаттарды:
1) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекет, шет мемлекеттің үкіметі не Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген халықаралық ұйым арасындағы грант беру туралы шарттың көшірмесін;
2) грант алушы не орындаушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушімен жасасқан шарттың (келісімшарттың) көшірмесін;
3) салықтық өтінішпен жүгінген кезде оның орындаушы ретінде тағайындалуын растайтын құжаттың көшірмесін;
4) тауарлардың тиеп жөнелтілгенін, жұмыстардың орындалғанын, қызметтердің көрсетілгенін жəне осы тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің алынғанын растайтын құжаттарды;
5) көрсетілген салық сомасын бөліп көрсете отырып, салық төлеуші болып табылатын өнім беруші жазып берген шот-фактураны;
6) жүкқұжатты, тауар-көлік жүкқұжатын;
7) грант алушының немесе орындаушының материалдық жауапты адамының тауарды алғанын растайтын құжатты;
8) орындалған жəне грант алушы немесе орындаушы қабылдаған жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің белгіленген тəртіппен ресімделген актілерін;