1) салықтық мониторингке тұрған салық төлеушілерді;
2) резидент-заңды тұлғаның, бейрезидент-заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің таратылуына, бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуына, дара кəсіпкер қызметінің тоқтатылуына байланысты жүргізілетін;
трансферттік баға белгілеу;
қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомаларының анықтығын растау;
бейрезиденттің өтініші негізінде бюджеттен табыс салығын қайтару бойынша салық агенттерін тексеру мəселелері;
салықтық тексеру нəтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында баяндалған мəселелер бойынша тақырыптық салықтық тексерулер;
4) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша жүргізілетін;
5) салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерулер жүргізу барысында құжаттарды (мəліметтерді) ұсыну туралы салық органының талабын қойған жағдайда;
6) салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісі шығарылған, сондай-ақ салық органы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тəртіппен салықтық тексерудің алдын ала актісіне салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша қарсылығын қараған жағдайларда салықтық тексеру мерзіміне кірмейді.
Осы тармақта көрсетілмеген өзге де салықтық тексерулерді тоқтата тұру мерзімі салықтық тексеру мерзіміне енгізіледі.
7. Салық органы тексерілетін салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабархатты тоқтата тұру немесе қайта бастау күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде:
1) егер салық төлеуші веб-порталда тіркелген болса - веб-портал арқылы электрондық тəсілмен жіберу жолымен ұсынуға міндетті.
Салықтық тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабархат электрондық тəсілмен жіберілген кезде тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) веб-портал пайдаланушысының жеке кабинетінде танысқан кезден бастап оған табыс етілді деп есептеледі;
2) осындай хабархат электрондық тəсілмен жіберілген күннен кейінгі бір жұмыс күні өткен соң веб-портал пайдаланушысының жеке кабинетінде мұндай хабархатпен таныспаған жағдайда - қолын қойғызып жеке табыс ету немесе хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта немесе өзге де байланыс ұйымы арқылы жіберу жолымен ұсынуға міндетті.
Салықтық тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабархат хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта немесе өзге байланыс ұйымы арқылы жіберілген кезде тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап оған табыс етілді деп есептеледі.
Салықтық тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабархатты қолын қойғызып жеке табыс еткен кезде тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) салық органының данасына танысқаны жəне алғаны туралы қолтаңбасын, сондай-ақ алған күні мен уақытын қояды.
8. Қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексерулерді жүргізу, ұзарту жəне тоқтата тұру мерзімі осы Кодекстің 10-тарауының 2-параграфында көзделген мерзімдер сақтала отырып белгіленеді.
9. Хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу мерзімі отыз жұмыс күнінен аспайды.
Осы бапта көзделген салықтық тексеру мерзімінің өтуін ұзарту жəне (немесе) тоқтата тұру хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу кезінде қолданылмайды.
Хронометраждық зерттеп-қарау жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс, мереке күндері), егер тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) өз қызметін көрсетілген уақытта жүзеге асырса, жүргізілуі мүмкін.
10. Салықтық тексеруді жүргізу мерзіміне:
1) салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеру актісін электрондық тəсілмен жіберу күні мен мұндай актіні электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куəландыру күні;
2) салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеру актісін электрондық тəсілмен жіберу күні мен электрондық цифрлық қолтаңба арқылы мұндай актіні куəландыру болмаған жағдайда, қолын қойғызып табыс ету күні арасындағы кезең енгізілмейді.
164-бап. Құжаттарды ұсыну туралы талап
1. Салық органының нұсқамасы табыс етілген кезде салық төлеушіге (салық агентіне) құжаттарды ұсыну туралы талап табыс етілуі мүмкін.
Орта жəне ірі кəсіпкерлік субъектілеріне жатқызылған салық төлеушілерді тексерулерді қоспағанда, тексеру жүргізу уақытында құжаттарды ұсыну туралы талап екі реттен асырмай табыс етіледі.
2. Салық төлеушінің (салық агентінің) құжаттарды ұсыну туралы талапты орындау мерзімі табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.
Салық төлеуші (салық агенті) құжаттарды ұсыну туралы талапты орындау үшін қосымша мерзімнің қажеттілігі туралы өтінішхат жолдаған жағдайларда, салық органы сұратылатын құжаттардың көлемін негізге ала отырып, орындау мерзімін отыз жұмыс күніне дейін ұзарта алады.
165-бап. Хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу ерекшеліктері
1. Хронометраждық зерттеп-қарау салық төлеушінің (салық агентінің) жəне (немесе) оның өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.
2. Хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу үшін салық органы зерттеп-қаралатын салық салу объектісі жəне (немесе) салық салуға байланысты объекті бойынша мəселелерді өзі дербес айқындайды.
Міндетті түрде зерттеп-қарауға мыналар:
1) салық салу объектілері жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілер жатады. Салық органының, қажет болған кезде, салық төлеушінің тауарлық-материалдық құндылықтарына түгендеу жүргізуге құқығы бар;
2) ақшаның, ақша құжаттарының, бухгалтерлік кітаптардың, есептердің, сметалардың, бағалы қағаздардың, есеп-қисаптардың, декларациялардың жəне зерттеп-қаралатын салық салу объектісіне жəне (немесе) салық салуға байланысты объектіге байланысты өзге де құжаттардың болуы;
3) бақылау-касса машинасының фискалдық есебі жатады.
3. Хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізетін салық органының лауазымды адамы хронометраждық- байқау карталарына зерттеп-қарау барысында алынған мəліметтердің толық жəне дəл енгізілуін күн сайын қамтамасыз етеді.
Хронометраждық-байқау картасы əрбір салық салу объектісіне жəне (немесе) салық салуға байланысты объектіге, сондай-ақ басқа да əрбір кіріс алу көзіне жасалады.
Хронометраждық-байқау картасында:
1) салық төлеушінің сəйкестендіру деректері жəне қызмет түрі;
2) хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу күні, оның басталу жəне аяқталу уақыты;
3) салық салу объектісінің жəне (немесе) салық салуға байланысты объектінің тұрған жері;
4) өткізілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны;
5) зерттеп-қаралатын салық салу объектісі жəне (немесе) салық салуға байланысты объект жөніндегі деректер;
6) зерттеп-қарау нəтижелері қамтылуға тиіс.
4. Күн сайын зерттеп-қаралатын күннің соңында барлық зерттеп-қаралатын салық салу объектілері жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілер, сондай-ақ басқа да кіріс алу көздері бойынша жиынтық кесте жасалады.
5. Хронометраждық-байқау картасы мен жиынтық кестеге салық органының лауазымды адамы жəне салық төлеуші немесе оның өкілі міндетті түрде қол қояды жəне ол хронометраждық зерттеп-қарау актісіне қоса беріледі.
Хронометраждық-бақылау картасына, қажет болған кезде, растайтын құжаттардың, есеп-қисаптардың жəне зерттеп-қарау барысында алынған басқа материалдардың көшірмелері қоса беріледі.
166-бап. Қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексеруді жүргізу ерекшеліктері
1. Қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексеру мынадай:
1) Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайларды салуға байланысты, сондай-ақ геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жəне кен орнын жайластыру кезеңінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылған салық сомасы бөлігінде қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша салықтық өтініш ұсынылған;
2) қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап ұсынылған;
3) бұрын бюджеттен салық төлеушіге қайтарылған, оның ішінде оңайлатылған тəртіппен қайтарылған қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексеру жүргізілген жағдайда жүзеге асырылады.
2. Қосылған құн салығын қайтару бойынша тақырыптық салықтық тексеру бір мезгілде мынадай:
1) қосылған құн салығы бойынша салықтық міндеттемені орындау;
2) қайтаруға ұсынылған немесе бұрын расталған қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау мəселелері бойынша жүргізіледі.
1) осы Кодекстің 129-бабын қолдануға байланысты түзілген қосылған құн салығының асып кетуін қайтаруға өтініш берілген кезде - салықтық өтініште көрсетілген салықтық кезең;
2) қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап берілген кезде - қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талапты көрсете отырып, салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша декларация ұсынылған салықтық кезең бойынша қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап қойған салықтық кезең;
3) қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап берілген кезде - салықтың осы түрі бойынша тексерулер жүргізілмеген жəне талап қоюдың ескіру мерзімінен аспайтын салықтық кезеңдер;
4) бұрын бюджеттен салық төлеушіге қайтарылған қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексеру немесе кешенді салықтық тексеру жүргізілген жағдайда - бұрын қосылған құн салығының асып кету сомалары қайтарылған салықтық кезеңдер кіреді.
4. Осы Кодекстің 129-бабына сəйкес қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомасының анықтығын растау мақсатында қосылған құн салығын қайтару бойынша тақырыптық салықтық тексеру жүргізу кезінде тексерілетін кезеңге:
1) өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлардың құрылысы басталған;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тəртіппен жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасалған салықтық кезеңнен басталатын уақыт кезеңі кіреді.
1) осы Кодекстің 129-бабына сəйкес қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомасының анықтығын растау кезінде қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша жүргізілген салықтық тексерулердің нəтижелері ескеріледі;
2) 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салықтық кезеңдер үшін түзілген қосылған құн салығының асып кету сомасының анықтығын растау кезінде қарсы салықтық тексерулерді қоса алғанда, салық төлеушіге бұрын жүргізілген салықтық тексерулер нəтижелері ескеріледі.
6. Осы Кодекске сəйкес қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде мынадай:
1) тауарлар экспортталған жағдайда - ЕАЭО-ның кедендік аумағынан экспорттың кедендік рəсімімен тауарларды əкету фактісін растайтын мəліметтер жəне тауарлар экспортын растайтын құжаттардан алынған мəліметтер;
2) кейіннен басқа мемлекеттің аумағына қайта өңдеу өнімдері əкетіле отырып, ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына əкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар орындалған жағдайда - Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттардан алынған мəліметтер;
3) ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына қайта өңдеу өнімдері кейіннен өткізіле отырып, ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына əкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар орындалған жағдайда - ЕАЭО-ның кедендік аумағынан қайта өңдеу өнімдерін əкету фактісін растайтын кеден органының мəліметтері ескеріледі.
7. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тəртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банктік шоттарына валюталық түсімнің түсуі мынадай:
2) тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құнын өтеу бөлігінде - тауарға меншік құқығының лизинг алушыға өтуі көзделетін лизинг шарты (келісімшарты) бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағына тауарлар əкетілген;
3) қайта өңдеу өнімдері кейіннен басқа мемлекеттің аумағына не ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына əкетіле отырып, ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына əкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар орындалған жағдайда, қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде ескеріледі.
Салық төлеушінің Қазақстан Республикасы аумағындағы банк ұйымдарындағы банктік шоттарына валюталық түсімнің түсуі жөніндегі осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары:
1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жер қойнауын пайдаланушы арасында жасалған өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде қызметті жүзеге асыратын, өндірілген тұрақсыз конденсатты Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағына өткізетін;
2) жер қойнауын пайдаланушының роялтиді жəне (немесе) Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін заттай нысанда төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындауы есебінен пайдалы қазбаларды беруді көздейтін өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде теңізде көмірсутектерді барлауды жəне (немесе) өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.
8. Сыртқы саудадағы тауар алмасу (бартерлік) операциялары бойынша тауарлар экспортталған жағдайда, қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде:
1) сыртқы саудадағы тауар алмасу (бартерлік) операциясы жөніндегі шарттың (келісімшарттың);
2) сыртқы саудадағы тауар алмасу (бартерлік) операциясы бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушіге жеткізген тауарлар бойынша тауарларға арналған импорттық декларацияның болуы ескеріледі.
9. Сыртқы саудадағы тауар алмасу (бартерлік) операциялары бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағына тауарлар экспортталған, заттай түрде қарыз берілген жағдайда, қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде:
1) сыртқы саудағы тауар алмасу (бартерлік) операциясы жөніндегі шарттың (келісімшарттың);
2) заттай түрде қарыз беру жөніндегі шарттың (келісімшарттың);
3) көрсетілген операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушіге жеткізген тауарлар бойынша тауарларды əкелу жəне жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің болуы ескеріледі.
10. Қосылған құн салығының асып кету сомасының анықтығын айқындау мақсатында тексеруді жүргізу кезінде салықтық тəуекелдерді басқару жүйесі пайдаланылады, оның шеңберінде «Өнім берушілер бойынша пирамида» талдамалық есебі қалыптастырылады.
Электрондық шот-фактураларды, қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті жəне (немесе) салық органының ақпараттандыру объектілерінің мəліметтерін зерделеу жəне талдау негізінде салық органдары жүзеге асыратын электрондық шот-фактураларды жазып беру бойынша салыстырмалы бақылау нəтижелері осы баптың мақсаттары үшін «Өнім берушілер бойынша пирамида» талдамалық есебі болып табылады.
11. Қосылған құн салығын қайтару бойынша тақырыптық салықтық тексеру нəтижелері бойынша қосылған құн салығының қайтарылуға жататын асып кету сомасы айқындалады.
Тақырыптық салықтық тексеру нəтижелері бойынша, егер:
1) өнім берушімен жəне сатып алушымен өзара есеп айырысулардың анықтығын растау үшін қарсы тексерулер жүргізуге берілген сұрау салуларға жауап алынбаса немесе оның ішінде:
тұрған жері бойынша өнім берушінің болмауы;
өнім берушінің есепке алу құжаттамасының жоғалуы себебі бойынша қарсы салықтық тексеру жүргізілмесе;
2) салықтық кезеңде тікелей өнім берушіде қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікте көрсетілген мəліметтер мен өнім берушінің барлық жазып берілген шот-фактуралары бойынша электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіндегі мəліметтер арасындағы салыстыру кезінде өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар жəне көрсетілген қызметтер бойынша қосылған құн салығы сомасының төмендетілгені анықталса;
3) салықтық тексеру жүргізіліп жатқан салық төлеушіге немесе оның тікелей өнім берушісіне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216 жəне 245-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалса;
4) тексерілетін салық төлеуші немесе оның тікелей өнім берушісі бойынша электрондық шот-фактураларды жазып беру тоқтатыла тұрса;
5) тікелей өнім берушіде қосылған құн салығы бойынша бересі болса;
6) валюталық түсім түспесе (толық көлемде түспесе);
7) экспорттау кезінде тауарларды əкету фактісі расталмаса (толық көлемде расталмаса), қосылған құн салығын қайтару жүргізілмейді.
12. Осы баптың ережелері салық органы қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомаларының анықтығын растау мəселесін кешенді тексеруге енгізген жағдайда да қолданылады.
167-бап. Бейрезиденттің салықтық өтініші негізінде бюджеттен табыс салығын қайтару мəселесі бойынша тақырыптық салықтық тексеруді жүргізу ерекшеліктері
1. Бейрезиденттің салықтық өтініші негізінде бюджеттен табыс салығын қайтару мəселесі бойынша тақырыптық салықтық тексеру талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде осындай өтініш берген бейрезиденттің кірісінен төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстап қалу жəне аудару бойынша салықтық міндеттемелерді орындауы тұрғысынан салық агентіне қатысты жүргізіледі.
2. Салық органы бейрезиденттің салықтық өтінішін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тақырыптық салықтық тексеруді тағайындайды.
3. Салық органы тақырыптық салықтық тексеруді жүргізу барысында құжаттарды мынадай тұрғыдан:
1) бейрезиденттің кірістерінен төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстап қалу жəне аудару бойынша салықтық міндеттемелерді салық агентінің толық орындауын;
2) бейрезиденттің осы Кодекске немесе халықаралық шартқа сəйкес тұрақты мекеме құруын;
3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жəне филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына сəйкес өтініш беруші-бейрезиденттің есептік тіркелуін, тіркеу есебін;
4) бюджеттен табыс салығын қайтаруға арналған салықтық өтініште көрсетілген деректердің анықтығын тексереді.
168-бап. Салықтық тексеруді жүргізу үшін аумаққа жəне (немесе) үй-жайларға кіру
1. Тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) салық органының лауазымды адамдарының жəне салықтық тексеруді жүргізуге тартылатын өзге де адамдардың:
кірістер алу үшін пайдаланылатын аумаққа жəне (немесе) үй-жайларға (тұрғын үй-жайлардан басқа);
салық салу объектілеріне жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерге зерттеп-қарау үшін кіруін;
осы Кодекстің 160-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сəйкес бағдарламалық қамтамасыз ету деректерін қарауға қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.
Тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) салық органының лауазымды адамдарының жəне салықтық тексеруді жүргізуге тартылатын өзге де адамдардың:
салық органының нұсқамаларын, сондай-ақ қызметтік куəліктерін не сəйкестендіру карталарын;
егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) аумағына жəне (немесе) үй-жайларына кіру үшін арнаулы рұқсаттар қажет болса, арнаулы рұқсаттарды көрсеткен кезде кіруін қамтамасыз етуге міндетті.
2. Тексерілетін салық төлеуші (салық агенті):
1) нұсқаманы, сондай-ақ қызметтік куəліктерін не сəйкестендіру карталарын көрсетпеген;
2) салық органының лауазымды адамдары жəне (немесе) салықтық тексеруді жүргізуге тартылатын адамдар нұсқамада көрсетілмеген;
3) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес арнаулы рұқсат қажет болса, салық органының лауазымды адамдарында жəне (немесе) салықтық тексеруді жүргізуге тартылатын адамдарда салық төлеушінің (салық агентінің) аумағына жəне (немесе) үй-жайларына кіруге арнаулы рұқсат болмаған жағдайларда, аумағына жəне (немесе) үй-жайларына кіргізуден бас тартуға құқылы.
3. Салық органдарының салықтық тексеруді жүргізетін лауазымды адамдарының жəне салықтық тексеруді жүргізуге тартылатын адамдардың кіруіне тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) негізсіз бас тартқан жəне (немесе) кедергі келтірген жағдайда, рұқсат бермеу туралы акт жасалады.
4. Рұқсат бермеу туралы актіге:
1) салық органының салықтық тексеруді жүргізетін лауазымды адамдары;
3) тексерілетін салық төлеуші (салық агенті);
4) осы Кодекстің 182-бабында айқындалған тəртіппен тартылған куəгерлер қол қояды.
Салықтық тексеру тағайындалған салық төлеуші (салық агенті) рұқсат бермеу туралы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда, салық органының салықтық тексеру жүргізуге арналған нұсқамада көрсетілген лауазымды адамы осындай актіге бұл туралы тиісті жазба жасайды.
169-бап. Салықтық тексерудің алдын ала актісі
1. Салықтық тексерудің алдын ала актісі - тексеруші Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сəйкес жасаған жəне салықтық тексеру актісі жасалғанға дейін салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілетін салықтық тексерудің алдын ала нəтижелері туралы құжат.
Тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беруге құқылы.
2. Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ осындай қарсылықты қарау тəртібі мен мерзімдерін уəкілетті орган бекітеді.
3. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нəтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау кезінде жіберілген тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау жəне жүргізу туралы уəкілетті органның тапсырмасы негізінде тағайындалған салықтық тексеруді тағайындау кезінде салықтық тексерудің алдын ала актісі жасалмайды жəне табыс етілмейді.
170-бап. Салықтық тексерудің аяқталуы
1. Салықтық тексеру аяқталған соң салық органының салықтық тексеру жүргізген лауазымды адамы салықтық тексеру актісін жасайды.
Салықтық тексеру актісінде:
2) тексеру нысаны, тексерілетін кезең;
3) салық органының салықтық тексеруді жүргізген лауазымды адамдарының лауазымы, тегі, аты жəне əкесінің аты;
4) салықтық тексеруді жүргізу кезінде қатысқан жеке кəсіпкерлік субъектілері бірлестіктері өкілдерінің лауазымы, тегі, аты жəне əкесінің аты;
6) тексерілген салық төлеушінің (салық агентінің) сəйкестендіру деректері;
7) тексерілген салық төлеушінің (салық агентінің) банктік деректемелері;
8) салық төлеуші (салық агенті) басшысының жəне салықтық есептілік пен бухгалтерлік есептілікті жүргізуге жəне салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеуге жауапты лауазымды адамдарының тегі, аты жəне əкесінің аты;
9) алдыңғы тексеру жəне бұрын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар туралы мəліметтер (кешенді немесе тақырыптық салықтық тексеруді жүргізу кезінде);
10) тексерілген салық төлеуші (салық агенті) ұсынған құжаттар туралы жалпы мəліметтер;
11) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылған тиісті ережелерін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтардың егжей-тегжейлі сипаттамасы;
12) тексеру нəтижелері қамтылуға тиіс.
Салықтық тексеру актісіне салық құпиясы болып табылатын мəліметтерді қоспағанда, құжаттардың қажетті көшірмелері, салық органының салықтық тексеруді жүргізген лауазымды адамы жасаған есеп-қисаптар жəне салықтық тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса беріледі.
2. Салықтық тексеру актісі кемінде екі данада жасалады жəне оған: