2) электрондық тəсілмен жіберілген күннен кейінгі үш жұмыс күні өткен соң веб-портал пайдаланушысының кабинетінде мұндай хабарламамен танысу болмаған жағдайда - қолын қойғызып жеке табыс ету немесе хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта немесе өзге байланыс ұйымы арқылы жіберу жолымен ұсынылады.
Салықтық тексеру нəтижелері туралы хабарлама хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта немесе өзге байланыс ұйымы арқылы жіберілген кезде салық төлеуші (салық агенті) пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілді деп есептеледі.
Салықтық тексеру нəтижелері туралы хабарлама қолын қойғызып жеке табыс етілген кезде салық төлеуші (салық агенті) салық органының данасына танысқаны жəне алғаны туралы қолтаңбасын, сондай-ақ алған күні мен уақытын қояды.
5. Хабарламасы бар тапсырысты хатпен салық төлеушіге (салық агентіне) жіберілген салықтық тексеру нəтижелері туралы хабарламаны пошта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған жағдайда:
1) салықтық зерттеп-қарауды жүргізген;
2) егер салықтық тексеру актісі салықтық зерттеп- қарау актісінің негізінде табыс етілген болса, мұндай хатты пошта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған күн осындай хабарламаны табыс ету күні болып табылады.
6. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нəтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің жəне (немесе) өсімпұлдың есепке жазылған сомаларымен келіскен жағдайда, салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемені, сондай-ақ өсімпұлды төлеу жөніндегі міндеттемені орындау мерзімдері салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші бойынша төлеу графигі қоса беріле отырып, алпыс жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін.
Бұл ретте көрсетілген сома төлеу мерзімі ұзартылған əрбір күнге өсімпұл есепке жазыла отырып, бюджетке төленуге жатады жəне көрсетілген кезеңнің əрбір он бес жұмыс күні сайын тең үлестермен төленіп отырады.
Тексеру нəтижелері бойынша есепке жазылған акциздің жəне төлем көзінен ұстап қалынатын салықтардың сомаларын төлеу бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалған тəртіппен салықтық міндеттемені орындау мерзімі ұзартылуға жатпайды.
7. Таратудың салықтық есептілігін алған күннен бастап таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезеңде пайда болған салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді есептеу, төлеу бойынша салықтық міндеттеменің жəне əлеуметтік міндеттеменің сомалары тарату кезеңінде есепке жазылған сомалар туралы хабарламада көрсетіледі.
8. Егер салықтық тексеруді жүргізу кезінде салық органы сол бір салықтық кезеңде сол бір мəселе бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) алдыңғы салықтық тексерулердің кез келгенін жүргізу кезінде анықталмаған Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылық жасау фактісін анықтаса, салық төлеушіге қатысты мұндай бұзушылық үшін əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу басталмайды, ал басталған іс тоқтатылуға жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері қосарланған салық салуды болдырмау жəне салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мəселелерін реттейтін халықаралық шарттың ережелерін қолдануға байланысты бюджеттен табыс салығын қайтаруға арналған салықтық өтінішті қайта қарау туралы бейрезиденттің жолданымы бойынша тақырыптық салықтық тексерулерге қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері:
1) салықтың немесе бюджетке төленетін төлемнің осы түрі бойынша бұрын тексерілген салықтық кезеңге қосымша салықтық есептілікті ұсыну арқылы салық төлеушінің (салық агентінің) салықтың немесе бюджетке төленетін төлемнің төлеуге жататын сомасын азайтуы бөлігінде;
2) салық органының сол бір салықтық кезеңде алдыңғы салықтық тексерулердің кез келгенін жүргізу кезінде жіберген сұрау салуына жауаптың нəтижелері бойынша, егер көрсетілген жауап осындай тексеру аяқталғаннан кейін алынған болса;
3) салықтың немесе бюджетке төленетін төлемнің төлеуге жататын сомасына əсер ететін жəне салық төлеуші (салық агенті) салықтың немесе бюджетке төленетін төлемнің осы түрі бойынша сол бір салықтық кезеңде алдыңғы салықтық тексерулердің кез келгенін жүргізу барысында салық органының сұрау салуына ұсынбаған құжаттарды қарау нəтижелері бойынша;
4) сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін жеке кəсіпкерлік субъектісі іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасаған шот-фактура жазып беру жөніндегі əрекетке қатысты, егер салық органы осындай əрекет туралы мəліметтерді мұндай əрекет жасалған салықтық кезеңде алдыңғы салықтық тексерулердің кез келгені аяқталғаннан кейін алғаш рет алса, анықталған Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарға қолданылмайды.
3-параграф. Салық салу объектілерін жəне (немесе) салық
салуға байланысты объектілерді жекелеген жағдайларда жанама əдіспен айқындау
172-бап. Есепке алу құжаттары жəне өзге де құжаттар болмаған кездегі салықтық тексерулер
1. Егер салықтық тексеруді жүргізу барысында салық төлеуші (салық агенті) салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін қажетті құжаттардың барлығын немесе бір бөлігін ұсынбаған болса, салық төлеушіге (салық агентіне) міндетті түрде салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін қажетті құжаттарды жəне (немесе) мəліметтерді ұсыну немесе қалпына келтіру туралы талап (бұдан əрі - құжаттарды жəне (немесе) мəліметтерді ұсыну немесе қалпына келтіру туралы талап), сондай-ақ салықтық тексеруді тоқтата тұру туралы хабархат ұсынылады.
2. Құжаттарды жəне (немесе) мəліметтерді ұсыну немесе қалпына келтіру туралы талап салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 171-бабының 4-тармағында айқындалған тəртіппен ұсынылады.
3. Құжаттарды жəне (немесе) мəліметтерді ұсыну немесе қалпына келтіру туралы талапты орындау мерзімі табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнін құрайды.
4. Салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған салық төлеуші (салық агенті) құжаттарды жəне (немесе) мəліметтерді ұсыну немесе қалпына келтіру туралы талап бойынша көрсетілген құжаттарды ұсынбау себептеріне жазбаша түсініктеме беруге міндетті.
173-бап. Салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жанама əдіспен айқындау
1. Есепке алуды жүргізу тəртібі бұзылған жағдайда, есепке алу құжаттамасы жоғалған немесе жойылған кезде, жеке тұлғаның кірісін айқындау кезінде салық органдары жанама əдістер (активтер, мүлік, міндеттемелер, айналым, кірістер, шығындар, шығыстар) негізінде салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындайды.
Есепке алуды жүргізу тəртібінің бұзылуы, есепке алу құжаттамасының жоғалуы немесе жойылуы деп салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін негіз болып табылатын құжаттарды ұсыну немесе қалпына келтіру туралы салық органының талаптары негізінде сұратылатын салықтық міндеттемелерді есептеу үшін көрсетілген құжаттардың болмауы немесе салық төлеушінің (салық агентінің) оларды ұсынбауы түсініледі.
Салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындаудың жанама əдісі деп осы Кодекске сəйкес нақты салық пен бюджетке төленетін төлемге қатысты салықтық міндеттемені есептеу үшін қабылданатын активтерді, мүлікті, міндеттемелерді, кірістерді, айналымды, шығыстарды бағалау, сондай-ақ басқа да салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бағалау негізінде салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер сомаларын айқындау түсініледі.
2. Салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жанама əдістер негізінде айқындау үшін салық органы салық органдарында бар, оның ішінде салықтық əкімшілендіру бойынша өзара іс-қимыл шеңберінде алынған, сондай-ақ бақылаудың өзге де нысандары мен кедендік бақылау нəтижелері бойынша алынған салық төлеуші, оның өнім берушілері мен сатып алушылары туралы мəліметтерді пайдалана алады.
2) тиісті уəкілетті мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға жəне Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға;
3) тексерілетін салық төлеушінің өнім берушілерімен жəне сатып алушыларымен өзара есеп айырысулар мəселесі бойынша қарсы салықтық тексерулер жүргізу туралы басқа салық органдарына;
4) шет мемлекеттердің құзыретті органдарына сұрау салулар жібереді.
Қажетті ақпарат мынадай көздерден де (құжаттамалық расталған):
1) тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) көрсеткен қызметтердің құны туралы тапсырыс берушілерден жəне сатып алынған өнімнің құны мен көлемі туралы сатып алушылардан;
2) тексерілетін салық төлеушіге (салық агентіне) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірісі жəне айналымы саласында қызметтер көрсеткен, шикізатты, энергия ресурстарын жəне қосалқы материалдарды жіберуді жүзеге асырған жеке жəне заңды тұлғалардан алынуы мүмкін.
Ақпарат көздері мəн-жайларға, тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) қызмет сипаты мен түріне қарай əрбір нақты жағдайда ерекшеленуі мүмкін.
4. Салық салуға жататын жеке тұлғаның кірісін жанама əдіспен айқындау жеке тұлғаның салық декларацияларында көрсетілген мəліметтер бойынша, сондай-ақ жеке табыс салығы бойынша салықтық міндеттеменің пайда болуына алып келетін уəкілетті органдар (ұйымдар) мен үшінші тұлғалардың деректері бойынша жеке тұлғаға қатысты салықтық əкімшілендіруді жүзеге асыру барысында қолданылады.
5. Егер жеке тұлғаның салық декларацияларында көрсетілген кірістері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ құқықтары жəне (немесе) мəмілелері Қазақстан Республикасында жəне оның шегінен тысқары жерлерде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті сатып алуға жұмсалған шығыстардан аз болса, салық органдары жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін салықтық əкімшілендіруді жүзеге асыру барысында жеке тұлғаның кірісін айқындаудың жанама əдісін қолдануға құқылы.
Осы Кодексте көзделген салық декларацияларында көрсетілген мəліметтер, кірістердің алынғанын, міндеттемелердің пайда болғанын, меншік құқығындағы мүліктің болуын растайтын құжаттар, уəкілетті органдар (ұйымдар) мен үшінші тұлғалардың деректері жеке тұлғаның мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ құқықтары жəне (немесе) мəмілелері Қазақстан Республикасында жəне оның шегінен тысқары жерлерде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті сатып алуға жұмсалатын шығыстарын жүзеге асыруға бағытталған кірістерін растау үшін ескеріледі.
Салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жанама əдіспен айқындау тəртібін уəкілетті орган айқындайды.
16-тарау. БАҚЫЛАУДЫҢ ӨЗГЕ ДЕ НЫСАНДАРЫ
174-бап. Бақылаудың өзге де нысандары бойынша жалпы ережелер
Салықтық əкімшілендіру шеңберіндегі бақылаудың өзге нысандары мыналарды қамтиды:
1) Қазақстан Республикасында өндірілген немесе Қазақстан Республикасына импортталған акцизделетін тауарларды бақылау;
2) трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау;
3) мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан əрі пайдалану жəне өткізу тəртібінің сақталуын бақылау;
4) уəкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың жəне Мемлекеттік корпорацияның қызметін бақылау;
5) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тəртібінің сақталуын бақылау;
6) ЕАЭО-ның кедендік аумағына əкелінген тауарлар айналымының қадағаланып отыруы;
175-бап. Қазақстан Республикасында өндірілген немесе Қазақстан Республикасына импортталған акцизделетін тауарларды бақылау
1. Салық органы акцизделетін тауарларды бақылауды:
1) өндірушілердің, акцизделетін тауарлар айналымын жүзеге асыратын тұлғалардың;
2) борышкердің мүлкін өткізу кезінде банкроттықты жəне оңалтуды басқарушылардың осы бапта айқындалған, акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау, акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстыру тəртібін сақтауы бөлігінде жүзеге асырады.
Салық органы акцизделетін тауарларды бақылауды акциздік бекеттерді орнату арқылы да жүзеге асыра алады.
1) акцизделетін тауарларды өндірушілер мен импорттаушылар;
2) борышкердің мүлкін (активтерін) өткізу кезінде банкроттықты жəне оңалтуды басқарушылар жүзеге асырады.
3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар:
1) толысылған шарапты (шарап материалын), сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімі - есепке алу-бақылау маркаларымен;
2) темекі бұйымдары сəйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалауға жатады.
4. Таңбалауға жататын акцизделетін тауарлардың, осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайлардан басқа, сəйкестендіру құралдары жəне (немесе) есепке-бақылау таңбалары жоқ, сондай-ақ белгіленбеген үлгідегі жəне (немесе) сəйкестендіруге келмейтін сəйкестендіру құралдары жəне (немесе) есепке алу-бақылау таңбалары бар акцизделетін өнімді сақтау, өткізу жəне (немесе) тасымалдау түріндегі айналымына тыйым салынады.
5. Міндетті таңбалауға жататын тауарларды бөлшек саудада өткізу кезінде деректерді тіркеп-белгілеу жəне (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары арқылы операцияларды есепке алу тауарларға салынған сəйкестендіру құралдарын оқу арқылы ғана жүзеге асырылады.
1) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге экспортталатын;
2) бажсыз сауда дүкендерінің иелері Қазақстан Республикасының аумағына əкелетін, бажсыз сауданың кедендік рəсімімен орналастыруға арналған;
3) уақытша əкелу (рұқсат беру) жəне уақытша əкету кедендік рəсімдерімен ЕАЭО-ның кедендік аумағына əкелінетін, оның ішінде бірлі-жарым даналарда жарнама жасау жəне (немесе) демонстрациялау мақсатында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша əкелінетін;
4) кедендік транзиттеу кедендік рəсімімен ЕАЭО-ның кедендік аумағы арқылы алып өтілетін, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен алып өтілетін алкоголь өнімі мен темекі бұйымдары;
5) Қазақстан Республикасының аумағына жиырма бір жасқа толған жеке тұлға - үш литрден аспайтын шекте əкелетін (жөнелтетін) алкоголь өнімі, сондай-ақ он сегіз жасқа толған жеке тұлға екі жүз сигареттен немесе елу сигарадан (сигарилладан) немесе темекінің екі жүз елу грамынан аспайтын шекте не көрсетілген бұйымдарды жалпы салмағы екі жүз елу грамнан аспайтын ассортиментте əкелетін (жөнелтетін) темекі мен темекі бұйымдары міндетті таңбалауға жатпайды.
7. Қазақстан Республикасында алкоголь өнімін өндіруді жүзеге асыратын тұлға алкоголь өнімін тиеп-жөнелткен (берген) күні акциз төлеген жағдайда, алкоголь өнімін тиеп- жөнелткен (берген) күні акциз төлеу туралы міндеттемені (бұдан əрі - акциз төлеу туралы міндеттеме) ұсынады.
Қазақстан Республикасына алкоголь өнімінің импортын жүзеге асыратын тұлға Қазақстан Республикасына алкоголь өнімінің импорты кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемені (бұдан əрі - есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттеме) ұсынады.
8. Есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы импорттаушының міндеттемесі жəне акцизді төлеу туралы міндеттеме есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар жəне астана бойынша уəкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ұсынылады.
9. Акциз төлеу туралы міндеттеме немесе есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттеме ұсынылмаған жағдайда, есепке алу-бақылау маркалары берілмейді.
10. Акциз төлеу туралы міндеттеме жəне есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттеме мынадай тəсілдермен:
1) ақшаны уақытша орналастыру шотына ақша енгізу арқылы;
4) мүлікті кепілге қою арқылы қамтамасыз етіледі.
11. Ақшаны уақытша орналастыру шотын облыстар, республикалық маңызы бар қалалар жəне астана бойынша уəкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган ашады.
12. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар жəне астана бойынша уəкілетті органның ақшаны уақытша орналастыру шоты алкоголь өнімін өндіруді жəне (немесе) Қазақстан Республикасына импорттауды жүзеге асыратын тұлғаның ақша салуына арналған.
Ақшаны уақытша орналастыру шотына ақша салу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.
13. Төтенше ахуалдар салдарынан жəне (немесе) төтенше жағдай қолданылған кезеңде туындаған жағдайларды қоспағанда, өндіруші жəне (немесе) импорттаушы ақшамен қамтамасыз етілген акцизді төлеу туралы міндеттемені жəне есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемені орындамаған кезде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар жəне астана бойынша уəкілетті органның аумақтық бөлімшесі бес жұмыс күні өткен соң ақшаны уақытша орналастыру шотынан ақшаны бюджет кірісіне аударады.
14. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар жəне астана бойынша уəкілетті органның уақытша орналастыру шотына салынған ақшаны қайтару (есепке жатқызу) акцизді төлеу жəне есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемелердің орындалуы туралы есеп ұсынылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
15. Уəкілетті орган мыналарды:
1) толысылған шарапты (шарап материалын), сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) тəртібін, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркаларының нысандарын, мазмұны мен қорғау элементтерін;
2) есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру жəне өндірушінің акцизді төлеу туралы жəне (немесе) импорттаушының есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну тəртібін, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу тəртібін жəне оны қамтамасыз ету мөлшерін белгілейді.
16. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесі, сондай-ақ оларды ресімдеу тəртібі мен олардың құжат айналымы осы Кодекстің 179-бабына сəйкес белгіленеді.
17. Салық органдары этил спирті мен алкоголь өнімін (сыра мен сыра сусынынан басқа), бензинді (авиациялықтан бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішті, жеңіл көмірсутектер қоспасын, экологиялық отын мен темекі бұйымдарын өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында акциздік бекеттер орнатады.
Акциздік бекет салық органының лауазымды адамдарының арасынан қалыптастырылады.
Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру тəртібін уəкілетті орган айқындайды.
Акциздік бекеттің тұрған жері мен құрамын, оның жұмыс регламентін салық органы айқындайды.
18. Салық органының акциздік бекеттегі лауазымды адамы:
1) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының жекелеген акцизделетін тауарлардың өндірісі мен айналымын реттейтін заңнамасының талаптарын сақтауын;
2) акцизделетін тауарлардың тек қана өлшеуіш аппараттары арқылы бөлінуін жəне (немесе) босатылуын немесе есепке алу аспаптары арқылы өткізілуін (құйылуын), сондай-ақ осындай есепке алу аспаптарының пломбаланған түрде пайдаланылуын;
3) салық төлеушінің акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау тəртібін сақтауын;
4) дайын өнімнің, есепке алу-бақылау маркаларының немесе сəйкестендіру құралдарының қозғалысын бақылауды жүзеге асырады.
19. Салық органының акциздік бекеттегі лауазымды адамы:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, салық төлеушінің акцизделетін тауарларды өндіру, сақтау жəне өткізу үшін пайдаланатын əкімшілік, өндірістік, қойма, сауда, қосалқы үй-жайларын зерттеп-қарауға;
2) акцизделетін тауарларды өткізу кезінде болуға;
3) салық төлеушінің аумағынан (аумағына) шығып бара жатқан (кіріп келе жатқан) жүк көлігі құралдарын қарап-тексеруге құқылы.
Салық органының акциздік бекеттегі лауазымды адамының акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру тəртібінде көзделген өзге де құқықтары бар.
176-бап. Трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау
Салық органдары мəмілелер бойынша трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген тəртіппен жəне жағдайларда жүзеге асырады.
177-бап. Мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан əрі пайдалану жəне өткізу тəртібінің сақталуын бақылау
1. Салық органы мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан əрі пайдалану жəне өткізу тəртібінің сақталуын бақылауды (бұдан əрі осы баптың мақсатында - бақылау):
1) мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан əрі пайдалану жəне өткізу тəртібін сақтау;
2) оны өткізген жағдайда бюджетке ақшаның толық жəне уақтылы түсуі;
3) мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті беру тəртібін сақтау;
4) ұсынылған мəліметтердің уақтылы жəне анық болуы;
5) мүлікті жою тəртібін сақтау мəселелері бойынша жүзеге асырады.
1) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уəкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің;
2) коммуналдық меншікті басқаруға уəкілеттік берілген жергілікті атқарушы органдардың;
3) белгіленген тəртіппен мемлекет кірісіне айналдырылған деп танылған, меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз мүліктің (заттай дəлелдемелерді қоса алғанда) не меншік иесі меншік құқығынан бас тартқан заттың болуы, оны берудің толықтығы жəне уақтылығы мəселесі бойынша мемлекеттік мекемелердің;
4) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сəйкес мүлікті сақтауға жəне өткізуге шарт жасасқан кəсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бақылау субъектілеріне қатысты жүзеге асырылады.
3. Салық органының бақылауды тағайындау туралы шешімі (бұдан əрі осы баптың мақсатында - шешім) бақылауды жүзеге асыруға негіз болып табылады.
Шешімде мынадай ақпарат:
1) шешімнің салық органында тіркелген күні мен нөмірі;
2) бақылау субъектісінің атауы мен сəйкестендіру нөмірі;
3) бақылауды тағайындау негіздемесі;
4) салық органының бақылауды жүзеге асыруға уəкілеттік берілген лауазымды адамдарының, сондай-ақ бақылауды жүзеге асыруға тартылатын мамандардың лауазымы, тегі, аты жəне əкесінің аты қамтылуға тиіс.
Маман бақылауды жүзеге асыруға арнаулы білім мен дағдыны талап ететін мəселелерді зерттеу жəне консультация алу үшін тартылады.
Маман ретінде арнаулы білімі мен дағдысы бар адам, оның ішінде Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының лауазымды адамдары тартылады.
Салық органының бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамы қойған, қағаз жеткізгіште жəне (немесе) электрондық құжат нысанында ұсынылған мəселелер бойынша маман бақылау барысында пайдаланылатын қорытынды жасайды.
Осындай мəселелер мен қорытындылардың көшірмелері бақылау актісіне, оның ішінде бақылау субъектісіне берілетін данасына қоса беріледі;
5) бақылауды жүзеге асыру мерзімі;
7) бақылау субъектісінің шешіммен танысқаны жəне оны алғаны туралы белгісі қамтылуға тиіс.
Шешім бақылауды жүзеге асыру басталғанға дейін мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда мемлекеттік тіркелуге жатады.
4. Шешім бақылау субъектісіне осы Кодекстің 51-бабында айқындалған тəртіппен, осындай шешімді мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылған күннен кейінгі бес күн ішінде ұсынылады.
Бақылау субъектісі немесе бақылау субъектісінің басшысы (уəкілетті лауазымды адамы) шешімнің данасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда, салық органының бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамы бас тарту туралы акт жасайды.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайда, бақылау субъектісі немесе бақылау субъектісінің басшысы (уəкілетті лауазымды адамы) бас тарту себептеріне жазбаша түсініктеме беруге міндетті.
Бақылау субъектісінің немесе бақылау субъектісі басшысының (уəкілетті лауазымды адамының) шешімді алудан бас тартуы бақылаудың күшін жоюға негіз болып табылмайды.
1) бақылау субъектісі немесе бақылау субъектісінің басшысы (уəкілетті лауазымды адамы) шешімнің данасын алған;
2) бас тарту туралы акт жасалған күн бақылауды жүзеге асырудың басталуы деп есептеледі.
6. Бақылауды жүзеге асыру кезінде бақылау субъектісі мен бақылау субъектісінің лауазымды адамдары салық органының бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарына:
1) бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен мəліметтерді алуға;
2) зерттеп-қарауды жүзеге асыру үшін бақылау объектілеріне кіруге жəрдем көрсетеді.
Салық органының бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарына осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген əрекеттерді жасауға кедергі келтірілген кезде бақылауды жүзеге асыруға кедергі келтіру туралы акт жасалады.
Бақылауды жүзеге асыруға кедергі келтіру туралы актіге салық органының бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдары жəне бақылау субъектісі немесе бақылау субъектісінің басшысы (уəкілетті лауазымды адамы) қол қояды.