Қазақстан Республикасының 2025 жылы 18 сәуірдегі 214-VIII Салық Кодексі

Предыдущая страница

2) уəкілетті орган шағым жасалған мəселені қосымша зерделеу қажет болған жағдайда тоқсан жұмыс күніне дейін ұзартады.

Уəкілетті орган осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген жағдайда, салық төлеушіге (салық агентіне) шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.

 

197-бап. Шағымды қарау нəтижелері бойынша шешім

1. Уəкілетті орган салықтық тексеру нəтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау үшін апелляциялық комиссия құрады.

Апелляциялық комиссияның құрамы мен ережесін уəкілетті орган айқындайды.

Уəкілетті орган шағымды қарау аяқталғаннан кейін апелляциялық комиссияның шешімін ескере отырып, уəжді шешім шығарады.

2. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нəтижелері туралы хабарламаға шағымын қараудың қорытындылары бойынша уəкілетті орган мынадай шешімдердің бірін шығарады:

1) шағым жасалып отырған салықтық тексеру нəтижелері туралы хабарлама - өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;

2) шағым жасалып отырған салықтық тексеру нəтижелері туралы хабарламаның толық немесе бір бөлігінің күші жойылсын.

3. Уəкілетті органның шағымды қарау нəтижелері бойынша шешімінде мыналар:

1) шешім қабылданған күн;

2) шағымды қараған уəкілетті органның атауы;

3) шағым берген салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты жəне əкесінің аты не толық атауы;

4) шағым берген салық төлеушінің (салық агентінің) сəйкестендіру нөмірі;

5) шағым жасалатын салықтық тексеру нəтижелері туралы хабарламаның қысқаша мазмұны;

6) шағымның мəні;

7) уəкілетті орган шағым бойынша шешім шығарған кезде басшылыққа алған, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың жəне (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасалған негіздеме;

8) қабылданған шешім көрсетіледі.

Бұл ретте осы Кодексте белгіленген, уəкілетті органның салықтық тексеру нəтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау тəртібінің ерекшеліктерін ескере отырып, шағым бойынша алдын ала шешім шығару талап етілмейді.

4. Уəкілетті органның шағымды қарау нəтижелері бойынша шешімі - шағым берген тұлғаға, ал көшірмесі салықтық тексеруді жүргізген салық органына жіберіледі немесе табыс етіледі.

5. Шағымды қарау нəтижелері бойынша шағым жасалып отырған хабарламаның бір бөлігінің күші жойылған жағдайда, салықтық тексеру жүргізген салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нəтижелері туралы хабарламаға шағымын қараудың қорытындылары туралы хабарлама шығарады жəне осы Кодекстің 83-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жібереді.

6. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нəтижелері туралы хабарламаға шағымын қараудың нəтижелері бойынша уəкілетті органның шешімі салық органдарының орындауы үшін міндетті.

 

198-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау тəртібі

1. Уəкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау жəне жүргізу туралы тапсырма жіберуге құқылы.

Бұл ретте тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау жəне жүргізу туралы тапсырма жəне осындай тексерудің нəтижелері бойынша жасалған салықтық тексеру актісі бойынша алдын ала шешім шығару талап етілмейді.

Тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау жəне жүргізу туралы тапсырма тексеруге жататын мəселелер көрсетіле отырып ресімделеді.

2. Тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау жəне жүргізу туралы тапсырманы орындау кезінде мұндай тексеруді жүргізу, шағым жасалып отырған салықтық тексеруді уəкілетті салық органы жүргізген жағдайды қоспағанда, нəтижелеріне шағым жасалатын салықтық тексеруді жүргізген салық органына тапсырыла алмайды.

3. Тақырыптық салықтық тексеруді салық органы осы Кодексте белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде жүргізеді жəне осындай тексеруді тағайындау жəне жүргізу туралы тапсырманы алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.

4. Деректер жеткілікті дəрежеде айқын немесе толық болмаған, сондай-ақ тақырыптық салықтық тексеру барысында бұрын тексерілген мəн-жайлар мен құжаттарға қатысты жаңа сұрақтар туындаған кезде уəкілетті орган оны қайтадан тағайындауға құқылы.

5. Уəкілетті органның шағымды қарау нəтижелері бойынша шешімі тақырыптық жəне (немесе) қайталама тақырыптық салықтық тексерулердің нəтижелері ескеріле отырып шығарылады. Бұл ретте уəкілетті орган мұндай тексерулердің нəтижелерімен келіспеген жағдайда, ол шағым бойынша шешім қабылдау кезінде оларды ескермеуге құқылы, алайда мұндай келіспеу уəжді болуға тиіс.

 

 

2-параграф. Салық органдары лауазымды адамдарының əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) шағым жасау тəртібі

 

199-бап. Шағым жасау құқығы

1. Салық төлеуші мен салық агентінің салық органдары лауазымды адамдарының əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) жоғары тұрған салық органына немесе сотқа шағым жасауға құқығы бар.

2. Лауазымды адамдардың салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету, салықтық берешекті мəжбүрлеп өндіріп алу жөніндегі əрекеттеріне шағым жасау қамтамасыз ету тəсілдері мен мəжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануды немесе олардың қолданысын тоқтата тұрмайды.

 

200-бап. Салық органдары лауазымды адамдарының əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) шағым жасау тəртібі

Салық органдары лауазымды адамдарының əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының Əкімшілік рəсімдік-процестік кодексінде көзделген тəртіппен шағым жасалады.

 

 

ЕРЕКШЕ БӨЛІК

 

19-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

201-бап. Салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері

1. Қазақстан Республикасында мынадай:

1) салықтар:

корпоративтік табыс салығы;

жеке табыс салығы;

қосылған құн салығы;

акциз;

экспортқа рента салығы;

жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;

əлеуметтік салық;

көлік құралы салығы;

жер салығы;

мүлік салығы;

ойын бизнесі салығы;

2) бюджетке төленетін төлемдер:

мемлекеттік баж;

алымдар;

мыналар:

жер учаскелерін пайдаланғаны;

табиғи ресурстарды пайдаланғаны;

сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны;

қоршаған ортаға жағымсыз əсер еткені;

радиожиілік спектрін пайдаланғаны;

қалааралық жəне (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені;

цифрлық майнинг үшін төлемақылар қолданылады.

2. Қосылған құн салығы, акциздер халықаралық шарттарды қолдану мақсаттары үшін жанама салықтар деп танылады.

3. Салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің сомасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде жəне республикалық бюджет туралы заңда айқындалған тəртіппен тиісті бюджеттердің кірістеріне түседі.

 

 

20-тарау. САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ

 

202-бап. Салықтық есепке алу жəне есепке алу құжаттамасы

1. Салық салу объектілері жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қорыту жəне жүйелеу, сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу жəне салықтық есептілікті жасау мақсатында салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодекстің талаптарына сəйкес есепке алу құжаттамасын жүргізу процесі салықтық есепке алу болып табылады.

Осы Кодекстің 216-бабына сəйкес бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уəкілетті өкілі жай серіктестік нысанында тұтастай осындай қызмет бойынша да жəне бірлескен қызмет туралы шартқа əрбір қатысушының қатысу үлесі бойынша да жүзеге асыратын салықтық есепке алу жиынтық салықтық есепке алу болып табылады.

2. Есепке алу құжаттамасында:

1) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес оны жүргізу жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар үшін - бухгалтерлік құжаттама;

2) осы файлдарды ерікті түрде ұсынатын тұлғалар үшін - тексерудің стандартты файлы;

3) осы баптың 4-тармағында аталған тұлғалар үшін - бастапқы есепке алу құжаттары;

4) шот-фактура;

5) салықтық тіркелімдер;

6) салықтық нысандар;

7) салықтық есепке алу саясаты;

8) салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салықтық міндеттемені есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттар қамтылады.

3. Егер осы баптың 4-тармағында өзгеше белгіленбесе, салықтық есепке алу бухгалтерлік есепке алу деректеріне негізделеді. Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу тəртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленеді.

4. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу жəне қаржылық есептілікті жасау жөніндегі міндет жүктелмеген оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кəсіпкерлер осы тарауға, осы Кодекстің 21-тарауына жəне уəкілетті орган бекіткен салықтық есепке алуды ұйымдастыру жəне жүргізу қағидаларына (бұдан əрі - салықтық есепке алуды ұйымдастыру жəне жүргізу қағидалары) сəйкес салықтық есепке алуды ұйымдастырады жəне жүргізеді.

5. Салық төлеуші (салық агенті) өзі дербес жəне (немесе) жиынтық салықтық есепке алуды жүргізуге жауапты бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уəкілетті өкілі арқылы салықтық есепке алуды ұйымдастырады жəне мыналарды:

1) салықтық кезең ішінде салық төлеуші (салық агенті) жүзеге асырған операцияларды салық салу мақсатында есепке алу тəртібі туралы толық жəне анық ақпараттың қалыптастырылуын;

2) салықтық есептілік нысандарының əрбір жолының таратып жазылуын;

3) салықтық есептіліктің анық жасалуын;

4) салықтық бақылау үшін салық органдарына ақпарат беруді қамтамасыз ету үшін салықтық тіркелімдер түрінде ақпаратты қорыту мен жүйелеу нысандарын айқындайды.

6. Салықтық есепке алуды жүргізу тəртібі салық төлеуші (салық агенті) осы Кодекстің талаптарын ескере отырып өзі дербес бекіткен құжатта - салықтық есепке алу саясатында белгіленеді.

Салықтық есепке алу саясаты, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу жəне қаржылық есептілікті жасау жөніндегі міндет жүктелмеген салық төлеушінің салықтық есепке алу саясатын қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес əзірленген есепке алу саясатына жеке бөлім түрінде енгізілуі мүмкін.

7. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кəсіпкерлер уəкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық есепке алу саясатын бекітеді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген салықтық есепке алу саясаты салықтық есепке алуды ұйымдастыру жəне жүргізу қағидаларында белгіленген нысан бойынша бекітіледі.

 

203-бап. Салықтық есепке алу саясатына қойылатын талаптар

1. Салықтық есепке алу саясатында мынадай ережелер:

1) салық төлеуші (салық агенті) өзі дербес əзірлеген салықтық тіркелімдердің нысандары мен жасалу тəртібі;

2) салықтық есепке алу саясатының сақталуына жауапты адамдардың лауазымдарының атауы;

3) бөлек салықтық есепке алуды жүргізу жөніндегі міндет осы Кодексте көзделген жағдайларда, осындай есепке алуды жүргізу тəртібі;

4) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүзеге асырылған жағдайда, бөлек салықтық есепке алуды жүргізу тəртібі;

5) корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында шығыстарды шегерімдерге жатқызудың, сондай-ақ қосылған құн салығын есепке жатқызудың салық төлеуші таңдаған əдістері;

6) хеджирлеу операцияларын жүзеге асырған жағдайда хеджирленетін тəуекелдерді айқындау саясаты, хеджирленетін құжаттар жəне оларға қатысты пайдаланылатын хеджирлеу құралдары, хеджирлеу тиімділігінің дəрежесін бағалау əдістемесі;

7) исламдық бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асырған жағдайда исламдық бағалы қағаздар бойынша кірістерді есепке алу саясаты;

8) осы Кодекстің 280-бабы 2-тармағының ережелерін ескере отырып, тіркеп-белгіленген активтердің əрбір кіші тобы, тобы бойынша амортизация нормалары;

9) қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері осы Кодекске сəйкес шот-фактураларды жазып берген жағдайда, осындай құрылымдық бөлімшелерді сəйкестендіру үшін шот-фактураларды нөмірлегенде пайдаланылатын осындай құрылымдық бөлімшелердің əрқайсысының коды;

10) шот-фактураларды жазып берген кезде оларды нөмірлеуде қолданылатын цифрлардың ең жоғары саны көзделуге тиіс.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4), 8), 9) жəне 10) тармақшаларының ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу жəне қаржылық есептілікті жасау жөніндегі міндет жүктелмеген тұлғаларға қолданылмайды.

2. Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар осы Кодексте белгіленген тəртіппен жəне негіздер бойынша бірлескен қызмет жөніндегі салықтық есепке алу саясатын бекітеді.

3. Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жай серіктестік (консорциум) құрамында жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде салықтық есепке алу саясатында осы баптың 1-тармағының талаптарымен қатар жай серіктестік қатысушыларының жəне (немесе) оператордың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің əрбір түрі бойынша салықтық міндеттемені орындауының осы Кодекстің 755-бабының 3-тармағына сəйкес таңдап алынған тəсілі қамтылуға тиіс.

4. Салықтық есепке алу саясатының мынадай ережелерінің күші кемінде күнтізбелік бір жыл мерзімге қолданылады:

бөлек салықтық есепке алуды жүргізу тəртібі;

корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында шығыстарды шегерімдерге жатқызудың салық төлеуші таңдаған əдістері.

Қосылған құн салығын есепке жатқызудың салық төлеуші таңдаған əдістерінің күші мынадай мерзімге:

осы Кодекстің 487-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда - қосылған құн салығын есептеу мақсатында белгіленген кемінде бір салықтық кезеңге;

қалған жағдайларда - кемінде күнтізбелік бір жыл қолданылады.

5. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алу саясатын өзгертуді жəне (немесе) толықтыруды мынадай тəсілдердің бірімен жүзеге асырады:

1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес əзірленген жаңа салықтық есепке алу саясатын немесе оның жаңа бөлімін бекіту;

2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес əзірленген қолданыстағы салықтық есепке алу саясатына немесе қолданыстағы есепке алу саясатының бөліміне өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізу.

6. Салық төлеушінің (салық агентінің):

1) кешенді жəне тақырыптық тексерулер жүргізу кезеңінде - тексерілетін салықтық кезеңнің;

2) шағымды берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, тексеру нəтижелері туралы хабарламаға шағымды беру жəне оны қарау мерзімі кезеңінде - шағым жасалатын салықтық кезеңнің;

3) салықтық тексеру жүргізілген салықтық кезеңдер бойынша салықтық есепке алу саясатына өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.

7. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 312-бабының ережелерін қолдану туралы шешімді өзінің салықтық есепке алу саясатында көрсетуге міндетті.

 

204-бап. Салықтық есепке алу қағидалары

1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алуды жүргізуді осы Кодексте белгіленген тəртіппен жəне шарттарда есепке жазу əдісі бойынша теңгемен жүзеге асырады.

2. Есепке жазу əдісі операциялар мен өзге де оқиғалардың нəтижелері ақшаны немесе оның баламасын алған немесе төлеген күннен бастап емес, олардың жасалу фактісі бойынша, оның ішінде мүлікті өткізу немесе кіріске алу мақсатында жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген, тауарлар сатып алушыға немесе оның сенім білдірілген тұлғасына тиеп-жөнелтілген жəне берілген күннен бастап танылатын есепке алу əдісі болып табылады.

3. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық кезеңнің қорытындылары бойынша салықтық есепке алу негізінде салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындайды жəне салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептейді.

4. Салық салу мақсатында бағамдық айырманы есепке алу, оның ішінде бағамдық айырма сомасын айқындау халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес жүзеге асырылады.

5. Запастарды есепке алу халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте салық салу мақсатында запастардың құны - сатудың ықтимал таза бағасына дейін есептен шығару жəне сатудың ықтимал таза бағасының ұлғаюынан туындаған, бұрын есептен шығару жүргізілген запастарға қатысты қалпына келтіру арқылы запастар құнының өзгеруін есепке алмай айқындалады.

Запастарды бағалау əдісі өзгерген жағдайда мұндай ауысу салықтық кезеңнің басынан бастап жүргізіледі.

6. Валюта бағамының өзгеруіне байланысты теңгемен төленуге (алынуға) жататын міндеттемені (талапты) түзету (индекстеу) сомасы, осы Кодекстің 237-бабының 4-тармағында, 256-бабында, 257-бабының 7-тармағында жəне 288-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес салық салу мақсатында ескеріледі.

 

205-бап. Салықтық тіркелімдер

1. Салықтық тіркелім - салық төлеушінің (салық агентінің) салық салу объектілері жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ шет мемлекеттерден, халықаралық жəне шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақша жəне (немесе) мүлік туралы, сондай-ақ осы Кодекстің 56-бабының 8-тармағына сəйкес көрсетілген ақшаның жəне (немесе) өзге де мүліктің жұмсалуы туралы мəліметтерді қамтитын құжаты.

Салықтық тіркелімдер осы Кодекстің 202-бабының 5-тармағында көрсетілген салықтық есепке алу мақсатын қамтамасыз ету үшін ақпаратты қорыту мен жүйелеуге арналған.

Салықтық есепке алу деректерін қалыптастыру салық салу мақсаты үшін пайдаланылатын ақпаратты хронологиялық тəртіппен көрсету арқылы жəне салықтық есепке алу деректерінің салықтық кезеңдер арасындағы (оның ішінде нəтижелері бірнеше салықтық кезеңде ескерілетін, келесі салықтық кезеңдерде салық салу объектісінің мөлшеріне əсер ететін не бірқатар жылға ауысатын операциялар бойынша) сабақтастығын қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады.

Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тіркелімдерді арнаулы нысандар түрінде жасайды. Уəкілетті орган белгілеген салықтық тіркелімдердің нысандарын қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) салықтық тіркелімдердің нысандарын жəне оларда салықтық есепке алу деректерін көрсету тəртібін осы баптың ережелерін ескере отырып, өзі дербес əзірлейді жəне салықтық есепке алу саясатында бекітеді.

Салықтық тіркелімдерде шаруашылық операцияларының дұрыс көрсетілуін оларға қол қойған адамдар қамтамасыз етеді.

2. Салықтық тіркелімдер:

1) салық төлеуші (салық агенті) осы Кодекстің 202-бабының ережелерін ескере отырып, салықтық есепке алу саясатында белгілеген нысандар бойынша салық төлеуші (салық агенті) өзі дербес жасайтын салықтық тіркелімдерді;

2) салық төлеуші (салық агенті) жасайтын, жасалу нысандары мен қағидаларын уəкілетті орган бекітетін салықтық тіркелімдерді қамтиды.

3. Салықтық тіркелімдер мынадай міндетті деректемелерді қамтуға тиіс:

1) тіркелімнің атауы;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) сəйкестендіру нөмірі;

3) тіркелім жасалған кезең;

4) тіркелімді жасауға жауапты адамның тегі, аты жəне əкесінің аты.

4. Уəкілетті орган:

1) инвестициялық салықтық преференциялар;

2) тіркеп-белгіленген активтер жəне тіркеп-белгіленген активтер бойынша кейінгі шығыстар;

3) туынды қаржы құралдары;

4) бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі шегерімге жатқызған басқарушылық жəне жалпы əкімшілік шығыстарының сомасы;

5) лизинг шарты бойынша берілген мүлік;

6) осы Кодекстің 320-бабы 2-тармағының 8) - 10) тармақшаларында көзделген, борышкерлерге қойылатын талаптар мөлшерін азайтуларды есепке алу;

7) агроөнеркəсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымның, ауыл шаруашылығы кооперативінің жəне (немесе) ауыл шаруашылығы шикізатын, жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғаның жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғадан ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуын есепке алу;

8) шығу, ішкі жəне келу туризмі бөлінісінде - туроператордың көрсетілетін қызметтері;

9) шет мемлекеттерден, халықаралық жəне шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақшаны жəне (немесе) өзге де мүлікті алу бойынша, сондай-ақ көрсетілген ақшаның жəне (немесе) өзге де мүліктің жұмсалуы;

10) қосылған құн салығын есептеу мақсатында тауар қалдықтары түріндегі айналым;

11) тауар қалдықтары бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығы;

12) ауыл шаруашылығы кооперативінің осындай кооперативтің мүшелеріне өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру жəне қайта өңдеу мақсатында тауарларды өткізуі;

13) ауыл шаруашылығы кооперативінің осындай кооперативтің мүшелері үшін өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру жəне қайта өңдеу мақсатында жұмыстарды орындауы жəне қызметтерді көрсетуі бойынша ақпаратты көрсету үшін салықтық тіркелімдердің нысандарын белгілеуге құқылы.

Осы тармақтың ережелері «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кəсіпкерлерге қолданылмайды.

5. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кəсіпкерлер үшін уəкілетті орган мыналарды:

1) кірістерді, оның ішінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы алынған кірістерді;

2) сатып алынған тауарларды, жұмыстарды жəне көрсетілетін қызметтерді;

3) төлем көзінен салық салуға жататын жеке тұлғалардың кірістерінен жеке табыс салығын, сондай-ақ əлеуметтік салықты жəне əлеуметтік төлемдерді салу объектілерін;

4) мыналар:

қоршаған ортаға жағымсыз əсер еткені;

жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салықтық міндеттемелерді есепке алу жөніндегі ақпаратты көрсетуге арналған салықтық тіркелімдердің нысандарын белгілеуге құқылы.

6. Экспедитор тасымалдаушылар жəне (немесе) көлік экспедициясы шарты шеңберінде ұсынылатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер туралы, сондай-ақ осындай жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны туралы ақпаратты ашу үшін салықтық тіркелімді жүргізеді, онда мынадай деректер:

1) қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын тасымалдаушы жəне (немесе) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші жазып берген шот-фактураның реттік нөмірі мен күні;

2) тасымалдаушы жəне (немесе) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші салық төлеушінің сəйкестендіру нөмірі;

3) тасымалдаушының жəне (немесе) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің тегі, аты жəне əкесінің аты немесе атауы;

4) қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын тасымалдаушылар жəне (немесе) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шот-фактурада көрсетілген, салық салынатын (салық салынбайтын) айналымының мөлшеріне қосылатын құны;

5) «Қосылған құн салығынсыз» деген нұсқауы бар, қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тасымалдаушы жəне (немесе) өнім беруші жүзеге асыратын, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны;

6) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бейрезиденттен сатып алу бойынша экспедитордың айналымы болып табылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны көрсетілуге тиіс.

7. Төтенше ахуалдар салдарынан не төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде тауарлар бүлінген, жоғалған жағдайларда қосылған құн салығын төлеуші салықтық тіркелім жасайды, онда осы баптың 3-тармағында көзделген мəліметтер, сондай-ақ мынадай деректер көрсетіледі:

1) тауардың атауы;

2) есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы;