Жалпы жəне жанама кірістер мен шығыстарды бөлу осы баптың 4-тармағында белгіленген əдістерге сəйкес жəне осы баптың 3-тармағының ережелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
3. Жалпы жəне жанама тіркеп-белгіленген активтер бойынша бөлінетін санат пен өзге қызмет арасында бөлуге - салық төлеуші осы тіркеп-белгіленген активтер бойынша шеккен шығыстар, оның ішінде амортизация бойынша шығыстар жəне кейінгі шығыстар жатады.
Сыйақыларға қатысты жалпы жəне жанама шығыстар бойынша - осы Кодекстің 263-бабына сəйкес айқындалған, осындай сыйақылар бойынша шегерімнің жалпы сомасы бөлінуге жатады.
Егер бағамдық айырма тікелей себеп-салдарлық байланыс бойынша салық төлеушінің бөлінетін санатына жəне өзге қызметіне жатқызылмайтын болса, салықтық кезеңде оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі немесе теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуі түрінде алынған қорытынды (сальдоланған) нəтиже бағамдық айырма бойынша бөлуге жатады.
Жалпы немесе жанама шығыстар ретінде шегерімдерге жатқызылуға жататын салықтар оларға тиісті салық салу объектілері жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілер бөлінбей, осы баптың 4-тармағында белгіленген əдістерге сəйкес бөлуге жатады.
4. Салық төлеуші (салық агенті) əрбір бөлінетін санат пен өзге қызмет үшін жалпы жəне жанама кірістер мен шығыстарды бөлуді салықтық есепке алу саясатында қабылдаған бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің бір немесе бірнеше əдісі негізінде, қызметтің өзіндік ерекшелігін ескере отырып, оның ішінде:
1) салық төлеуші (салық агенті) салықтық кезеңде алған тікелей кірістердің жалпы сомасындағы, əрбір бөлінетін санат пен өзге қызметке келетін тікелей кірістердің үлес салмағы бойынша;
2) салық төлеуші (салық агенті) салықтық кезеңде жұмсаған тікелей шығыстардың жалпы сомасындағы, əрбір бөлінетін санат пен өзге қызметке келетін тікелей шығыстардың үлес салмағы бойынша;
3) мына баптардың бірі бойынша шеккен шығыстардың үлес салмағы бойынша - салық төлеуші (салық агенті) салықтық кезеңде жұмсаған осы бап бойынша шығыстардың жалпы сомасындағы, əрбір бөлінетін санат пен өзге қызметке келетін тікелей өндірістік шығыстар, еңбекке ақы төлеу қоры немесе тіркеп-белгіленген активтердің құны бойынша;
4) салық төлеуші (салық агенті) жұмыскерлерінің жалпы орташа тізімдік санына бөлінетін санат пен өзге қызмет бойынша қызметке қатысатын жұмыскерлердің орташа тізімдік санының үлес салмағы бойынша;
5) өзге де əдістерді ескере отырып, өзі дербес жүргізеді.
Жалпы жəне жанама кірістер мен шығыстардың əр түріне қатысты оларды бөлудің салық төлеуші (салық агенті) айқындайтын саналуан əдістері қолданылуы мүмкін.
Жалпы жəне (немесе) жанама кірістер мен шығыстарды неғұрлым дəл бөлу үшін жоғарыда көрсетілген əдістердің бірін қолдану нəтижесінде алынған үлес салмақтың мəнін салық төлеуші (салық агенті) жүзден бір (0,01%) үлеске дейін пайызбен айқындайды.
Егер салықтық есепке алу саясатында жалпы кірістер мен шығыстарды бөлу əдісі белгіленбесе, онда салық органдары салықтық тексеруді жүргізу барысында осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген əдіс негізінде осындай кірістер мен шығыстарды бөлуді жүзеге асырады.
5. Салық төлеушінің қызметі бойынша тұтастай корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде қандай да бір бөлінетін санат бойынша шеккен залалдар есепке алынбайды, салық төлеушінің оларды осы Кодекстің 307-бабының ережелерін ескере отырып, келесі салықтық кезеңдерде осындай бөлінетін санат бойынша қызметтен алған кірістердің есебінен ғана өтеуге құқығы болады.
1. Қазақстан Республикасының қаржы лизингі туралы заңнамасына сəйкес жасалған лизинг шарты бойынша мүлікті беру, сондай-ақ лизинг нысанасын қайталама лизингке не қосалқы лизингке беру қаржы лизингі болып табылады.
2. Егер лизинг шартында лизинг алушының қаржы лизингінің мерзімін ұзарту құқығы айқындалса, онда қаржы лизингінің мерзімі іс жүзінде ұзарту жүзеге асырылған мерзім ескеріле отырып айқындалады.
3. Лизинг алушының лизинг шарты негізінде алуына жататын лизинг нысанасы қаржы лизингі бойынша берілетін мүлік болып табылады.
Салықтық есепке алу мақсаттары үшін лизинг алушы лизинг нысанасын сатып алушы ретінде қаралады.
Лизинг шарты негізінде айқындалатын лизинг нысанасының құны лизинг нысанасы берілетін (алынатын) құн болып табылады. Егер лизинг шартында лизинг нысанасы берілетін (алуға жататын) құн жеке бөлініп көрсетілмесе, онда қосылған құн салығын қоспағанда, көрсетілген құн лизингтің бүкіл кезеңінде төлеуге жататын барлық лизингтік төлемдер сомасы ретінде айқындалады.
Салықтық есепке алу мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес лизинг шартына сəйкес келмейтін мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша мүлікті беру қызметтерді көрсету ретінде, ал қосылған құн салығын қоспағанда, төлеуге жататын жалға беру төлемдері, тиісінше, көрсетілген қызметтер үшін төлемақы ретінде қаралады.
213-бап. Салық салу ерекшеліктерін қолдану мақсаттары үшін мүлікті қаржы лизингіне беру шарттары
1. Осы Кодекстің 337-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын жəне 478-бабын қолдану мақсаттары үшін мүлікті қаржы лизингіне беру осы бапта көзделген шарттарға сəйкес келуге тиіс.
2. Егер осы тармақта жəне осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес үш немесе одан көп жыл мерзімге жасалған лизинг шарты бойынша мүлікті беру, егер ол мынадай шарттардың біріне сай келсе:
1) мүлікті лизинг алушының меншігіне беру жəне (немесе) лизинг алушыға тіркеп-белгіленген баға бойынша мүлікті сатып алу құқығын беру лизинг шартында айқындалса;
2) қаржы лизингінің мерзімі мүлік берілген күннен бастап үш жылдан асатын болса жəне қаржы лизингі бойынша берілетін мүліктің пайдалы қызмет ету мерзімінің 75 пайызынан асатын болса;
3) қаржы лизингінің бүкіл мерзімінде лизингтік төлемдердің ағымдағы (дисконтталған) құны қаржы лизингі бойынша берілетін мүлік құнының 90 пайызынан асатын болса, қаржы лизингі болып табылады.
Қайталама лизинг деп лизинг шарты (бұдан əрі осы баптың мақсаттарында - бастапқы лизинг шарты) тоқтатылған, бұзылған не лизинг нысаналары санының өзгеруіне байланысты ол өзгертілген жағдайда, лизинг берушінің меншігінде қалған лизинг нысаналарын басқа лизинг алушыға (лизинг алушыларға) лизингке беру танылады, бұл ретте бір мезгілде мынадай талаптар сақталуы:
бастапқы лизинг шартын бұзу, тоқтату не өзгерту күні мен қайталама лизинг шартын (шарттарын) жасасу күні осы Кодекстің 504-бабында белгіленген бір салықтық кезеңге келуі;
лизинг нысаналарының санына, лизингтік төлемдерге жəне лизинг мерзіміне арналған талаптарды қоспағанда, бастапқы лизинг шартында көзделген талаптар қайталама лизинг шартында (шарттарында) сақталуы;
бастапқы лизинг шарты бойынша лизинг нысаналарының жалпы санынан аспайтын көлемде олардың қайталама лизингке берілуі;
қайталама лизингке берілетін лизинг нысанасының құны лизинг шарты бұзылған күні төленген, лизинг бойынша сыйақыны қоспағанда, лизингтік төлемдердің сомасына азайтылған бастапқы лизинг шарты бойынша лизинг нысанасының құнынан аспауы, қайталама лизинг шарты (шарттары) бойынша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері бастапқы лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерінен аспауы;
лизинг нысаналары кемінде үш жыл мерзімге қайталама лизингке берілуі керек.
3. Осы Кодекстің 337-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын жəне 478-бабын қолдану мақсаттары үшін мыналар қаржы лизингі болып табылмайды:
лизинг алушы Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасына сəйкес банкрот деп танылған жəне Бизнес-сəйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тасталған;
лизинг алушы-жеке тұлға заңды күшіне енген сот шешімі негізінде хабарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болды, əрекетке қабілетсіз немесе əрекет қабілеті шектеулі деп жарияланған, оған бірінші, екіншI топтардағы мүгедектік белгіленген, сондай-ақ лизинг алушы-жеке тұлға қайтыс болған жағдайда;
лизинг алушыда өндіріп алуды қолдануға болатын мүліктің, оның ішінде ақшаның, бағалы қағаздардың немесе кірістердің болмауына байланысты лизинг берушіге атқару құжатын қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген жəне (немесе) сот орындаушысы оның мүлкін, оның ішінде ақшасын, бағалы қағаздарын немесе кірістерін анықтау жөніндегі нəтижесіз болған, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу жəне сот орындаушыларының мəртебесі туралы заңнамасында көзделген шараларды қабылдаған жағдайда;
лизинг алушының мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе кірістеріне өндіріп алуды қолданудан лизинг берушіге бас тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
лизинг нысаналары қайталама лизингке берілген;
төтенше жағдайлар салдарынан не төтенше жағдай қолданылған кезеңде мүлік бүлінген, жоғалған жағдайлардан басқа, осындай шарттарды жасасқан күннен бастап үш жыл өткенге дейін олар бойынша лизинг шарттары бұзылған (лизинг шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған) жағдайдағы лизингтік мəмілелер;
2) лизинг шарты қолданылған бірінші жылы сыйақы есепке алынбаған лизингтік төлемдердің сомасы (шарт бойынша жəне (немесе) нақты) лизинг нысанасы құнының 50 пайызынан астамын құрайтын лизингтік мəмілелер;
3) лизинг алушыны қайта ұйымдастыру жағдайынан басқа, лизинг шартын жасасқан күннен бастап үш жыл өткенге дейін міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы нəтижесінде лизинг алушы ауысқан лизингтік мəмілелер;
4) лизинг берушіні қайта құру арқылы қайта ұйымдастыру жағдайынан басқа, міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы нəтижесінде лизинг беруші ауысқан лизингтік мəмілелер;
5) қосалқы лизингке беруші мүлікті қосалқы лизинг шарты бойынша қосалқы лизингке алушыға қосалқы лизингке беру жөніндегі мəмілелер.
214-бап. Бірлескен кəсіпкерлік кезінде салықтық міндеттемені орындаудың ерекшеліктері
1. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, бірлескен кəсіпкерлік жүзеге асырылған жағдайда салық салу объектілері жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілер осы бапта айқындалған тəртіппен есепке алынады жəне оларға салықтар салынады.
Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік нысанында) негізінде бірлескен кəсіпкерлік жүзеге асырылған жағдайда салық салу объектілері жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілер осы Кодекстің 215-бабында айқындалған тəртіппен есепке алынады жəне оларға салықтар салынады.
Осы Кодекстің ерекше бөлігінде салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алудың жəне оларға салықтар салудың өзгеше тəртібін көздейтін шаруа немесе фермер қожалықтарына қатысты арнаулы салық режимдері белгіленуі мүмкін.
2. Бірлескен дара кəсіпкерлік шеңберіндегі қызмет бойынша, сондай-ақ бірлескен дара кəсіпкерлікте пайдаланылатын ортақ бірлескен меншікке қатысты салықтық міндеттемелерді орындауды:
1) шаруа қожалығы нысанында бірлескен дара кəсіпкерлікті жүзеге асырған кезде - шаруа қожалығының басшысы;
2) қалған жағдайларда - бірлескен дара кəсіпкерліктің уəкілетті тұлғасы жүзеге асырады.
3. Егер мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тəсілдерін жəне салықтық берешекті мəжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданғаннан кейін осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында аталған тұлғаның бірлескен дара кəсіпкерлік бойынша салықтық берешегі болса, осындай берешекті өтеу жөніндегі міндет бірлескен дара кəсіпкерліктің барлық мүшесіне тең үлестермен жүктеледі.
Бұл ретте осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында аталған тұлға бірлескен дара кəсіпкерліктің барлық мүшесін бірлескен дара кəсіпкерлік бойынша салықтық берешектің бар екені жəне осындай берешектің сомасы туралы салықтық берешекті мəжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
215-бап. Бірлескен қызметті жүзеге асыру
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, бірлескен қызметті жүргізу туралы уағдаластық не заңды тұлғаны құрмай бірлескен қызмет туралы шартқа екі жəне одан да көп қатысушыны көздейтін өзге де уағдаластық (бұдан əрі - бірлескен қызмет туралы шарт) болған жағдайда, салық салу объектілері жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілер осы Кодексте айқындалған тəртіппен бірлескен қызмет туралы шартқа əрбір қатысушы бойынша тиісінше есепке алынады жəне оларға салықтар салынады.
2. Бірлескен қызмет туралы шартқа əрбір қатысушы өзінің қатысу үлесіне қатысты, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін бірлескен қызмет бойынша активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды есепке алуды өзі дербес жүргізеді.
3. Бірлескен қызмет туралы шартта салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін бірлескен қызмет бойынша активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды бөлу тəртібі болмаған жағдайда, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар алғашқы салықтық есептілікті ұсынғанға дейін бірлескен қызмет бойынша салықтық есепке алу саясатын əзірлейді жəне бекітеді, онда осындай тəртіп жəне бірлескен қызмет нəтижесінде туындайтын салықтық міндеттеме көрсетіледі.
4. Бірлескен қызмет туралы шартта, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың осындай қызмет немесе оның бір бөлігі бойынша салықтық есепке алуды жүргізуге жауапты уəкілетті өкілі айқындалуы мүмкін.
5. Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уəкілетті өкілі бірлескен қызмет немесе оның бір бөлігі бойынша активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды салық мақсатына орай осы уəкілетті өкілдің өзге қызметі бойынша активтерінен, міндеттемелерінен, кірістері мен шығыстарынан бөлек есепке алады.
6. Салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін бірлескен қызмет бойынша активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар арасында бөлуді бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар жəне (немесе) егер болса, олардың уəкілетті өкілі бірлескен қызмет туралы шартта айқындалған тəртіппен əрбір салықтық кезеңнің қорытындылары бойынша жүзеге асырады.
Егер бірлескен қызмет туралы шарт талаптарында жəне (немесе) бірлескен қызмет бойынша салықтық есепке алу саясатында салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды бөлу тəртібі белгіленбесе, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар жəне (немесе) егер болса, мұндай қатысушылардың уəкілетті өкілі көрсетілген бөлуді бірлескен қызмет туралы шартқа сəйкес қатысу үлестеріне пропорционалды түрде жүзеге асырады.
Салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар арасында бөлу нəтижелері жазбаша түрде ресімделуге, оған бірлескен қызмет туралы шартқа барлық қатысушы жəне (немесе) егер болса, олардың уəкілетті өкілі қол қоюға, сондай-ақ мөрлермен (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайда олар болған кезде) бекітілуге тиіс. Активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды бөлу нəтижелері туралы құжатты бірлескен қызмет туралы шартқа əрбір қатысушы салықтық тексеруді жүргізу кезінде салық органдарына ұсынады.
Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уəкілетті өкілінде, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды бөлуге негіз болған барлық құжаттың көшірмелері болуға тиіс.
216-бап. Жер қойнауын пайдаланушылардың бірлескен қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері
1. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы жай серіктестік (консорциум) құрамындағы бірнеше жеке жəне (немесе) заңды тұлғаға тиесілі болса, жай серіктестікке (консорциумға) əрбір қатысушы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша салық төлеуші болады.
2. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы жай серіктестік (консорциум) құрамындағы бірнеше жеке жəне (немесе) заңды тұлғаға тиесілі болса, онда жер қойнауын пайдалануға арналған мұндай келісімшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жай серіктестікке (консорциумға) қатысушылар осындай қызмет бойынша жиынтық салықтық есепке алуды жүргізуге жауапты жай серіктестікке (консорциумға) қатысушылардың уəкілетті өкілін айқындауға міндетті.
Жай серіктестікке (консорциумға) қатысушылардың уəкілетті өкілі осы Кодекстің талаптарына сəйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жиынтық салықтық есепке алуды жүргізуге міндетті.
Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүзеге асырылған жағдайда, оператор осындай уəкілетті өкіл ретінде əрекет етеді.
Жай серіктестікке (консорциумға) қатысушылардың уəкілетті өкілінің, оның ішінде оператордың өкілеттіктері осы Кодекстің 38 - 41-баптарының талаптарына сəйкес расталуға тиіс.
3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша салықтық міндеттемелерді орындауды осы Кодексте айқындалған тəртіппен жай серіктестікке (консорциумға) қатысушы (қатысушылар) жəне (немесе) осындай қызмет бойынша жиынтық салықтық есепке алуды жүргізуге жауапты жай серіктестікке (консорциумға) қатысушылардың уəкілетті өкілі жиынтық салықтық есепке алу деректерінің негізінде жүргізеді. Бұл ретте осы Кодекстің 755-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, салықтық есептілік нысандарын ұсыну бойынша салықтық міндеттемелерді орындауды жай серіктестікке (консорциумға) қатысушылардың өздері дербес жүзеге асырады.
217-бап. Адвокаттың кеңседе адвокаттық қызметті жүзеге асыру
1. Адвокат адвокаттық кеңседе заң көмегін көрсеткен кезде салық салу объектілері жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілер осы Кодексте айқындалған тəртіппен тиісінше адвокаттық кеңсенің əрбір адвокатынан есепке алынады жəне оларға салық салынады.
2. Əрбір адвокат адвокаттық кеңсемен өз атынан, оған кіретін адвокаттардың тапсырмасы бойынша, олардың есебінен жəне мүдделері үшін жасалған шарттар бойынша жүзеге асырылатын адвокаттық қызмет бойынша өз мүлкін, кірістері мен салық салу объектілеріндегі жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілердегі өз үлесін есепке алуды дербес жүргізеді.
3. Адвокаттық кеңсемен жасалған шарттар бойынша адвокаттық қызметті жүзеге асыруға байланысты туындаған мүлікті, талаптарды, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды бөлу, сондай-ақ осындай адвокаттық кеңсеге кіретін əрбір адвокаттың салық салу объектілеріндегі жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілердегі үлестерін айқындау тəртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес адвокаттармен жасалған серіктестік шартында айқындалады.
Адвокаттар мүлікті, талаптарды, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды осындай бөлуді, сондай-ақ салық салу объектілеріндегі жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілердегі үлестерді айқындауды əрбір салықтық кезеңнің қорытындысы бойынша жүзеге асырады. Мұндай бөлудің нəтижелері жазбаша түрде ресімделуге, оған адвокаттық кеңседе қызметін жүзеге асыратын барлық адвокат қол қоюға тиіс. Əрбір адвокат мүлікті, талаптарды, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды бөлу, сондай-ақ салық салу объектілеріндегі жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілердегі үлестерді айқындау нəтижелері туралы құжатты салықтық тексеру жүргізілген жағдайда салық органдарына ұсынады.
21-тарау. «БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫНА СƏЙКЕС БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПКЕ АЛУДЫ ЖҮРГІЗУДІ ЖƏНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ЖАСАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРМАЙТЫН
ДАРА КƏСІПКЕРЛЕРДІҢ САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУДЫ ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
218-бап. Жалпы ережелер
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді жəне қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кəсіпкерлердің салықтық есепке алуды жүргізуі жəне салықтық міндеттемелерін айқындау жəне орындау тəртібі бөлігінде осы Кодекстің нормаларын қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) активтер - дара кəсіпкер бақылап отыратын, болашақта экономикалық пайда алу күтілетін мүлік;
2) бастапқы есепке алу құжаттары - салықтық есепке алуды жүргізуге негіз болатын, операцияның немесе оқиғаның жасалу фактісін жəне оны жасауға құқықты қағаз жеткізгіште де, электрондық жеткізгіште де құжатпен куəландыру;
3) биологиялық актив - ауыл шаруашылығы қызметінде пайдалануға арналған жануар немесе өсімдік;
4) запастар - сатуға, сондай-ақ өндірістік процесте, əкімшілік мақсаттар үшін немесе жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде пайдалануға арналған активтер;
5) капитал - дара кəсіпкердің активтерінде барлық міндеттеме шегерілгеннен кейін қалатын үлес;
6) кірістер - есепті кезең ішінде активтердің түсуі немесе өсуі немесе міндеттемелердің азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаның жарналарымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына алып келеді;
7) материалдық емес актив - физикалық пішіні жоқ, өндірісте пайдалануға немесе əкімшілік мақсаттарға, оның ішінде басқа тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға) беруге арналған сəйкестендірілетін ақшалай емес актив;
8) міндеттеме - дара кəсіпкердің қолданыстағы міндеті, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына алып келеді;
9) негізгі құралдар - материалдық активтер:
олар тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде өндірісте пайдалануға немесе əкімшілік мақсаттарға, оның ішінде басқа тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға) беруге арналған;
оларды бір жылдан астам уақыт бойы пайдалану болжанады.
219-бап. Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандары жəне оларды жасау жөніндегі талаптар
1. Уəкілетті орган салықтық есепке алуды ұйымдастыру жəне жүргізу қағидаларында «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілікті жүргізуді жүзеге асырмайтын дара кəсіпкерлер қолданатын бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын жəне (немесе) оларды жасау жөніндегі талаптарды белгілеуге құқылы.
Аталған дара кəсіпкерлер электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде бастапқы есепке алу құжаттарын ресімдеуді жүргізуге де құқылы.
2. Салықтық тіркелімдердегі жазбалар бастапқы құжаттар негізінде жүргізіледі.
220-бап. Салықтық есепке алуды жүргізу ерекшеліктері
1. Дара кəсіпкерлер шетел валютасында жасалған операцияларды операция жасалған күнге белгіленген валютаның ресми бағамын қолдана отырып теңгемен қайта есептейді. Бағамдық айырма салық салу мақсатында есепке алынбайды.
2. Салықтық есепке алуда запастар дара кəсіпкер не ол уəкілеттік берген тұлға оларды алған кезде, оның ішінде дара кəсіпкер өзге де активтерді құрамнан ауыстыру арқылы негізгі құралдарды бөлшектеу нəтижесінде оларды өндіргеннен кейін өзіндік құны бойынша танылады.
Запастардың өзіндік құны сатып алуға, қайта өңдеуге жұмсалатын шығындарды, запастарды ағымдағы жай-күйіне жеткізу жəне ағымдағы орналасу орнына дейін жеткізіп беру мақсатында жүргізілген өзге де шығындарды қамтиды.
Сатып алуға жұмсалатын шығындар импорттық баждарды, салықтарды (өтелетіндерінен басқа), тасымалдауға, өңдеуге жұмсалатын шығыстарды жəне сатып алуға тікелей байланысты басқа да шығыстарды қамтиды. Өнім беруші ұсынған сауда жеңілдіктері, өнім берушінің төлемдерді қайтаруы жəне өзге де осыған ұқсас жеңілдіктер мен қайтарулар шығындарды айқындаған кезде шегеріп тасталады.
Запастарды қайта өңдеуге жұмсалатын шығындар шикізатты дайын өнім етіп қайта өңдеуге тікелей байланысты шығындарды, оның ішінде еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын тікелей шығындарды, сондай-ақ өндірістік үстеме шығыстарды қамтиды.
Салықтық есепке алу мақсаты үшін запастар бірлігінің өзіндік құны запастардың осындай бірлігіне осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген іс жүзіндегі шығындар бойынша айқындалады.
Дара кəсіпкер салықтық есепке алу мақсаты үшін запастар бірлігінің өзіндік құнын орташа өлшемді құн əдісі бойынша айқындауға құқылы. Орташа өлшемді құн əдісі бойынша запастардың өзіндік құны кезең басындағы запастардың жəне кезең ішінде сатып алынған (өндірілген) ұқсас запастардың өзіндік құнының орташа мəні ретінде айқындалады. Бұл əдісті таңдауды дара кəсіпкер салықтық есепке алу саясатында көрсету арқылы жүзеге асырады.
Тауарлар өндіруді жүзеге асыратын дара кəсіпкерлер, сондай-ақ орташа өлшемді құн əдісін таңдаған дара кəсіпкерлер запастарды олардың келіп түсуі мен шығып қалуы кезінде салықтық тіркелімдерде ескереді, олардың нысанын дара кəсіпкерлер өзі дербес əзірлейді.