3. Уəкілетті орган тұлғадан өзара келісу рəсімін жүргізу үшін қажетті қосымша құжаттарды ұсынуын талап етуге құқылы.
1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарт жасаспаған мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рəсімін жүргізуге өтініш ұсынылған;
2) осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттар ұсынылмаған жағдайларда, өтініш ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тұлғаға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы шешімді жібереді.
Уəкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша өтінішті қабылдаудан бас тартқан жағдайда, тұлға, егер олар жол берген бұзушылықтарды жойған болса, өтінішті қайта беруге құқылы.
5. Уəкілетті орган, осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күн мерзімі ішінде қарайды.
6. Уəкілетті орган өтінішті қараудың қортындысы бойынша мынадай:
1) өзара келісу рəсімін жүргізуден бас тарту туралы;
2) өзара келісу рəсімін жүргізу туралы шешімдердің бірін шығарады.
1) өтініште көрсетілген негіздер Қазақстан Республикасының халықаралық шартының ережелеріне сəйкес келмеген;
2) тұлға анық емес ақпарат берген;
3) өтінішті қарау барысында тұлға осы баптың 3-тармағына сəйкес уəкілетті органның талап етуі бойынша қосымша құжаттарды ұсынбаған жағдайларда, өзара келісу рəсімін жүргізуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Өзара келісу рəсімін жүргізуден бас тарту туралы шешім тұлғаға шығарылған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Қос резиденттік себебі бойынша өзара келісу рəсімін жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылданған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген негіздер бойынша бас тарту қолданылмайды.
8. Өзара келісу рəсімін жүргізу туралы шешім қабылданған жағдайда, уəкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органына осындай рəсім жүргізу туралы сұрау салумен жүгінеді.
1) тұлға өзара келісу рəсімін жүргізуді тоқтату туралы өтініш ұсынған;
2) өзара келісу рəсімін жүргізу барысында тұлғаның анық емес ақпарат беру фактісі анықталған;
3) өзара келісу рəсімін жүргізу барысында тұлға осы баптың 3-тармағына сəйкес уəкілетті органның талап етуі бойынша қосымша құжаттарды ұсынбаған жағдайларда, шет мемлекеттің құзыретті органымен арада басталған өзара келісу рəсімін жүргізуді тоқтатады.
10. Уəкілетті орган өзара келісу рəсімін жүргізу қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы ақпаратты тұлғаға осындай шешім қабылданған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жібереді.
11. Осы бапта айқындалған тəртіппен жүргізілген өзара келісу рəсімінің қорытындылары бойынша қабылданған шешім, сондай-ақ шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы негізінде жүргізілген өзара келісу рəсімінің қорытындылары бойынша қабылданған шешім салық органдарының орындауы үшін міндетті.
5-БӨЛІМ. КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫ
23-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
233-бап. Төлеушілер
1. Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден кіріс алатын бейрезидент-заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылады.
2. Мемлекеттік мекемелер корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.
234-бап. Салық төлеушілердің жекелеген санаттарының корпоративтік табыс салығын есептеу мен төлеу ерекшеліктері
Арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер осы Кодекстің 16-бөліміне сəйкес көрсетілген режимдер шеңберінде салық салынатын кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын есептейді жəне төлейді.
235-бап. Салық салу объектілері
Мыналар корпоративтік табыс салығын салу объектілері болып табылады:
2) төлем көзінен салық салынатын кіріс;
3) Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның таза кірісі;
4) бақыланатын шетелдік компаниялардың жəне бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің салық салынатын кірісі.
24-тарау. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН КІРІС НЕМЕСЕ ЗАЛАЛ
236-бап. Салық салынатын кіріс немесе залал
1. Салық салынатын кіріс, залал мынадай формула бойынша айқындалады:
ССК/Зал = ЖЖК - Аз +(-) Кт - Ш +(-) Шт, мұндағы:
ССК - егер мəн оң болса, салық салынатын кіріс;
Зал - егер мəн теріс болса, кəсіпкерлік қызметтен келетін залал;
ЖЖК - осы бөлімге сəйкес айқындалатын жылдық жиынтық кіріс;
Аз - осы Кодекстің 255-бабына сəйкес жылдық жиынтық кірісті азайту;
Кт - осы Кодекстің 256-бабына сəйкес кірісті түзету;
Ш - осы бөлімге сəйкес айқындалатын шегерімдер;
Шт - осы Кодекстің 288-бабына сəйкес шегерімдерді түзету.
2. Осы баптың 1-тармағына сəйкес формуланы қолдану кезінде алынған оң мəн салық салынатын кіріс деп танылады.
3. Осы баптың 1-тармағына сəйкес формуланы қолдану кезінде алынған теріс мəн кəсіпкерлік қызметтен келетін залал деп танылады.
Салықтық кезеңдегі кəсіпкерлік қызметтен келетін залалды одан əрі салықтық есепке алу тəртібі осы Кодекстің 339 жəне 344-баптарында белгіленген.
25-тарау. ЖЫЛДЫҚ ЖИЫНТЫҚ КІРІС
1-параграф. Жалпы ережелер
237-бап. Жылдық жиынтық кіріс
1. Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасының жылдық жиынтық кірісі салықтық кезең ішінде осы тұлғаның:
1) Қазақстан Республикасындағы көздерден;
2) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлердегі көздерден алуына жататын (алынған) кірістерінен тұрады.
Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістер болып табылмайтын кірістердің барлық түрі төленген жеріне қарамастан, осы бөлімнің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлердегі көздерден алынған кірістер болып танылады.
Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның жылдық жиынтық кірісі осы Кодекстің 688-бабында көрсетілген кірістерден тұрады.
2. Қосылған құн салығының жəне акциздің сомасы қосылмаған кірістің барлық түрі жылдық жиынтық кіріске енгізіледі, оның ішінде:
2) құн өсімінен түсетін кіріс;
3) күмəнді міндеттемелер бойынша кіріс;
4) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін кіріс;
5) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс;
6) тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалуынан түсетін кіріс;
7) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін кіріс;
8) борышкерге ұйғарылған немесе борышкер таныған тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұл);
10) сенімгерлік басқару құрылтайшысы алған (оның алуына жататын), мүлікті сенімгерлік басқарудан түсетін таза кіріс;
11) өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріс;
13) депозит, борыштық бағалы қағаз, вексель, исламдық жалдау сертификаты бойынша сыйақы;
14) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша кіріс;
15) оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі;
17) кəсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін кіріс;
18) қалдықтарды көму полигондарын жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдаланудан түскен кіріс;
19) мемлекеттік кəсіпорынға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында бекітіп берілген негізгі құралдардың амортизациясына байланысты осындай кəсіпорынның халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес туындайтын кірісі;
20) туынды қаржы құралдары бойынша кіріс;
21) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша кіріс;
22) салықтық міндеттеме заттай нысанда орындалған жағдайда көмірсутектерді беру кезіндегі кіріс;
23) пайдалы қазбаларды геологиялық зерделеуге жəне өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түсетін кіріс;
24) кен орындарын игеру салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын игеру салдарын жою жөніндегі іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуінен түсетін кіріс;
25) осы Кодекстің 323-бабына сəйкес провизияларды (резервтерді) шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін төмендетуден түсетін кіріс;
26) цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаның кірісі;
27) цифрлық майнинг пулының кірісі;
28) цифрлық активтер биржасының кірісі;
29) запастарды бағалаудың жаңа əдісін қолданған кездегі оң айырма;
30) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдаланушы қалыптастырған банк салымы кепілінің сомасы толық немесе ішінара қайтарылған кезде алынған кіріс;
31) осы тармақтың 1) - 30) тармақшаларында көрсетілмеген басқа да кірістер.
Мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет бойынша сенімгерлік басқарушы мен сенімгерлік басқару құрылтайшысының жылдық жиынтық кірісі осы Кодекстің 66, 68, 69, 70 жəне 71-баптарының ережелері ескеріле отырып айқындалады.
3. Егер сол бір кірістер кірістердің бірнеше баптарында көрсетілуі ықтимал жағдайда, көрсетілген кірістер жылдық жиынтық кіріске бір рет енгізіледі.
Осы бөлімнің мақсаттары үшін кірісті тану күнін қоса алғанда, оны тану халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес жүзеге асырылады.
Кірісті халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес айқындау жəне тану тəртібі кірісті осы Кодекске сəйкес айқындау жəне тану тəртібінен ерекшеленген жағдайда, мұндай кіріс салық салу мақсаттары үшін осы Кодексте айқындалған тəртіппен есепке алынады.
4. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сəйкес ішінара немесе толық мөлшерде алған, жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін қалыптастырған банк салымы кепілінің сомасы осындай қайтару жүргізілген салықтық кезеңнің жиынтық жылдық кірісіне енгізілуге жатады.
5. Осы бөлімде мынадай жағдайларда:
1) осы бөлімнің 27-тарауында - туынды қаржы құралдары бойынша;
2) осы бөлімнің 28-тарауында - ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша;
3) осы бөлімнің 29-тарауында - жер қойнауын пайдаланушылардың;
4) осы бөлімнің 30-тарауында - қаржылық қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың;
5) осы бөлімнің 31-тарауында - цифрлық активтермен жасалатын операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың кірістерін айқындау ерекшеліктері белгіленген.
6. Салық төлеуші кірістерді осы Кодекстің 256-бабына сəйкес түзетеді. Бұл ретте осы Кодекстің 256-бабына сəйкес түзетулер ескеріле отырып, жылдық жиынтық кірістің теріс мəні болуы мүмкін.
2-параграф. Кіріс деп танылмайтын экономикалық пайда
238-бап. Корпоративтік табыс салығы мақсатында кіріс деп танылмайтын экономикалық пайда
1. Мыналар салық салу мақсаттарында кіріс ретінде қарастырылмайды:
1) жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүліктің құны, сондай-ақ заңды тұлға қатысушысының осындай заңды тұлғаның мүлкіне қосымша жарнасы;
2) акционер немесе қатысушы, құрылтайшы алатын (алған), оның ішінде:
заңды тұлғаны тарату немесе жарғылық капиталды азайту кезінде;
эмитент-заңды тұлға шығарған акцияларды осы эмитент акционерден сатып алған кезде;
заңды тұлға осы заңды тұлғаның қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін құрылтайшыдан, қатысушыдан сатып алған кездегі мүлікті бөлу кезінде бұрын енгізілген мүліктің орнына алатын (алған) мүліктің құны.
Осы тармақшаның ережесі:
эмитент өзі шығарған акцияларды орналастырудан алған, мүлік құнының осындай акциялардың номиналдық құнынан асып кетуі түріндегі қосымша төленген капитал ескеріле отырып, мүлікті бөлу жүзеге асырылатын акциялар санына тура келетін төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
заңды тұлға қатысушысының осындай заңды тұлғаның мүлкіне қосымша жарналары жəне заңды тұлғаның меншікті капиталы есебінен жарғылық капиталдың мөлшерін ұлғайту ескеріле отырып, мүлікті бөлу жүзеге асырылатын қатысу үлесіне тура келетін төленген жарғылық капиталдың мөлшері, бірақ осындай қатысушыдағы, құрылтайшыдағы мұндай қатысу үлесінің осы Кодекстің 251-бабының 3-тармағында көзделген тəртіппен айқындалатын бастапқы құнынан аспайтын мөлшері шегінде қолданылады;
3) акциялар эмитенті үшін - эмитент өзі шығарған акцияларды орналастырудан алған мүліктің құны;
4) мүлікті беретін салық төлеуші үшін - өтеусіз берілген мүліктің құны;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес есептен шығарылған салықтық берешектің сомасы;
6) егер жарнамалық мақсатта (оның ішінде сыйға тарту түрінде) өтеусіз алынған тауар бірлігінің құны тауарды осындай алу күнінде қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаса, осындай тауардың құны;
7) осы Кодексте көзделген жағдайларда, салықтық міндеттеменің мөлшерін азайту сомасы;
8) бухгалтерлік есепке алуда халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес:
егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, басқа адамнан алынуға жататын (алынған) активтердің жəне (немесе) міндеттемелердің құны өзгерген кезде;
міндеттеменің іс жүзінде орындалуға жататын мөлшері мен бухгалтерлік есепке алуда танылған осы міндеттеменің құны арасындағы оң айырма түрінде міндеттеменің бухгалтерлік есепке алуда танылуына байланысты;
аяқталмаған құрылыс объектісінің құнын ұлғайтатын сыйақының төленуге жататын (төленген) сомасы шегінде осындай объектінің құнын азайтатын, алынған (алынуға жататын) сыйақы мөлшерінде туындайтын кіріс;
9) бөлінбеген пайданың халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес активтерді қайта бағалауға арналған резервтерді азайту есебінен ұлғайтылуы;
10) осы Кодекстің 244-бабының 1-тармағында көзделген тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалуынан оң нəтиже мен бар болған жағдайда, осы Кодекстің 244-бабының 2-тармағында көзделген тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалуынан түсетін кіріс ескеріле отырып, осы Кодекстің 279-бабының 12-тармағына сəйкес топтың құндық балансын азайту жүргізілген сома шегінде алынған сақтандыру төлемі;
11) егер мəміле шарттарында тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасына кепілдік беру көзделген жағдайда, мəміледе белгіленген кепілдік мерзімі ішінде алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, кемшіліктерді жою жөніндегі көрсетілген қызметтердің құны;
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сəйкес иесіз деп танылған, энергия беруші ұйым өтеусіз негізде меншікке қабылдаған;
энергия беруші ұйым мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органдардан, басқа да энергия беруші ұйымдардан немесе электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асырмайтын электр желілерінің меншік иелерінен балансқа өтеусіз негізде қабылдаған электр желілерінің (электр желілерінің бір бөлігі жəне (немесе) бір бөліктері) құны;
13) мемлекеттік меншіктен өтеусіз берілген, алынған техногендік минералды түзілімдер;
14) осы Кодекстің 277-бабының 5-тармағына жəне (немесе) 305-бабының 5-тармағына сəйкес күрделі жобалар (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының шартты коэффициентті қолдануы салдарынан пайда болған I топ объектілерінің құндық балансының жəне (немесе) амортизацияланатын активтер топтарының құндық балансының ұлғайтылуы;
15) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сəйкес қор нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымнан қайырымдылық көмек шеңберінде өтеусіз алған мүліктің құны, мемлекеттік меншік объектілерін күрделі жөндеу, реконструкциялау құны;
16) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган айқындаған тəртіппен Көміртегі квоталарының ұлттық жоспарына сəйкес алынған парниктік газдар шығарындыларына квота түрінде өтеусіз алынған мүліктің құны;
17) адвокаттық кеңсе осы Кодекстің 497-бабында белгіленген талаптар сақталған кезде адвокаттық кеңседе қызметті жүзеге асыратын адвокаттардың есебінен жəне солардың мүдделері үшін жасасқан заң көмегін көрсету туралы шарт бойынша адвокаттық кеңсенің кірістері;
238-баптың 1-тармағының 18) тармақшасы 2030 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
18) басқарушы орган 2019 жылғы 1 шілдеге дейін бекіткен, 2019 жылғы 1 тамыздан кешіктірілмей уəкілетті органға ұсынылған тізбе бойынша бұрын банк болып табылған заңды тұлғаға борышы кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) жəне (немесе) кредитке (қарызға) байланысты берешек бойынша ұйғарылған тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұл);
238-баптың 1-тармағының 19) тармақшасы 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
19) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жəне жергілікті атқарушы органдардың резервінен бөлінген субсидиялар, гранттар немесе акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі коммуналдық меншіктегі жəне бір мезгілде электр энергиясын, суды (дистиллятты) жəне жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар үшін басқа да өтеусіз көмек алу.
2. Осы тармақта көзделген салық төлеушілер салық салу мақсаттарында жекелеген экономикалық пайданы мынадай кіріс ретінде танымайды:
1) меншікті активтерін орналастырудан алған кірістерді қоспағанда, «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес өзінің арнаулы резервін қалыптастыратын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымдардың кірістері;
2) Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес:
кепілдік жағдайларды реттеу үшін резервті ұлғайтуға бағытталған қаражат шегінде алған кепілдік жарналар сомасы,
көппəтерлі тұрғын үйлер құрылысы аяқталғаннан кейін төлемдер бойынша талаптарды қанағаттандыру тəртібімен алған ақша сомасы,
кепілдік жағдайларды реттеу үшін резервті ұлғайтуға бағытталған қаражат шегінде алған инвестициялық кірістер;
3) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес алған:
қатысушы сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша жəне төтенше жарналарының сомасы,
зиянды өтеу резервін жəне сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін ұлғайтуға бағытталған қаражат шегінде алған инвестициялық кірістер;
өтелген депозиттер мен жүзеге асырылған кепілдікті жəне өтемақы төлемдері бойынша талаптарды қанағаттандыру тəртібімен алған ақша сомасы;
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жəне (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары Қазақстан Республикасының əлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сəйкес зейнетақы активтерін инвестициялау нəтижесінде алған зейнетақы активтерінің инвестициялық кірістері;
5) Қазақстан Республикасының əлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сəйкес МƏСҚ-ның активтерін ұлғайтуға бағытталған сомада алынған инвестициялық кірістер;
6) Қазақстан Республикасының міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сəйкес алынған жəне əлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін ұлғайтуға бағытталған инвестициялық кірістер;
акционерлік инвестициялық қорлар Қазақстан Республикасының инвестициялық жəне венчурлік қорлар туралы заңнамасына сəйкес инвестициялық қызметтен алған жəне акционерлік инвестициялық қордың кастодианы есепке алған;
АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сəйкес тіркелген инвестициялық қорлар инвестициялық қызметтен алған жəне инвестициялық қордың кастодианы немесе басқарушы компаниясы есепке алған инвестициялық кірістер.
Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасының инвестициялық жəне венчурлік қорлар туралы заңнамасына немесе АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сəйкес қызметті жүзеге асыратын жылжымайтын мүлік қорларының кірістеріне қолданылмайды;
8) пайлық инвестициялық қордың активтерін инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензия негізінде сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компания үшін - осындай басқарушы компанияның сыйақысын қоспағанда, Қазақстан Республикасының инвестициялық жəне венчурлік қорлар туралы заңнамасына сəйкес пайлық инвестициялық қорлар алған жəне пайлық инвестициялық қордың кастодианы осындай деп таныған инвестициялық кірістер;
9) алыс-беріс шикізатынан бензинді, дизель отынын өндірген тұлғаның осындай бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) жəне дизель отыны бойынша акцизді төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау есебіне алуға жататын (алынған) өтеу сомасы;
10) астық қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры:
астық қабылдау кəсіпорындарынан алған жыл сайынғы міндетті жарналар сомасы,
жүзеге асырылған кепілдік төлемдер бойынша талаптарды қанағаттандыру тəртібімен алған ақша сомасы;
11) мемлекет атынан алушы үшін - жер қойнауын пайдаланушыдан салықтарды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбалардың құны (ақшалай көрінісі);
12) есепке жазылған, бірақ төленбеген жəне осы Кодекстің 305-бабына сəйкес амортизацияланатын активтердің жеке тобын қалыптастыру мақсаттары үшін есепке алынуға жататын сыйақы мөлшерінде - жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияның немесе акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде осындай жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғаның міндеттемесін стратегиялық серіктестің барлау кезеңінде коммерциялық табуға дейін есептен шығаруынан түсетін жəне «Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сəйкес инвестициялық қаржыландыру бойынша сыйақы жөніндегі кіріс;
13) ақшаны басқару процесінде ислам банкі инвестициялық депозиттер түрінде алған, осы инвестициялық депозиттер депозиторларының шоттарына бағытталған жəне соларда болатын кірістер. Мұндай кірістерде ислам банкінің сыйақысы қамтылмайды;
14) мемлекет атынан алушы немесе осындай өткізуді жүзеге асыруға мемлекет атынан алушы уəкілеттік берген тұлға жер қойнауын пайдаланушыдан салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда алған пайдалы қазбаларды өткізуден түсетін кіріс;
15) мемлекет атынан алушының немесе мемлекет атынан алушы уəкілеттік берген тұлғаның жер қойнауын пайдаланушыдан салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты шығыстарды өтеуді білдіретін комиссиялық сыйақысы;
2-тармағының 16) тармақшасы 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес құрылған венчурлік қор өтеусіз алған жəне «Астана Хаб» қатысушыларына өтеусіз беруге арналған мүліктің құны;
17) бюджет қаражатынан қаржыландыру, жеке жəне заңды тұлғалардың ерікті қайырмалдықтары мен аударымдары, сондай-ақ «Дамуға ресми көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында айқындалған оператордың дамуға ресми көмек саласындағы қызметінен түсетін кірістер;
18) жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын теміржол тасымалдаушысының жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтерін Ұлттық инфрақұрылым операторынан өтеусіз негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифке 0 мөлшеріндегі уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып алуға байланысты туындайтын кірісі;
19) акцияларының бақылау пакеті Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қоры алған жəне жеке кəсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі шеңберінде туындаған жеке кəсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге асыруға арналған:
жеке кəсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шеңберінде міндетті жəне ерікті жарналардың сомасы;