Қазақстан Республикасының 2025 жылы 18 сәуірдегі 214-VIII Салық Кодексі

Предыдущая страница

осы Кодекстің 286-бабының 2), 13) жəне 16) тармақшаларында жəне 287-бабында көрсетілген шығындар (шығыстар);

амортизациялық аударымдар;

бухгалтерлік есепке алуда туындайтын жəне осы Кодекстің 257-бабының 6-тармағына сəйкес салық салу мақсаттарында шығыс ретінде қаралмайтын шығындар (шығыстар) енгізілмейді.

5. Жер қойнауын пайдаланушы күрделі жобалар бойынша (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша осы Кодекстің 305-бабының 5-тармағында көзделген тиісті коэффициентті қолдана отырып, осы бапта белгіленген тəртіппен активтердің бастапқы құнын айқындайды.

6. Запастардың немесе сатуға арналған активтердің құрамынан аудару арқылы келіп түскен тіркеп-белгіленген активтің бастапқы құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес активтің осындай келіп түскен күнге баланстық құны мөлшерінде айқындалады.

Егер осындай активтер бұрын тіркеп-белгіленген активтерден запастардың немесе сатуға арналған активтердің құрамына ауыстырылса, онда оларды тіркеп-белгіленген активтерге кері ауыстыру кезінде осындай активтің бастапқы құны осы Кодекстің 279-бабының 4-тармағында көрсетілген құннан аспайды.

7. Өтеусіз алынған тіркеп-белгіленген активтің бастапқы құны:

1) осы Кодекстің 246-бабына сəйкес жылдық жиынтық кіріске енгізілген өтеусіз алынған мүлік құнының; жəне

2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес бастапқы тану кезінде келіп түскен активтің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындардың сомасы ретінде айқындалады.

8. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес бастапқы тану кезінде тіркеп-белгіленген активтердің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар ескеріле отырып, алынған активтердің баланстық құны мемлекеттік кəсіпорын мемлекеттік мекемеден алған осындай активтердің бастапқы құны болып табылады.

Активтердің баланстық құны активтерді қабылдау-беру актісі негізінде айқындалады.

9. Жарғылық капиталға салым ретінде алынған тіркеп-белгіленген активтің бастапқы құны:

1) жарғылық капиталға салым ретінде алынған, бірақ төлеу есебіне актив алынған сомадан аспайтын актив құнының сомасы ретінде айқындалады. Мұндай құн салымның алынғанын жəне активтің алынған құнын растайтын құжаттар (қабылдау-беру актісі жəне (немесе) өзге де құжаттар) негізінде айқындалады; жəне

2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес бастапқы тану кезінде келіп түскен активтің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар сомасы ретінде айқындалады.

10. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, салық төлеушіні бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыруға байланысты алынған тіркеп-белгіленген активтің бастапқы құны:

1) беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген баланстық құн; жəне

2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес бастапқы тану кезінде осындай активтің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар сомасы ретінде айқындалады.

Бірігу, бөлініп шығу арқылы құрылған, жаңадан пайда болған заңды тұлғаның немесе өзіне басқа заңды тұлға қосылған заңды тұлғаның І тобы объектілерінің құндық балансы жəне (немесе) топтардың (II, III немесе IV топтар бойынша) құндық баланстары осындай құн осы Кодекстің 279-бабы 9-тармағына сəйкес беру актісінде көрсетілген жағдайда беруші тұлғаның салықтық есепке алу деректері бойынша берілетін тіркеп-белгіленген активтердің құнына ұлғаяды.

11. Мыналар сенімгерлік басқарушы сенімгерлік басқаруға алған тіркеп-белгіленген активтердің бастапқы құны болып табылады:

1) егер беруші тұлғада осы активтер тіркеп-белгіленген активтер болып табылған болса - осы Кодекстің 279-бабының 14-тармағына сəйкес айқындалған құн;

2) өзге жағдайларда - көрсетілген активтерді қабылдау-беру актісінің деректері бойынша айқындалған құн.

12. Мыналар сенімгерлік басқару жөніндегі міндеттемелердің тоқтатылуына байланысты сенімгерлік басқарушыдан алынған тіркеп-белгіленген активтердің бастапқы құны болып табылады:

1) егер сенімгерлік басқарушыда осы активтер тіркеп-белгіленген активтер болып табылған болса - осы Кодекстің 279-бабының 15-тармағына сəйкес айқындалған құн;

2) өзге жағдайларда - осы Кодекстің 279-бабының 14-тармағына сəйкес айқындалған, амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған құн. Бұл ретте амортизациялық аударымдар мынадай формула бойынша есептеледі:

осы Кодекстің 279-бабының 14-тармағына сəйкес айқындалған құн,

көбейту

тіркеп-белгіленген активтердің тиісті тобы үшін осы Кодексте көзделген амортизацияның шекті нормасы,

көбейту

актив сенімгерлік басқаруда болған есепті салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезеңдердің саны.

13. Концедент пен концессионер жасаған жəне қол қойған концессия объектісін қабылдау-беру актісінде көрсетілген алынған концессия объектісінің құны концессионер концессия шарты бойынша алған тіркеп-белгіленген активтердің бастапқы құны болып табылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құн болмаған жағдайда І, II, III жəне IV топтардың тіркеп-белгіленген активтері ретінде танылатын концессия объектілерінің бастапқы құны концессионер тіркеп-белгіленген активтер пайдалануға берілген күнге дейін концессия шарты шеңберінде əрбір осындай объект бойынша жүргізген:

концессия объектісін құру мақсатында сатып алуға, салуға, монтаждауға жəне орнатуға арналған шығындар; жəне

халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес осы Кодекстің 257 - 273-баптарының ережелері ескеріле отырып, оның құнын ұлғайтатын концессия объектісін құру мақсатындағы басқа да шығындар түрінде жеке айқындалады.

14. Бұрын салықтық есепке алуда осы Кодекстің 279-бабының 18-тармағына сəйкес шығып қалу көрсетілген, пайдалануға берілген I топ объектісінің оны пайдалану уақытша тоқтатылғаннан кейінгі бастапқы құны:

1) осы Кодекстің 279-бабының 18-тармағына сəйкес айқындалған шығып қалу құнының; жəне

2) осы Кодекстің 281-бабына сəйкес осы объектінің құндық балансын ұлғайтуға жатқызылған жағдайда, тіркеп-белгіленген активтер бойынша кейінгі шығыстар сомасы ретінде айқындалады.

15. Инвестициялық салықтық преференциялар жойылған активтер инвестициялық салықтық преференцияларды қолдану басталған күннен бастап осы параграфқа сəйкес тіркеп-белгіленген активтер ретінде есепке алынады.

16. Осы Кодекстің 284-бабының 5-тармағына сəйкес инвестициялық бақылау кезеңі ішінде салықтық преференциялар жойылмай қолданылған объектіні тіркеп-белгіленген активтердің құрамына енгізу жолымен келіп түскен тіркеп-белгіленген активтің бастапқы құны нөлге тең.

17. Лизинг шартынан басқа, мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша алынған мүлікке қатысты салық төлеуші шеккен жөндеу, реконструкциялау, жаңғырту, күтіп-ұстау жөніндегі шығындар жəне басқа да шығындар, лизинг шартынан басқа, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша алынған мүлікке қатысты жұмсалған, ұзақ мерзімді актив ретінде танылған кейінгі шығыстар түріндегі тіркеп-белгіленген активтің бастапқы құны болып табылады.

Осы тармаққа сəйкес бухгалтерлік есепке алуда ұзақ мерзімді актив ретінде танылған күні жұмсалған, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес оның құнын ұлғайтатын шығындар есепке алынады.

18. Лизинг нысанасы алынған құн лизинг шарты бойынша келіп түскен тіркеп-белгіленген активтің бастапқы құны болып табылады.

19. Бұрын лизинг нысанасы болған тіркеп-белгіленген активтің бастапқы құны - оны лизинг алушы лизинг берушіге қайтарған кезде:

бұрын лизинг нысанасы лизинг шарты бойынша лизинг алушыға берілген құн жəне

лизингтің осы нысанасы берілген күннен бастап қайтарылған күнге дейінгі кезеңде лизингтік төлемдер сомасына енгізілген лизинг нысанасының құны арасындағы оң айырма болып табылады.

 

278-бап. Арнаулы салық режимдерін қолданған салық төлеушілердің тіркеп-белгіленген активтер бойынша шегерімдерді қолдану ерекшеліктері

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген салық салу тəртібіне ауысқан кезде, тіркеп-белгіленген активтердің амортизацияның есеп айырысу сомасына азайтылған сатып алыну құны олардың бастапқы құны болып табылады.

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 286-бабының 2), 13) жəне 16) тармақшаларында жəне 287-бабында көрсетілген шығындардан (шығыстардан) басқа, активтің пайдаланылуы басталғанға дейін жасалған сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға жəне жаңғыртуға арналған шығындардың жиынтығы сатып алу құны болып табылады.

Егер актив бұрын өтеусіз алынған болса, осы баптың мақсатында оның осы Кодекстің 724-бабының 2-тармағына сəйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне қосылған құны осындай активті сатып алу құны болып табылады.

Қайырымдылық көмек, мұрагерлік түрінде алынған активтер бойынша, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, активтің осы активке меншік құқығы туындаған күнгі Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сəйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған нарықтық құны активті сатып алу құны болып табылады.

Амортизацияның есеп айырысу сомасы мынадай шамалардың:

осы тармаққа сəйкес айқындалған активті сатып алу құнының;

осы баптың 3-тармағында көзделген амортизацияның шекті айлық нормасының;

осындай салық төлеуші активті алғаш пайдалануға енгізген күннен бері өткен айлар санының көбейтіндісі ретінде айқындалады.

2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тіркеп-белгіленген активтің пайдалануы басталғаннан кейін жасалған оны реконструкциялауға жəне жаңғыртуға арналған шығыстар, амортизацияның есеп айырысу құнына азайтылған, осы Кодекстің 286-бабының 2), 13 жəне 16) тармақшаларында жəне 287-бабында көрсетілген шығындардан (шығыстардан) басқа, осындай шығыстардың сомасына тең бастапқы құны бар жеке тіркеп-белгіленген актив болып танылады.

Амортизацияның есеп айырысу сомасы мынадай шамалардың:

осы тармаққа сəйкес айқындалған реконструкциялауға жəне жаңғыртуға арналған шығыстар сомасының;

осы баптың 3-тармағында көзделген амортизацияның шекті айлық нормасының;

реконструкциялау, жаңғырту аяқталған күннен бері өткен айлар санының көбейтіндісі ретінде айқындалады.

Осы тармақтың, осы Кодекстің 390-бабы 3-тармағының жəне 591-бабы 6-тармағының мақсаттары үшін нəтижелері бір мезгілде:

негізгі құралдың конструкциясын өзгерту, оның ішінде жаңарту;

негізгі құралдың қызмет мерзімін үш жылдан астам уақытқа ұзарту;

реконструкциялауды жəне жаңғыртуды жүзеге асыру үшін негізгі құрал пайдаланудан уақытша шығарылған күнтізбелік айдың басындағы техникалық сипаттамаларымен салыстырғанда осы негізгі құралдың техникалық сипаттамаларының жақсаруы болып табылатын реконструкциялау жəне жаңғырту реконструкциялау жəне жаңғырту деп танылады.

3. Тіркеп-белгіленген актив осы Кодекстің 276-бабының 1-тармағына сəйкес енгізілуге жататын топқа қарай амортизацияның мынадай айлық нормалары қолданылады:

 

 

Реконструкциялау жəне жаңғырту нəтижесінде құрылған тіркеп-белгіленген актив осы баптың 2-тармағын қолдану мақсаттарында реконструкциялауға жəне жаңғыртуға ұшыраған тіркеп-белгіленген актив енгізілуге жататын топқа енгізіледі.

4. Тіркеп-белгіленген активтердің бастапқы құны мынадай шарттар бір мезгілде орындалған:

оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген салық салу тəртібіне ауысқан;

салық төлеуші оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін күнтізбелік 12 айдан аз уақыт қолданған;

салық төлеуші оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміне немесе шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режиміне ауысқанға дейін жалпыға бірдей белгіленген салық салу тəртібін қолданған кезде осы тармаққа сəйкес айқындалады.

Тіркеп-белгіленген активтердің бастапқы құны оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі немесе шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі қолданыла бастаған күннің алдындағы күнгі I топ объектісінің құндық балансының жəне (немесе) топтың (II, III немесе IV топтар бойынша) құндық балансының жəне оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі немесе шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі қолданылған кезеңде осы Кодекстің 275 - 277 жəне 279 - 282-баптарына сəйкес айқындалған тіркеп-белгіленген активтер бойынша шегерімдердің мөлшері негізге алына отырып айқындалады.

 

279-бап. Тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалуы

1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, мыналар:

1) толық амортизация жəне (немесе) құнсыздану салдарынан танылуы тоқтатылған, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша берілген жағдайларды қоспағанда, осы активтерді бухгалтерлік есепке алуда негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес жəне биологиялық активтер ретінде тануды тоқтату;

2) осы активтерді лизинг шарты бойынша беру;

3) осы активтерді сатуға арналған активтердің, запастардың құрамына ауыстыру;

4) жалға берушіде - мына:

қолданылу кезеңінде жалға алушыға берілген мүлік жалға берушіде тіркеп-белгіленген актив болып табылатын; жəне

шарт тоқтатылғаннан кейін - жалға берушінің бухгалтерлік есеп алуында тіркеп-белгіленген активтерге жатпайтын актив деп танылған мүліктік жалдау (жалға алу) шартының тоқтатылуы тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалуы болып табылады.

2. Мыналар:

1) жоғалуына, бүлінуіне байланысты тіркеп-белгіленген активтердің II, III, IV топтарына енгізілген сақтандырылмаған активті бухгалтерлік есепке алуда тануды тоқтату;

2) маусымдық өндірісте пайдаланылатын I топтың тіркеп-белгіленген активтерінің кірісін алуға бағытталған қызметте пайдалануды уақытша тоқтату;

3) активті пайдаланудан уақытша шығарудың жəне оны пайдалануды уақытша тоқтатқаннан кейін пайдалануға берудің салықтық кезеңдері сəйкес келген жағдайда I топтың тіркеп-белгіленген активтерінің кірісін алуға бағытталған қызметте пайдалануды уақытша тоқтату;

4) II, III жəне IV топтардың тіркеп-белгіленген активтерінің кірісін алуға бағытталған қызметте пайдалануды уақытша тоқтату тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалуы болып табылмайды.

Осы параграфтың мақсаттары үшін:

тіркеп-белгіленген активтерді пайдалануды уақытша тоқтатуға тіркеп-белгіленген активтерді бухгалтерлік есепке алуда негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес жəне биологиялық активтер ретінде тануды тоқтатпай, мұндай активтерді пайдаланудан уақытша шығару жатады;

бір мезгілде мынадай:

пайдалану туралы техникалық құжаттамада көрсетілген талаптарға байланысты есепті кезеңнің соңында белгілі бір температуралық режимдерде пайдаланылмайтын;

күнтізбелік жылдың белгілі бір, бірақ үш айдан кем емес кезеңі ішінде климаттық, табиғи немесе технологиялық жағдайларға байланысты өндірістік процеске қатысатын;

есепті салықтық кезеңде кіріс алуға бағытталған қызметте пайдаланылған деген шарттарға сəйкес келетін I топтың тіркеп-белгіленген активтері маусымдық өндірісте пайдаланылатын I топтың тіркеп-белгіленген активтері болып табылады.

3. Тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалуын салық салу мақсаттарында тану шығып қалған активтерді тіркеп-белгіленген активтердің құрамынан алып тастауды білдіреді.

Шығып қалған активтерді тіркеп-белгіленген активтер құрамынан алып тастау салықтық кезеңнің басындағы I топ объектілерінің жəне (немесе) топтардың тиісті құндық балансын тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалу құнына азайту жолымен жүзеге асырылады.

4. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалу күніне халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес айқындалған баланстық құны олардың шығып қалу құны болып табылады.

5. Мыналар:

1) егер кəсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шартын қоса алғанда, сатып алу-сату шартында өткізу құны тіркеп-белгіленген активтер объектілері бөлінісінде айқындалса - қосылған құн салығын қоспағанда, тіркеп-белгіленген активтерді өткізу құны;

2) егер кəсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шартын қоса алғанда, сатып алу-сату шартында өткізу құны тіркеп-белгіленген активтер объектілері бөлінісінде айқындалмаса - өткізілген тіркеп-белгіленген активтердің өткізу күніне халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес айқындалған баланстық құны, лизинг шарты бойынша беруден басқа, тіркеп-белгіленген активтерді өткізу кезінде олардың шығып қалу құны болып табылады.

6. Лизинг нысанасы лизинг шартына сəйкес берілген құн тіркеп-белгіленген активтерді осындай шарт бойынша беру кезінде олардың шығып қалу құны болып табылады.

7. Берілген активтерді қабылдау-беру актісінде көрсетілген, бірақ беру күніне бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша олардың баланстық құнынан кем емес құны тіркеп-белгіленген активтер өтеусіз берілген кездегі олардың шығып қалу құны болып табылады.

8. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сəйкес айқындалатын құн тіркеп-белгіленген активтер жарғылық капиталға салым ретінде берілген кездегі олардың шығып қалу құны болып табылады.

9. Мыналар:

қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада берілген активтердің беру актісінде көрсетілген баланстық құны; не

беру актісінде көрсетілген, қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салықтық есепке алу деректері бойынша берілетін тіркеп-белгіленген активтердің құны бірігу, қосылу немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғадан тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалу құны болып табылады. Ол үшін салық төлеушілер беру актісінде берілетін тіркеп-белгіленген активтердің мынадай құнын көрсетуге құқылы:

1) I топтың тіркеп-белгіленген активтері бойынша - салықтық кезеңнің соңындағы I топ объектісінің қалдық құны;

2) топтың барлық тіркеп-белгіленген активін беру шартымен II, III, IV топтардың тіркеп-белгіленген активтері бойынша - салықтық кезеңнің соңындағы топтың тиісті құндық балансының шамасы.

10. Берілген активтердің бөлу балансында көрсетілген баланстық құн бөлу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғадағы тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалу құны болып табылады.

11. Құрылтайшылардың, қатысушылардың келісімі бойынша айқындалған құн мүлікті құрылтайшы, қатысушы алып қойған кезде тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалу құны болып табылады.

12. Мыналар:

1) сақтандыру болған кезде - сақтандыру (қайта сақтандыру ) шартына сəйкес сақтанушыға, сақтандырылушыға, пайда алушыға төленетін сақтандыру төлемдерінің сомасына тең құн;

2) сақтандыру болмаған кезде - салықтық кезеңнің соңындағы I топ объектілерінің қалдық құны тіркеп-белгіленген активтердің жоғалуына, бүлінуіне байланысты бухгалтерлік есепке алуда активті тану тоқтатылатын кездегі олардың шығып қалу құны болып табылады.

13. Тіркеп-белгіленген активтердің осы актив құрамына енгізілген бастапқы құн мен лизинг нысанасы алынған күнінен бастап қайтарылған күніне дейінгі кезең үшін лизинг нысанасының лизингтік төлемдер сомасына енгізілген құны арасында оң айырма лизинг алушыда лизинг нысанасы болып табылатын тіркеп-белгіленген актив лизинг берушіге қайтарылған кездегі оның шығып қалу құны болып табылады.

14. Мыналар:

1) I топ бойынша - салықтық кезеңнің соңындағы тіркеп-белгіленген активтердің қалдық құны;

2) II, III жəне IV топтар бойынша - беру күніне халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес айқындалған баланстық құн тіркеп-белгіленген активтер мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша сенімгерлік басқаруға берілген кездегі олардың шығып қалу құны болып табылады.

15. Мыналар:

1) I топ бойынша - салықтық кезеңнің соңындағы тіркеп-белгіленген активтердің қалдық құны;

2) II, III жəне IV топтар бойынша:

топтың барлық активін беру кезінде - салықтық кезеңнің соңындағы топтың құндық балансының шамасы;

қалған жағдайларда - тіркеп-белгіленген активтердің құрамына енгізілген берілетін активтердің амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған бастапқы құны сенімгерлік басқару жөніндегі міндеттемелер тоқтатылған кезде сенімгерлік басқарушыда тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалу құны болып табылады. Бұл ретте амортизациялық аударымдар тіркеп-белгіленген активтердің тиісті тобы үшін осы Кодексте көзделген, алдыңғы кезеңдердегі амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған бастапқы құнға қолданылатын амортизацияның шекті нормасы негізге алына отырып, есепті салықтық кезеңнің алдындағы сенімгерлік басқарудың əрбір салықтық кезеңі үшін есептеледі.

16. Мыналар:

1) I топ бойынша - салықтық кезеңнің соңындағы I топ объектісінің қалдық құны;

2) II, III жəне IV топтар бойынша:

барлық активті беру кезінде - салықтық кезеңнің соңындағы топтың құндық балансының шамасы;

қалған жағдайларда - тіркеп-белгіленген активтердің құрамына енгізілген берілетін активтердің амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған бастапқы құны концессия шарты тоқтатылған жағдайда тіркеп-белгіленген активтер концедентке берілген кездегі олардың шығып қалу құны болып табылады. Бұл ретте амортизациялық аударымдар:

амортизация нормалары белгіленген жағдайда - концессия объектілерін пайдалану жүзеге асырылған салықтық кезеңдер үшін тіркеп-белгіленген активтерді есепке алу бойынша концессионердің салықтық тіркелімінде белгіленген осындай амортизация нормалары негізге алына отырып, есепті салықтық кезеңнің алдындағы əрбір салықтық кезең үшін есептеледі. Концессионер белгілеген амортизация нормалары тіркеп-белгіленген активтердің тиісті тобы үшін осы Кодексте көзделген амортизацияның шекті нормаларынан аспауға тиіс;

концессионер белгілеген амортизация нормалары болмаған кезде - тіркеп-белгіленген активтердің тиісті тобы үшін осы Кодексте көзделген амортизацияның шекті нормасы негізге алына отырып, есепті салықтық кезеңнің алдындағы əрбір салықтық кезең үшін есептеледі.

17. Мүліктік жалдау (жалға беру) шарты тоқтатылған күнге бухгалтерлік есепте танылған активтің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес айқындалған баланстық құны берілген мүлік жалға берушіде осындай шарттың қолданылу кезеңінде жалға берушіде тіркеп-белгіленген актив болып табылған, ал шарт тоқтатылғаннан кейін жалға берушінің бухгалтерлік есепке алуында тіркеп-белгіленген активтерге жатпайтын актив деп танылған осы шарт тоқтатылған кездегі жалға берушіде тіркеп-белгіленген активтің шығып қалу құны болып табылады.

18. Салықтық кезеңнің соңындағы I топтың тіркеп-белгіленген активінің қалдық құны, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кіріс алуға бағытталған қызметте пайдаланылуы уақытша тоқтатылған кезде оның шығып қалу құны болып табылады.