«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 11 ақпандағы № 29 бұйрығы
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 22 қарашадағы № 64 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығымен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу қағидаларын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу туралы хабарландыру мәтінінің үлгісі осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтініш нысаны осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне кандидатпен әңгімелесу парағы нысаны осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясының «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне кандидатпен әңгімелесу парағы нысаны осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «А» корпусының кадр резервіне кандидаттың қызметтік тізімінің нысаны осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтардың күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Мемлекеттік қызмет департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресми жариялануын;