(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІР КЕЛТІРЕТІН ТӘРТІПТІК ТЕРІС...

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 113 бұйрығы

 

Осы редакция 2017 жылғы 26 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 12-бабы 3-тармағының 11-1) тармақшасына сәйкес, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды есепке алуды жүргізу қағидасы бекітілсін.

2. «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2015 жылғы 20 ақпандағы № 36 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10347 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.