(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АҚТАУ ҚАЛАСЫНДА СТАЦИОНАРЛЫҚ ЕМЕС САУДА ОБЪЕКТІЛЕРІ...

Ақтау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № 1293 Қаулысы

(2023.22.08. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 6 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2023.08.08. № 11-07/1349 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 22 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Ақтау қаласында жеміс-көкөніс және бақша өнімдерімен сауданы жүзеге асыру үшін стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Ақтау қаласында жеміс-көкөніс және бақша өнімдерімен сауданы жүзеге асыру үшін стационарлық емес сауда объектілерінің маршруттары айқындалсын және бекітілсін.

3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес Ақтау қаласында жүгері, балмұздақ, алкогольсіз сусындармен сауданы жүзеге асыру үшін стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

4. Осы қаулының 4 қосымшасына сәйкес Ақтау қаласында жүгері, балмұздақ, алкогольсіз сусындармен сауданы жүзеге асыру үшін стационарлық емес сауда объектілерінің маршруттары айқындалсын және бекітілсін.

5. Осы қаулының 5 қосымшасына сәйкес Ақтау қаласында кваспен сауданы жүзеге асыру үшін стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.