Кейбір бірлескен бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 158-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 23 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бірлескен бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнен кейін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция, ұлттық экономика министрліктерінің жетекшілік ететін вице-министрлеріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу комитеті.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 3 сәуірдегі
№ 23 мен
Қазақстан Республикасы
Сауда және
интеграция министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 3 сәуірдегі
№ 158-НҚ бірлескен бұйрығына
қосымша
Өзгерістер енгізілетін кейбір бірлескен бұйрықтардың тізбесі