Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы
(2025.26.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 ж. 23 қаңтардағы № 12 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 1 қыркүйектен бастап 1, 5 сыныптар үшін, 2027 ж. 1 қыркүйектен бастап 2, 6 сыныптар үшін, 2028 ж. 1 қыркүйектен бастап 3, 7 сыныптар үшін, 2029 ж. 1 қыркүйектен бастап 4, 8 сыныптар үшін, 2030 ж. 1 қыркүйектен бастап 9 сыныптар үшін енгізіледі)
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.04.10. № 303 бұйрығымен (2023 ж. 7 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді және 2023 ж. 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара); 2025.23.01. № 12 бұйрығымен (2025 ж. 8 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.04. № 74 бұйрығымен (2025 ж. 2 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 7- қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.