«Ақсу қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 313/42 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2020 жылғы 17 маусымдағы № 425/62 шешімі (күші жойылды)

Ақсу қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 313/42 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2020 жылғы 17 маусымдағы № 425/62 шешімі

 

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 40/5 шешімімен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ақсу қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 313/42 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6373 болып тіркелген, 2019 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу қалалық мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.