«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 30 қазандағы № 303 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 30 қазандағы № 303 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 17 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.»;

5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Комитетке Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

6. Комитет өз құзыреті мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Комитет құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес бекітіледі.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Комитет кәсіпкерлік субъектілерімен Комитет функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.

Егер Комитетке Қазақстан Республикасының Заңдарымен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.»;

14-тармақта:

құқықтарда:

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.