Телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 89/1 бұйрығы
(2015.23.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 7 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015.23.10. № 1005 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың орнатылған тәртіпке сәйкес ресми түрде жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.О. Қырықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми түрде алғашқы жарияланған күнінен кейінгі он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.