«Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерді және олардың орынбасарларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Вице-министрінің - Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 144 бұйрығы (күші жойылды)

«Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерді және олардың орынбасарларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Вице-министрінің - Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 144 бұйрығы

 

ҚР Вице-министр - Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 236 бұйрығымен күші жойылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 37-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 65-бабының 3-тармағына және «Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерді айқындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 903 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерді және олардың орынбасарларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Әкімшілік-аумақтық бірліктердің (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерді және олардың орынбасарларын айқындау туралы»;

2-тармақ алынып тасталсын;

көрсетілген бұйрыққа қосымшада:

мынадай жолдар:

«

»

мынадай редакцияда жазылсын:

«

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.