Цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінде цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мәмілелерді тіркеу және осы мәмілелерді орталық депозитарийдің бағалы қағаздар мен цифрлық қаржы активтерін ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде көрсету қағидаларын, цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды есепке алу ерекшеліктерін, цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды растау шарттары мен қағидаларын, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтар кепілін тіркеу қағидалары мен ерекшеліктерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 78 Қаулысы
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 40-2-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінде цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мәмілелерді тіркеу және осы мәмілелерді орталық депозитарийдің бағалы қағаздар мен цифрлық қаржы активтерін ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде көрсету қағидалары, цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды есепке алу ерекшеліктері, цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды растау шарттары мен қағидалары, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтар кепілін тіркеу қағидалары мен ерекшеліктері (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.