«ҚР төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 25-ПГВр Қаулысы
Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі - КВИ) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
І. Елге кіретін орындардағы шектеу іс-шаралары
1. Тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Көліктегі департаменті, аумақтық департаменттері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелері:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы барлық өткізу пункттерінде барлық адамдарға (жолаушылар, тасымалдаушылар, экипаж мүшелері, бортсеріктер және басқалар) міндетті термометрия және сауалнама жүргізу арқылы санитариялық-карантиндік бақылау жүргізуді;
2) сауалнамаларды рейс келгеннен кейін екі сағат ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің веб қосымшасына бере отырып, оларды тану жүйесінің деректерін өңдеуді жүргізуді;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы аумақтық өткізу пункттеріндегі санитариялық-карантиндік пункттердің мамандарын тәулік бойы жұмыс режимін ескере отырып, жеке қорғаныш құралдарымен (респираторлар, қорғаныш көзілдіріктері, I-II типті қорғаныш (обаға қарсы) костюмдері немесе бір рет қолданылатын қорғаныш (обаға қарсы костюмдері) және дезинфекциялық құралдармен жабдықтауды;
4) тасымалдаушылар мен жолаушылар арасында КВИ-дың таралуының профилактикасы және алдын алу бойынша көліктік бақылау бекеттерінде санитариялық-ағарту және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;
5) КВИ-дың таралуының алдын алу жөніндегі көрнекі үгіт парақтарын орналастыруды ұйымдастыруды, сондай-ақ КВИ-дың профилактикасы мәселелері бойынша дауысзорайтқыш байланысы арқылы жолаушыларды хабардар етуді;