(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ШЫҒЫСТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЫНЫПТАМАСЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН...

Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығы

(2016.26.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2017 жылғы 17 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 97-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесі бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

ҚР Қаржы министрінің 2016.14.03. № 119 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2016.02.06. № 278 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2016.23.12. № 610 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2016.26.12. № 688 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді

Қазақстан Республикасы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.