«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің орталық аппаратының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 1114 бұйрығына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 227 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2024 жылғы 1 қазандағы № 821 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 13-бабы 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің орталық аппаратының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы 2014 жылғы 28 қазандағы № 1114 бұйрығына мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің орталық аппаратының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары:
«Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының сарапшысы С-5 санаты (2 бірлік), № 14-0-4, № 14-0-5» деген бөлімде «Білімі» деген жол «немесе қаржы» деген жолмен толықтырылсын;
осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа бөліммен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің орталық аппаратының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарының бүкіл мәтіні бойынша «Жұмыс тәжірибесі» деген жол мына редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 58 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 қаңтарда № 10080 тіркелген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. Компьютерде жұмыс істей білуі.».
2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
Б. Имашев |