«Шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 154 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 122 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шикі мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 154 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16960 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 144-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеуі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеуі (бұдан әрі – Жүйе) тәртібін айқындайды.»;
1-тармағының алтыншы - он бесінші абзацтары 2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шикі мұнай және газ конденсаты айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілер (бұдан әрі – субъектілер) көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға Кодекстің 144-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес тұтынушыға беруге дайындалған айналымдағы шикі мұнайдың және газ конденсатының мөлшері туралы деректерді есепке алу жүйелеріне (бұдан әрі – Субъектілердің жүйелері) қолжетімділік ұсынады.