«Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 108 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 19 шілдедегі № 324-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18680 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру тәртібін айқындайды.»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) міндетті теле-, радиоарна - цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату желілерін және телекоммуникация желілерінде телерадио хабарларын таратуды қоспағанда, уәкілетті орган бекіткен тиісті тізбеге кіретін, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көпарналы хабар тарату арқылы таратылуға міндетті теле-, радиоарна;»;
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) - масс-медиа саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның жанында құрылған телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган;
6) масс-медиа саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) -масс-медиа саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.»;