«Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 234 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 208 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 234 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10830 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Зиянды және қауіпті өндірістік факторларымен жұмысқа, сондай-ақ жерасты жұмыстарына адамдарды қабылдауды олар алдын ала медициналық қарап-тексеруден өткеннен кейін және денсаулығының жай-күйі бойынша қарсы көрсеткіштердің болмауы анықталғаннан кейін жұмыс беруші жүзеге асырады»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Жұмыскер медициналық қарап-тексеруден жалтарған жағдайда немесе өткізілген қарап-тексеру нәтижелері бойынша ұсынымдарды орындамаса, жұмыскер Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес еңбек міндеттерін орындаудан шеттетіледі».