(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕ...

 Осы редакция 2019 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Қаржы министрінің 2017.27.09. № 582 бұйрығымен 9-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы 19 қаңтардағы

№ 56 бұйрығына

9-қосымша

 

 

Мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің
қызметтік куәлігінің сипаттамасы, сондай-ақ оларды беру
қағидалар
ы

(2018.05.11. берілген өзгерістермен)

 

 

1 Тарау. Жалпы ереже

 

1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы, сондай-ақ оларды беру қағидалары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 20-бабына сәйкес әзірленді.

2. Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің қызметтік куәлігі оның атыс қаруын, арнайы құралдарын тасуға және сақтауға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерге ұсынылған өзге өкілеттіктерге құқығы барын растайды.

ҚР Қаржы министрінің 2018.05.11. № 966 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - Комитет) төрағасы, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана Мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшылары (бұдан әрі - уәкілетті басшы) қол қойған қызметтік куәлік мемлекеттік кірістер органдарының барлық әкімшілік ғимаратына кіруге рұқсат береді.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу
қызметі қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

 

4. Мемлекеттік кірістер органдары экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері пластикалық куәліктер жиектерінен 3 миллиметр радиуспен жұмырланған 70 миллиметр*100 миллиметр мөлшерінде ақ глянцті пластиктен жасалады.

5. Куәлік пластик материалдан жасалған және екі беттен: негізгі мен қосымша парақтан тұрады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.