«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 283-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 11 шілдедегі № 302-НҚ бұйрығы

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 283-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 11 шілдедегі № 302-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 283-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33114 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 253) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 253) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын (бұдан әрі - грант) беру тәртібін айқындайды.»;

6-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) «Ғылым» - жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;»;

4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«4) «Бизнес» - жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;

5) «Медиа» - жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;»;

мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) Волонтерлік - өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.»;

мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.