«Ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді сыныптау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 213 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 571 бұйрығы

«Ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді сыныптау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 213 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 571 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді сыныптау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 213 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6969 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 маусымдағы № 87 (1903) «Заң газетінде» жарияланған) мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді сыныптау қағидасында:

10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұл ретте шетелдік кеме жасаушы ұйыммен жүзеге асырылатын кемені жасау, жаңғырту және жөндеу кеме иесінің бастамасы бойынша ұсынылады.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Бұрын келісілген техникалық құжаттамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Кеме қатынасы тіркелімімен келісуге жатады.»;

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Көрсетілген техникалық бақылау жүргізудің шарттарын осы Қағиданың 23-тармағында орындамаған кезде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері үш күн мерзім ішінде Кеме қатынасы тіркеліміне техникалық бақылау жүргізуден бас тартудың жазбаша негіздемесін жолдайды.»;

32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«32. Кеме қатынасы тіркелімінің бақылауынсыз жасалған кемені техникалық есепке қою үшін қажетті құжаттар:

1) кеме атауы, болжамды жүзу ауданы көрсетілген кеме иесінің өтініші;

2) кеменің меншік құқығын растайтын құжаттар (түпнұсқа және көшірме);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.