«Баға статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 137 бұйрығы (2016.29.11. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Баға статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 137 бұйрығы

(2016.29.11. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 13 қарашадағы № 169 бұйрығымен 2018 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

 «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016.29.11. № 281 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) «Заңды тұлғаларға көрсетілген курьерлік қызметтердің тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1931101, индексі 1-тариф (курьер), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

2) «Заңды тұлғаларға көрсетілген курьерлік қызметтердің тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1931101, индексі 1-тариф (курьер), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;

3) «Заңды тұлғаларға көрсетілген пошталық қызметтердің тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1621101, индексі 1-тариф (пошта), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.