«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 «Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 5 қарашадағы № 291 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 «Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 5 қарашадағы № 291 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесі бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекетік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) мынадай өзгертулер енгізілсін:

тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

«Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы»

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесі бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесінде:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін есептеу әдістемесі»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасының Экология кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 365-бабы 4-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және тұрмыстық қатты қалдықтарды (бұдан әрі - ТҚҚ) жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеуге арналған.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.