«Электрондық үкімет» архитектурасын қалыптастыру және іске асыру мониторингі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 193/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 26 маусымдағы № 371/НҚ бұйрығы

«Электрондық үкімет» архитектурасын қалыптастыру және іске асыру мониторингі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 193/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 26 маусымдағы № 371/НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Электрондық үкіметтің» архитектурасын қалыптастыру және іске асырылуын мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 193/НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19249 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Электрондық үкімет» архитектурасын қалыптастыру және іске асырылуын мониторингілеу қағидаларына:

1-тармақтың үшінші және төртінші абзацтары 2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«6. «Электрондық үкiметтiң» архитектурасын дамыту «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.»;

17-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«17. МО Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 129 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13282 болып тіркелді) бұйрығымен бекітілген Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес (бұдан әрі - Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидаларына, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерге сәйкес архитектурамен айқындалған АКТ жобаларды іске асыруды жүзеге асырады.»;

18-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.