«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 328 Жарлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігін қайта ұйымдастыру туралы

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 3), 5) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 17-1-бабынасәйкес, Мемлекеттік қызмет жүйесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды одан әрі жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі оны Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлық көріністерінің жүйелі алдын алу және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасының сақталуын бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады деп белгіленсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.